Париж

Париж (фр.

Франция ортаңғы бөлігінің солтүстігінде, Иль-де-Франс аймағында, Сена өзенінің жағасында орналасқан. Ұраны — Fluctuat nec mergitur («Оны тербелтеді, бірақ ол батпайды»). Парижде 13 миллион халық тұрады.

Қала
Париж
фр. Paris
Париж
ПарижПариж
Париж

Сағат тілімен: Сена өзені мен Эйфель мұнарасы, Париждік Нотр-Дам соборы, Лувр, Триумфалды арка
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

Париж Франция

Статусы

Астана

Аймақ

Иль-де-Франс

Департамент

Париж

Ішкі бөлінісі

20 округ

Мэр

Анн Идальго

Тарихы мен географиясы
Координаттары

48°51′24″ с. е. 2°21′08″ ш. б. / 48.85667° с. е. 2.35222° ш. б. / 48.85667; 2.35222 (G) (O) (Я) 2°21′08″ ш. б. / 48.85667° с. е. 2.35222° ш. б. / 48.85667; 2.35222 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

б.э.б. III ғ.

Бұрынғы атаулары

Лютеция, Паризиум

Жер аумағы

105,4 км²

Орталығының биiктігі

33 м

Уақыт белдеуі

UTC+1, жазда UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

2 233 818 адам (2015)

Тығыздығы

21 283 адам/км²

Агломерация

12 672 000

Этнохороним

париждік, париждіктер

Ресми тілі

француз

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+33 1

Пошта индекстері

75001—75020, 75116

Автомобиль коды

75

INSEE коды

75056, 75101—75116

paris.fr  (фран.)

Париж картада
Париж
Париж
Париж картада
Париж
Париж

Тарихы

Тарихи деректерге сүйенсек, қала Филлипп Август королінің тұсында ғана өркендеп, өсе бастаған. Қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған. Архитектуралық ансамбльдері ғасырлар бойы қалыптасты. Готика үлгісіндегі архитектуралық құрылыстардың дені Сита аралына шоғырланған. 13-ғасырда шіркеулер мен монастырлар салына бастады. Нақ осы тұста атақты Нотр Дам де Пари қолға алынса керек. В.Гюго оны «Париж - құдай аналарының соборы» деген атпен әлемге әйгілі етті.

Атақты Лувр 1204 жылы салына бастап, сол тұста 20 мың шәкірті бар Париж мектептері университет болып бірігеді, алғашқы университет 1629 жылы салынған.

Географиясы және климаты

Париж 
Париж: ғарыштан көрініс

Париж қаласы Сена өзенінің жағалауында, Ла-Манш бұғазынан 145 км қашықтықта орналасқан.

Қала Иль-де-Франс аймағының 0,9 %-ын, яғни Францияның 0,02 % территориясын алып тұр. Қаланың аймағы - 105,40 км², бұл көрсеткіш Франция коммуналардың арасында 113-ші орынды алады. Теңіз деңгейінен биіктігі  — 30 метр. Қаланың ең биік жерлері теңіз деңгейінен 128,15 — 128,65 метр биіктікте орналасқан Монмартр және Бельвиль дөңдері. Ең төмен орналасқан жері (30,5 метр) — Леблан және Сан-Шарль көшелерінің қиылысы (15-ші аймақ).

Париж климаты қоңыржай, теңіздік.

Тұрғындары

Халық саны
1800—2015 жылдар, млн адам
Париж

2010 жылғы санақ мәліметі бойынша Парижде 2 243 833 адам тұрады, бұл Франция елінің 3,6 %-ын және Иль-де-Франс аймағының 19,3 %-ын құрайды.

2008 жылы Парижде 330 000-дай шетел азаматтары тұратын, бұл Париж тұрғындарының 14,9 %-ын құраған. Оның ішінде 30 %-ы ЕО келгендері, 20 %-ы Алжир, Марокко және Тунистан келген иммигранттар.

Сәулет өнері

Париж 
Эйфель мұнарасы бүкіләлемдік көрмеге арналып 1889 жылы салынады

Парижде әлемге әйгілі Г. Эйфель мұнарасы, Үлкен және Кіші сарай, ЮНЕСКО ғимараты, Шайо сарайы, Пантеон, Сен-Женевьев кітапханасы, т.б. бар.

