Тағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі

Тағамның маңызы, құрамы және қызметі

Тағамның маңызы.

Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгірістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпыы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағамағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.

Қазіргі кезде жер бетіндегі адамзатты тамақпеп камтамасыз ету-өзекті мәселелердің бірі. XX ғасырдың соңында дүние жүзіндебір миллиардтан астам адам ашаршылықты бастан кешіріп жатканы белгілі болып отыр. Сондықтан да адам баласын ашаршылықтан құтқару -БҮҮ-ның негізгі мәселелерінің бірі.

Тағамның құрамы.

Адам өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады. Адамның күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында күрделі ағзалык заттар (нәруыздар, майлар және көмірсулар) бар. Бұл заттар сол калпында жасуша жарғакшасы аркылы өте алмайды. Жасуша жарғакшасы аркылы өту үшін карапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан аркылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.

Тағам құрамындағы минералдык заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.

Нәруыздар

Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың кұрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртканың, асбұршактың, жаңғактың және т.б. тағамдардың құрамында мол болады. Адам ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.

Май

Май да - адам ағзасы үшін қажетті ағзалык заттың бірі. Ол сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Әсіресе, жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында май өте көп болады. Басқа ағзалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, әйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Адам тәулігіне орта есеппен 70-100 г май пайдалануы керек.

Көмірсулар

Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесіне жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.

Витаминдер

Витаминдер (лат. «vіtа» - тіршілік, «аmin» - химиялық заттар) - тағамның құрамында болатын ағза үшін кажетті зат. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін витаминдер (дәрумендер) аз мөлшерде болса да өте қажет. Оларды адам тағамның құрамынан алады, яғни витаминдердің көпшілігі ағзада өздігінен түзілмейді. Адам ағзасындағы витаминдер тапшылығы сан алуан ауруларға шалдықтырады.

Минералды тұздарды

Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дөмі татымайды. Адам тәулігіне 5-6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті.

Су

Су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адам денесінде күрделі физиологиялық үдерістердің бәрі де судың катысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералдық тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1,5-2,5 литр су қажет. Суды адам кейде сусын ретінде ішеді. Сонымен бірге күнделікті пайдаланған тағамның құрамында да болады. Судың аз-даған мөлшері ағзаның өзінде ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінеді. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су тапшылығы да, суды артық пайдалану да зиян. Мысалы, суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиянды әсер етеді.

Тағамдық заттардың қызметі.

Тағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі 
Жент жасалатын негізгі өнім — "сөк"
Тағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі 
Kumys
Тағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі 
Tүрлі еттер

Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет атқарады. Солардың ішінде екі түрлі кызметін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден - тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден-бір көзі болып саналады. Тағам құрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т.б.) айналады. Мұны тағамдық заттардың энергетикалық қызметі дейді.

Қорыта айтқанда, тағамдық заттар ағзаны үнемі құрылыс материалдарымен және энергиямен қамтамасыз етіп отырады. Әрбір халықтың ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдары бар. Сондықтан да «ұлттық тағам - ұлы байлық» деп бекер ай-тылмаған. Қазақстандық көрнекті ғалым, академик Төрегелді Шарманов көп жылдар бойы ұлттық тағамдардың адам ағзасына әсерін зерттеп келеді. Ғалымның зерттеуі бойынша ұлттық тағамдар - айран, қатық, құрт, ірімшік, ет, қымыз, шұбат, жент және т.б. қуаты мол әрі нәрлі. Елімізде ұлттық тағамдарды пайдалана отырып балаларға «Балдырған», «Балбөбек», «Тұлпар», үлкендерге арналған «Шафе» тағамдары шығарылуда. Тағам құрамындағы күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуі асқорыту деп аталады.

Дереккөздер


Tags:

Тағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі Тағамның маңызы.Тағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі Тағамның құрамы.Тағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі НәруыздарТағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі МайТағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі КөмірсуларТағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі ВитаминдерТағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі Минералды тұздардыТағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі СуТағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі Тағамдық заттардың қызметі.Тағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі ДереккөздерТағамның Маңызы, Құрамы Және Қызметі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҰрықҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныАлтынемел ұлттық паркіМитохондрияБасты бетМаңғыстау облысыКарбон қышқылдарыҚаныш Имантайұлы СәтбаевБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевӨсімдік шаруашылығыСинтаксисДНҚҚазақша жыл санауҚазақстанның мемлекеттік құрылымыБиотехнологияСөз таптарыЫңғайлас салалас сөйлемҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміБұрындық ханАфрикаЖер сілкінуҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруАзия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағыЕкінші дүниежүзілік соғысҚожа Ахмет Ясауи кесенесіВолейболҰлы Отан соғысыНұрдәулет Бәбиханұлы АқышЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміҚазақстан 2050Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кесенесіОңтүстік АмерикаЖануарларДемографияБактерияларБірінші дүниежүзілік соғысӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіҚазақстан 2030Ахмет БайтұрсынұлыОнтогенезСыртқы саясатСыбайлас жемқорлықОрталық жүйке жүйесіОпера (музыка)Қазақ билеріҚадыр Мырза ӘліКонституцияМал шаруашылығыКітапханаБейімбет Жармағамбетұлы МайлинХан Тәңірі шыңыЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріНафтаТәуелдік жалғауҚазақстан әкімшілік бірліктеріАзамат соғысыЭкологиялық туризмХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайы314-атқыштар дивизиясыЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріӨсімдіктер систематикасыМетафораБір жасушалыларАлғашқы көмекШымкентҚырғызстанМемлекет астаналары тізіміҮндістанГемоглобинҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріЗәр шығару жүйесіГлюкозаТөл сөзАлмаКүкіртДивизияМарс🡆 More