Неміс Тілі

Неміс тілі (нем.

Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына жатады. Неміс тілінің тарихын көне жоғары (8 – 11 ғ-лар), орта жоғары (12 – 13 ғ-лар), ертедегі жаңа жоғары (14 – 16 ғ-лар) дәуір деп үшке бөледі. Германияда, Аустрияда, Лихтенштейнде, Швейцарияда, Люксембургте қолданысқа енген тіл. Германияда, Аустрияда, Лихтенштейнде мемлекеттік тіл болып саналады Ал Швейцарияда, Люксембургте және Бельгияда кейбір аймақтары үшін ресми тіл болып саналады. Неміс тілі ағылшын және голланд тілдеріне туыстық қатынастары бар. Неміс тілі әлемдегі негізгі тілдердің бірі және Еуропа Одағындағы ана тілі ретінде ең көп сөйленетін тіл. Кейбір есептемелер бойынша бұл тілді ана тілі ретінде 87 миллион адам қолданады.

Неміс Тілі
Неміс Тілі

Тарихы

Неміс Тілі 
Неміс тіліндегі шығарма.
Толық мақаласы: Неміс тілінің тарихы

Құрылымы

Неміс тілінде 16 дауысты, 3 дифтонг, 19 дауыссыз және 3 аффрикат фонема бар. Дауыстылар қысқа және созылыңқы, ашық және жабық айтылады да сөз мағынасына әсер етеді: kam – “тарақ”, kām – “келді”, mer – “аңыз”, mēr – “теңіз”. Дауыссыздары шұғыл, ызың, діріл болып бөлінеді. Дауыстыларға тән ерекшелік – умлаут, сыну және аблаут. Олар қосымша морфол. функция – жекеше, көпше, жақ, рай мағыналарын білдіреді. Екпін сөздің түбір буынына, көбінесе бірінші буынға түседі. Сөз қорын байытуда, термин жасауда сөз біріктіру тәсілінің маңызы зор. Неміс тілінде етістіктің шақ категориясының 6 түрі бар: презенс – осы шақ, имперфект, перфект, плюсквам-перфект – өткен шақ; футурум 1, футурум 2 – келер шақта Сөйлемде баяндауыш 2-орында, бастауыш баяндауыштың не алдынан, не соңынан тұрады.

Дереккөздер

  • Гухман М.М., От языка немецкой народности к немецкому национальному языку, ч. 1 – 2, М.–Л., 1955 – 59;
  • Жирмунский В.М., Немецкая диалектология, М.–Л., 1956;
  • Жирмунский В.М., История немецкого языка, М., 1965;]
  • Москальская О.И., Грамматика современного немецкого языка, М., 1972;
  • Tatsacheh ьвer Deufsehland, Socіets – Verlag, Frankfurt – Main, 2000.

Тағы қараңыз

Tags:

Неміс Тілі ТарихыНеміс Тілі ҚұрылымыНеміс Тілі ДереккөздерНеміс Тілі Тағы қараңызНеміс Тілі1000000 (сан)Ана тіліАустрияАғылшын тіліБельгияГерманияЕуропа ОдағыЛихтенштейнЛюксембургШвейцарияҮнді-Еуропа тілдері

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ұлы Жібек жолыҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыСалқам Жәңгір ханҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҮркерМоңғол шапқыншылығыЛаңкестік әрекетХимия өнеркәсібіҚызанақӨзбекәлі ЖәнібековСүтқоректілерБасты бетАқбөкенБаяндауышАқсу-Жабағылы қорығыБәдікҚызыл кітапСептік жалғауҚасым ҚайсеновҒарышРим империясыБлокчейнҚызғалдақМөде қағанСөйлем мүшелеріЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларАғзалар арасындағы байланыс түрлеріМетонимияСаяси партияЖұмбақтасЭндемикҚазақстан Республикасының КонституциясыФутболКүнделік.кзАқуызАс қорыту жүйесіХимиялық элементтер тізіміАсқазан ауруларыБірінші дүниежүзілік соғысИспанияТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевЭкологиялық туризмМәтінАлмаҚазақстан азамат соғысы жылдарындаӘмір ТемірДәнеш РақышевТатулықЖер сілкінуБақбақҚажығали МұханбетқалиұлыБір жасушалыларТәуекел ханЖердің айналуыБуддизмҚазақстанның Қызыл кітабыҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстан аудандарыШығыс ҚазақстанҚорқыт атаАбай ҚұнанбайұлыҒұндар мемлекетіЖіктік жалғауМитозКүнбағысЖай сөйлем және оның түрлеріСелекцияДенсаулықТоқырау жылдарындағы ҚазақстанАдам даму индексіБауыр (орган)Асанәлі Әшімұлы ӘшімовЕсім хан саясатыҚазақ хандарыХалықаралық жер күніМысҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміКөлденең жолақты ет ұлпасы🡆 More