Анри Матисс: Француз суретшісі (1869-1954)

Анри Матисс (фр.

Анри Матисс
Henri Matisse
Анри Матисс: Француз суретшісі (1869-1954)
Туған күні

31 желтоқсан 1869 (1869-12-31)

Туған жері

Ле Като Камбрези

Қайтыс болған күні

3 қараша 1954 (1954-11-03) (84 жас)

Қайтыс болған жері

Симьез, Ницца

Азаматтығы

Анри Матисс: Француз суретшісі (1869-1954) Франция

Жанры

суретші, мүсінші

Мектебі

Жюлиан мектебі

Өнер ағымы

фовизм

Өмірбаяны

1891 жылы Париждегі Жюлиан академиясында А.В. Богродан, 1893 жылы Сән өнері, 1895 жылы Әсемдік өнер мектебінде Г.Мородан оқыды. Оның заманы көне дәстүрлі ой-сананың, жаратылыс пен болмыс туралы ұғымның орнына жаңа түсініктердің қалыптасуымен (20 ғасырдың басы), ғылыми-технологиялық және әлеуметтік төңкерістер кезеңімен сай келді. Туындыларындағы жаңа ізденістер оны сурет өнері саласындафовизм” ағымының (1905 — 07) бастаушысы ретінде танытты. Алғашқы шығармаларының бірі “Өмір шаттығы” аталды. Туындыларында өмірдің сәулелі жақтарын бейнелеуге ұмтылып, сол арқылы адамды қуаныш сезіміне тәрбиелеуді мақсат тұтты. Шығыстық халық өнері үлгілері көрініс тапқан, композициясы әуез бен жыр жолдарына негізделе көркем шешіммен аяқталатын “Шоланда тұрған гүл дестесі” (1913), “Сарғайған бас” (1937), “Үлкен қызыл интерьер” (1948), “Мысыр пердесі тұтынған бөлме” (1948) атты шығармалар жазды. 1908 ж. туындылары алғаш рет Нью-Йорк, Берлин, Мәскеу қалалары көрмелеріне қойылды. 1911 ж. С.И. Шукиннің шақыруы бойынша Мәскеуге келді. Суретші Алжир мен Мароккода біраз жыл тұрып, “Марокколық” (1913), “Суретші әйелінің портреті” (1913), “Өрнектегі декоративтік мүсін” (1927) туындыларын салды. Соғыс жылдары салған “Музыка” (1939), “Шашын жайған әйел” (1944), “Ванседегі капелла” суреттері адамзатты тірліктің тұма бастауына, бақытты өмір сүруге шақырады

Шығыс өнері, яғни жапон гравюрасы, сондай-ақ мұсылмандық шығыстың өнері Матисстің декоративтік шығармашылығының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл өнер түрінде әр түрлі түстер әлемі қарама-қарсы қойылған элементтер, жазықтықтағы өрнектердің қиылысуы арқылы жүзеге асырылады. Түстердің көлемнен айырмасы, әр тұрлі тұстердің алмасуы Матисс суреттерінде жиі кездеседі. Ол шығыс, өмерін тек кайталаушы ғана емес, оны жалғастырушы. Матисс парсының миниатюрлі элементтеріне өз нышанын үйлестіріп, шығыс декорациясына батыс динамикасын қосып, эстетикалық әдемі үйлесім тапқан.

Матисстің 1911—1913 жылдардың қысында Шығыста, Мароккода, оның шығармашылығының дамуына үлкен әсер етті.

Калмурада болғанында шығыс киімдерін салса, қайтып келгеннен кейін ол өз суреттерін кілемге ұқсатып сала бастады. Бұл Матисстің Шығыстың табиғатын, адамдары мен тұрмысын бейнелеуіне жол ашты. Матисс ориентализмінің ерекшелігінің өзі осында.

