Гален

Гален (грекше Κλαύδιος Γαληνός, латынша Claudius Galenus; 129-200 ж.ж.) — Түп-тегі грек Ежелгі Рим дәрігері, хирургі мен пәлсапашысы.

Гален көптеген ғылым пәндерінің дамуына үлес қосты, оның ішінде: анатомия, физиология, патология, фармакология мен неврология, оған қоса пәлсапа мен логика.

Гален
Гален
Туған күні

129 (0129)

Туған жері

Пергам, Рим империясы

Қайтыс болған күні

200 (0200)

Қайтыс болған жері

Рим, Рим империясы

Ғылыми аясы

медицина, анатомия

Өмірбаяны

Гален жазба жұмыстарын қысқаша автобиографиялық ремаркалармен толықтыру әдетінен қазіргі заманға дейін оның өмірі мен тұрмысы жайлы құнды ақпарат сақталды. Кейбір ремаркалары тарихи анекдот немесе өзін-өзі мақтауға іспеттес, алайда оның көбісі құптау немесе сауық-сайран мақсатында мақсатында жазылған. Элий Никон (Aelius Nicon) атты ауқатты грек сәулетшісінің ұлы. Жан-жақты сапалы білім алып, дәрігер мен пәлсапашы ретінде кәсіп жасауына ықпал етті. Көне Пергам (қазіргі Бергама) қаласында туылған. Жиі саяхаттап, медицина бойынша көп мағлұмат жинады. Римде тұрақтап, жергілікті ақсүйектерді емдеп бастап, уақыт өте бірқатар Рим императорларының жеке дәрігері атанды.

Еңбегі

Гален маймылдың, үй жануарларының, аюдың, пілдің, арыстанның, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың дене құрылысын салыстырмалы зерттеп, жинақталған. Морфологиялық ғылыми мәліметтерді толықтырумен қатар, морфологияға халықаралық латын атауларын енгізуге атсалысты.

Гален өлекселерді зерттеп қоймай, итке, шошқаға, маймылға және сиырға тәжірибе жасау арқылы жүйке жүйесін зерттеп, 7 жұп ми, 30 жұп жұлын жүйкелерін және кейбір жүйке түйіндерін (ганглийлерін) анықтап, грек ғалымдары Герофил мен Эразистрат еңбектеріне толықтырылулар еңгізді. Ол жүрек пен қолқа қуысында ауа емес, қанның болатындығын, көптеген қан тамырларды дұрыс анықтап, жануарлар қаңқасын зерттеген. Бүлшықеттердің 300-дей түрін анықтаған. 'Гален ғылыми еңбектерінің негізінде "Адам дене бөліктерінің маңызы" атты классикалық кітабын жазып, медицинаның дамуына зор үлес қосты.

Гален Гиппократтың патология түсініктемесіне зор үлес қосты. Жалпы Гиппократтың гуморальдық теориясына сәйкес, адам көңіл-күйіндегі өзгерістер денедегі 4 сұйықтық мөлшерінің теңгерімсіздігінен туындайды, бұлар: қан, сары өт, қара өт және шырын. Гален адам мінез-құлқы типтерімен келісіп, бұл теорияны қолдайды. Галеннің түсінігінше әр жеке адам темпераменті (қан – сангвинник, сары өт – холерик, қара өт – меланхолик, және шырын – флегматик) әр сұйықтық әртүрлі мөлшеріне тікелей байланысты болады. Осылайша сангвиниктер көпшіл, ашық болып келеді; холериктер белсенді, ынтық, үйірімпаз келеді; меланхоликтер мейірімді, зейінді, тапқыр мінезді; флегматиктер құштарлы, жанасқыш болатынына сенген. Гален қатарлы көптеген теоретиктер аурудың осы сұйықтықтардың әртүрлі мөлшерінен басталады, және оны емдеудің ең дұрыс жолы – бұл қан ағызу, клизма қою және құсу деп қабылдаған. Алайда бүгінгі таңда қан ағызу іс-тәжірибеде қолданылмайды.

Гален адам анатомиясына әуестенгенімен, Б.З.Б. 150 жылы қабылданған Рим заңы бойынша адамның мәйіттерін бөлшектеуге тыйым салған. Осы шектеуге орай Гален анатомиялық диссекцияны тірі (вивисекция) және өлі жануарларға жасады, әсіресе приматтарға басты назар аударылды. Гален бұл жануарлардың анатомиялық құрылымы адам құрылымын мұқият қайталайды деп санағандықтан оның жұмысы өнімді болды. Гален трахеяның анатомиясын нақтылап, бірінші болып көмей дауыс тудыратынын көрсете дәлелдеді. Гален бір тәжірибесінде өлген жануардың өкпесін үрлеу үшін ақыруды қолданған. Галеннің анатомияға арналған жұмысы 16 ғасырға дейін еш шүбәсіз Еуропада теңдесі жоқ болып саналды. Алайды XVI ғасырдың ортасында анатом Андреа Весалий Галеннің анатомиялық біліміне адамның мәйіттеріне диссекция жүргізу арқылы сынға қойды. Бұл зерттеулер Галеннің анатомияға қатысты теориясының кейбір аспектілерін жоққа шығаруға мүмкіндік берді.

