Кіші жүз – Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы.
Қазақ халқының этникалық құрамына енеді.
Кіші жүз Қазақ хандығының еншісіндегі жер 1731 жылдан бастап Ресей империясының құрамында | ||||
| ||||
---|---|---|---|---|
XX ғасырдың басындағы көшпенді Ұлы жүздердің қоныстанған жерлері. Кіші жүз картада жасыл түспен белгіленген | ||||
Астанасы | 1704–1730 Қарнақ 1730–1786 Ырғыз 1786–1824 Орынбор | |||
Тіл(дер)і | қазақ тілі, араб тілі | |||
Халқы | қазақтар | |||
Мирасқорлық | ||||
← Қазақ хандығы Ресей империясы → |
Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Ноғай Ордасынан бөлінген алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты олар ел арасында “Кіші жүз – алшын” деп атанған. Оның құрамына үш бірлестік кіреді:
Осы уақытта Бөкей ордасына Астрахан маңайын мекендеген ноғайлар Бөкей ханның қолдауымен көше бастайды. Әлі күнге дейін Кіші жүз қазақтарының арасында руға кірмейтін Ноғай-Қазақ руы бар.
Кіші жүз құрамына енген тайпалар мен рулар 15-ші ғасырдың екінші жартысы мен 20-шы ғасырдың басында, негізінен, Қазақстанның батыс өңірін мекендеп, қазақ халқының этногенезіне ұйытқы болды. Әр кезеңдегі дүрбелеңді оқиғалар, қоғамдық сілкіністер (жаугершілік жорықтар, “Ақтабан шұбырынды”, Отан қорғау, ұлт-азаттық соғыстар, әсіресе, 20-шы ғасырдағы большевизм асыра сілтеулерінен туындаған қуғын-сүргін, ашаршылықтар мен толқулар, т.б.) салдарынан жекелеген рулар мен аталар Орта жүз бен Ұлы жүздің тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріне, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шет елге (Иран, Ауғанстан, т.б.) көшіп барып қоныстанды. Осындай көші-қон, араласулар нәтижесінде тайпалық одақтардың алғашқы құрылған кездегі мәні жойылып, біртұтас қазақ халқының қалыптасуын объективті ақиқатқа айналдырды.
Сырдария аймағы , Арал теңізінің жағалауы, Каспий теңізі айналасы, қазіргі Батыс Қазақстан өңірі (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары) жерлерін мекендейді.
Кіші жүздің рулық-тайпалық құрамы төмендегідей:
Тайпа бірлестігі | Алшын | Жетіру | |
---|---|---|---|
Тайпа | Әлімұлы | Байұлы | |
Рулар |
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Кіші жүз қазақтарының саны шамамен 1 млн. 100 мың адамға жететін. Мұхамеджан Тынышбаевтың 1925 жылы Ташкентте жарық көрген еңбегіне сәйкес алшындар қазақ халқының 2/5 бөлігін құрайтын.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Кіші жүз, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.