Парижде болған адам көп архитектуралық ескерткіштерге күтпеген жерде кезігіп жатады. Сондай бағзы мұралардың бірі - Сен-Мартен арнасы (каналы). Су арнасының (каналдың) үстіне ұзақ жылдарда көптеген көпір тұрғызылып, әрқайсысы өзгеше сәулет туындысына айналды.

Тұтастай алғанда бір-бірінен бөліп жарғысыз айшықты өнер ансамблін құрайды.

Тұрғындардың айтуы бойынша қаланы Сен-Мишель гүлзарынан бастап аралау керек. Бұл жер француз жастарының сүйікті орны. Гүлзардан таяқ тастам жерде Люксембург сарайы бар. Мария Медичидің әмірімен салынған әсем ғимарат Еуропа сәулет өнерінің ғажайып туындысы ретінде әлемге белгілі.

1977 жылы Парижде елеулі оқиға болды. Тобур көшесінде Ұлттық театр ашылды, оған Жорж Помпидудың есімі берілді. Театрда сурет галереясы, көрме залдары, аса бай кітапхана, грамжазба жинағы бар. Театр үйінің жобасына халықаралық байқау жарияланғанда 681 үлгі келіп түсіпті, солардың ішінен итальян Р.Пьяно мен ағылшын Р.Роджерстің жобалары таңдалып алынған. Енді, міне, биіктігі 50, ұзындығы 150, ені 50 м ғажайып ғимарат Париждің мақтанышына айналып отыр. Сондай-ақ әлемге әйгілі Елисей алаңы да осында. Францияның транспорт желісінің барлығы Париж магистралінен бастау алады. Дүние жүзіндегі ең жүрдек (экспресс) пойыз Париж—Бордо бағытында 350 км жылдамдықпен жүреді.

Галерея

Париж  Париж  Париж  Париж 
Эйфель мұнарасы Триумфал доғасы Нотр-Дам де Пари Версаль сарайы
Қала орталығы - Триумф Аркадан панорама көрініс
Эйфель мұнарасынан көрініс, Париж панорамасы, алыста Дефанс ауданы

Дереккөздер

Tags:

Париж ТарихыПариж Географиясы және климатыПариж ТұрғындарыПариж Сәулет өнеріПариж ГалереяПариж ДереккөздерПарижParis1.oggСенаФайл жайлы ақпаратФранцияФранцуз тіліХалықаралық фонетикалық әліпби

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Нұркен ӘбдіровҚан мен терБаскетболКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыҚорқыт атаӘлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықТеңеу314-атқыштар дивизиясыЭкологияБуддизмТұрақты сөз тіркесіҚозы Көрпеш – Баян Сұлу кесенесіӨркениеттер қақтығысыҚазақстан Республикасының КонституциясыТүрік қағанатыШиеГүлді өсімдіктерМейозТабиғатЖұлдызСәбит Мұқанұлы МұқановҚозы Көрпеш – Баян СұлуБатыс ҚазақстанАлланың есімдеріБронхитРесейБақбақ1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріКөміртегіҰшқан ұяЖалғауГаз өнеркәсібіЖыныссыз көбеюҚұстарБүркітАдам өмірінің негізгі кезеңдеріЖоғары молекулалы қосылыстарОралхан БөкейҚарағайСілтілік металдарТөл сөзБақытсыз ЖамалБалықтарӘлемнің жеті кереметіАзаматтық қоғамДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруҚазақстанның мемлекеттік құрылымыТүркістан (қала)Дауысты дыбыстарҚазақ әліпбиіОрбұлақ шайқасыҚазақстан қалаларыТау жынысыКемпірқосақPythonШоқан Шыңғысұлы УәлихановТыныс алу жүйесіТабиғи сұрыптауБидай (астық)Тоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровЕуразиялық Экономикалық ОдақБастауышАстық шаруашылығыЖаңа экономикалық саясатҒарышкерРесурстар16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыЖер сілкінуҚара құрдымҚазақ билеріМысықОттегі1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісТәуелсіз Қазақстан тарихыЭлектромагниттік толқындарМетонимияФилософияҚазақстандағы минералды ресурстар🡆 More