XIX ғасырда Делакруа Декан, Фромантен және басқалары Шығыспен айналыса бастайды. Бірақ Шығыс олар ұшін тек қандай да бір батыс формуласы бойынша өңделген материал ғана болып қалды. Импрессионистер шығыстануда жапон декорациясын қолдан, өзгеше жасап өзгертті. Матисс импрессионистерден алысқа кетті ме? Ол Шығыс декораторларының қилы суреттерін ғана колданып қоймай, өз суреттерінде парсы және араб өрнектерін қолданды.

"Араб кафесі" суретінде адамдар кеңістікке сіңіп кеткендей әсер беріп, әр тұрлі оюларға ұқсайды. Мароккоға барып келгеннен кейін Матисс композициялары бұрынғыдан да жұмбақтана тұсіп, көбінесе иллюзияға ұксаған. Матисс Шығысты қаншалықты шын, айқын көрсеткісі келсе де, Шығыс оған тек қонақұйдің терезесінен көрген суреттей ғана болып қалды. Өйткені Шығыс қаласының тар көшелері, базардағы шым-шытырық қайыршылар мен ауыр жүктен арқалары қайысқан жұк тасушыларды Матисс өз суреттерінде көрсете алмады. Дегенмен де Матисс өз шеберлігімен, суреттерінде сан қилы тұстерді қолдана білуімен өнерде үлкен дәрежеге жетті.

1908—1912 жылдары Матисс өз суреттерінде негізгі үш түсті қолданады. "Сатир және нимфада" жасыл, кұлгін, көгілдір түстерді қолданса, "Биде" көк, жасыл, қызыл түстер, ал натюрморттарда сары, кызыл, көк, кұлгін, тағы басқа тұстерді колданады. 1912 жылдан бастап өз суреттерінде төрт тұрлі түсті қолдана бастады.

Матисс тұс пен көлем арасындағы байланыс жәрдемімен сызыктықтегістілік тәсілін қолданды. Оның шығармаларының жан-жақталығы, пластикалығы, әр тұстілігінің тереңдігі соншалық, оны сол кездегі басқа әйгілі суретшілердің қатарына да қоюға болатын еді..

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Суреттер галереясы

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Henri Matisse

Tags:

186919543 қараша31 желтоқсанНиццаФранцуз тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ИнтернетЭкономикаОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыҚант қызылшасыҚазақша жыл санауХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыБалқашСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовКеңес Одағының БатырыСалалас құрмалас сөйлемҚазақ руларыҚұрманғазы СағырбайұлыТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновАқ Орда (мемлекет)Қазақстан Республикасының Конституциясы314-атқыштар дивизиясыГүлМұнай өнеркәсібіОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыКарбон қышқылдарыЭкологияТоқырау жылдарындағы ҚазақстанТүрік қағанатыҚызмет көрсетуЛуврБасынқы сөйлемШерхан Мұртазаұлы МұртазаСүтқоректілерПалеозойЭлектрондық сандық қолтаңбаСелекцияҚазақ ұлттық киімдеріЭкономикалық қатынасМемлекетМемлекет астаналары тізіміБалықтарМашинажасауМұхтар ШахановҚазақстанның экологиялық проблемаларыЕсім ханМагнитҚорықҚалқанша безМақал-мәтелдерБронхитСөйлем мүшелеріДауысты дыбыстарМагниттік өтімділікТитанҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатАрқарXV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіКөп жасушалы ағзаларКөнерген сөздерҚазақстанның мұнай өнеркәсібіМұхтар Омарханұлы ӘуезовЖалаң сөйлемИтБақбақРимКонсументтерҚазан төңкерісіҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыТеодолитБерлин операциясыҚасым ҚайсеновБидай (астық)Тағамның маңызы, құрамы және қызметіОнтогенезСалауатОсип Андреевич ИгельстромНесіпбек Тұрысбекұлы АйтКөлік кешеніҚазақстан тарихыТоғыз-құмалақАлкиндерЗиготаМәңгілік бала бейне🡆 More