Галеннің физиология жөніндегі зерттеулерінде Платон мен Аристотель пәлсапашылардың бұрынғы еңбектері мен Гиппократтың ықпалы байқалады. Гален медициналық бақылауларын тәжірибе арқылы зерттеп бастағандардың бірі болды. Осылайша бұл дененің әртүрлі бөліктері мен олардың қызметін зерттеуге мүмкіндік берді. Оның көптеген тұжырымдары дәлме-дәл болып шығып, қазіргі кезде медицина ғылымының қалыптасуына зор ықпал етті. Галеннің арқасында бүгінгі таңда медициналық білімнің көп бөлігі кең тарапқа қолжетімді.

Галеннің медицинадағы басты еңбектерінің бірі оның қанайналым жүйесі туралы жұмысы болып саналады. Ол бірінші болып қанның көктамыр және артерия қан түрлерін ажыратты. Оның жануар моделінде анатомиялық тәжірибелері қанайналым жүйесін, жүйке жүйесін, тыныс алу жүйесін және басқа құрылымдарды толық түсінуге жетелегенімен, оның жұмысында ғылыми қателіктер болды. Гален біртұтас қанайналым жүйесін екі бөлек бір жолды тарату жүйесінен тұрады деп санады. Ол веноздық қан бауырда пайда болып, сол жерден ағзаның барлық мүшелеріне таратылады деп санаған. Сонымен қатар артериялық қан жүректен шығып, дененің барлық мүшелеріне таратылатынын және тұтынылатынын тұжырымдады. Солай қан бауырда, я жүректе қайта пайда болып тізбекті жалғастырады. Гален сонымен қатар күретамыр синусында ғажап тор (rete mirabile) деп атаған қан тамырлар тобы бар деп болжады. Уақыт өте Галеннің қанайнылым теориясының екеуінің де (шамамен 1242 ж. шыққан Ибн әл-Нафистің еңбектерінен бастап) жарамсыздығы дәлелделді.

Гален тыныс алу жүйесін, қан мен қанайналым жүйесін түсінуге зор үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар адамның омыртқасы туралы зерттеулердің бастаушысы болды. Жануарларға диссекция мен вивисекция жүргізу барысындағы негізгі бақылаулардың нәтижесінде адам омыртқасын, жұлынын, омыртқа бағанасын дәл сипаттады. Гален сонымен қатар соматикалық жүйке жүйесінің ашылуында үлкен рөл атқарды. Ол сонымен қатар жүйке жүйесі туралы зерттеулерінің ажырамас бөлігі болып табылатын омыртқадан шығатын нервтерді сипаттай алды. Гален жұлын бірнеше түрлі деңгейде көлденең қимасында не болатынын зерттейген алғашқы дәрігер болды. Ол жүйкелерлі толығымен немесе ішінара бөліп зерттеп, денеге қалай әсер ететінін көру үшін шошқаның нейроанатомиясын зерттеді. Тіпті жұлын мен нервтерге әсер ететін аурулармен айналысқан. Оның еңбегі дауасыз анатомиялық олқылықтарды көрсетсе де, Гален тәжірибелері болашақта омыртқа, жұлын, омыртқа бағанасы туралы зерттеулермен тікелей байланысты болады. Гален бірінші кезекте шошқа, бербер макактары, қойлар мен ешкілер сияқты төменгі сатыдағы жануарларда жұмыс істеді. Бұл жануарлар диссекциялар мен анатомиялық зерттеулер үшін пайдаланылды.

Дереккөздер

Tags:

129200АнатомияГрек тіліЛатын тіліЛогикаНеврологияПатологияПәлсапаФармакологияФизиология

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Әбілқайыр хан (Кіші жүз)Жеті жарғыСәбит Мұқанұлы МұқановРесейМақалаПлагиатРим империясыАс қорыту жүйесі1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҰрықтануӘйтеке биӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыТуризмЗат есімМұхитТүпті жуаШикізатӘлеуметтік инфрақұрылымӘлеуметтік өзгерісСпирттерҚызмет көрсетуӨзбекстанЖалаң сөйлемМахамбет ӨтемісұлыНаурыз мейрамыЕгіншілікАсық ойыныАИВ/ЖИТСЕуропа одағыЖарықтың шағылуыБарыс (жануар)СаңырауқұлақтарАлаш автономиясыЭссеЖүйке жүйесіҚазақстан аудандарыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміТеріҚазақстан демографиясыФотоэлектрлік құбылыстарАйша бибі кесенесіҚасым ханСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовШешендік өнерШыршаСалауатШығыс ҚазақстанЖүсіпбек АймауытовСын есімнің шырайларыТүсті металлургияТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріӨздігінен тозаңдануКеңес үкіметіДүние жүзінің саяси картасыКайнозойАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміДенсаулықМәдени мұраИтҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыБаланы қырқынан шығаруФотосинтезМал шаруашылығыЭлектр тогыЕртісКөксерек (әңгіме)МерезҚазақстанның тұңғыш мектептеріЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміМикроэлементтерГлюкозаТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровТүркістан (қала)Халық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМұхтар ШахановТитанҚазақстан тарихыТәттімбет Қазанғапұлы🡆 More