Араб Түбегі

Араб түбегі, Арабия — Оңтүстік-Батыс Азияда орналасқан дүние жүзіндегі ең ірі түбек болып, оның ауданы ауданы шамамен 3 млн. км². Оны Жерорта теңізі, Қызыл теңіз, Араб теңізі қоршалған. Құрлықтағы шартты шекарасы солтүстігінде Месопотамия ойпаты, Парсы шығанағы, Ормуз мойнағы, Оман шығанағы арқылы өтеді. Оңт. шекарасы Акаба шығанағы, Қызыл т., Баб-эл-Мандеб бұғазы, Аден шығанағы арқылы Арабия т-нің батыс жағалауымен жалғасады. А. т-не түгелімен Сауд Арабиясы, Йордания, Йемен республикасы, Оман, Бахрейн, Кувейт, Ливан, Палестина, Израиль мемлекеттері және Сирия мен Ирактың бір бөлігі енеді.

Араб түбегі
араб.: شبه الجزيرة العربية
Ғарыштан көрінісі
Ғарыштан көрінісі
Сипаттамасы
Ауданы3 250 000 км²
Орналасуы
23° с. е. 47° ш. б. / 23° с. е. 47° ш. б. / 23; 47 (G) (O) (Я) 47° ш. б. / 23° с. е. 47° ш. б. / 23; 47 (G) (O) (Я) (T)
Түбекті шаятын акваторияларҚызыл теңіз, Парсы шығанағы, Араб теңізі, Оман шығанағы, Аден шығанағы
ЕлдерАраб Түбегі Йемен
Араб Түбегі Катар
Араб Түбегі Кувейт
Араб Түбегі БАӘ
Араб Түбегі Оман
Араб Түбегі Сауд Арабиясы
Араб Түбегі Бахрейн
Араб түбегі (Таяу және Орталық Шығыс)
Араб Түбегі
Араб түбегі
Араб Түбегі Араб түбегі Ортаққорда
Араб Түбегі
Африка, Арабия субқұрлығы, және Еуразия
Араб Түбегі
Арабия түбегі

Араб түбегінің жағалаулары аз тілімденген. Жерінің басым көпшілігін таулы үстірт алып жатыр. Солт. және солт.-шығыс аймағы жазық келеді. Жер бедерінің ерекшеліктеріне қуаңшылық климат зор әсер етеді. Ең биік нүктесі Йемен жерінде (ән-Наби Шаиб, биікт. 2620 м). Түбектің ең ойыс жері — Өлі теңіз ойысы. Ол теңіз деңгейінен 403 м. төмен орналасқан. А. т-нің ішкі бөлігінде ірі Руб-әл-Хали, Үлкен Нефуд, Кіші Нефуд, Сирия атты құмды шөлдер бар. Батыстан оңт-ке қарай Қызыл теңіздің жағалауын бойлай таулы аудандар (Хиджаз, Асир, Йемен), ал тектоникалық. жағынан түбекті түгелімен дерлік арабия платформасы алып жатыр. Оның кристалды іргетасы батысында. Ал оңт.-батысы жер бетіне жақын орналасқан басқа аудандарды құрамы әр түрлі қатпарлы және көлбеу жатқан юра, бор, палеоген дәуірлерінің шөгінділерімен жабылған. Оңт-те ежелгі жанартаулық әрекеттердің іздері байқалады. Түбектің қойнауы мұнайға өте бай. Мұнайдың негізгі қорлары Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Біріккен Араб Әмірлігінде. Жер қойнауында мұнайдан басқа алтын, түсті металдар, көмір т.б. кен байлықтары бар. А. т. — әлемдегі күн радиациясының ең көп мөлшерде түсетін жері. Сондықтан жыл бойына онда жоғары температура сақталады.

Араб Түбегі
Әйгілі Салалах Арабиядағы туристік бағыт.

Түбектің солтүстік бөлігі субтропиктік, қалған бөлігі тропиктік белдеуде. Солтүстігінде қаңтардың орташа температурасы 8-40°С, оңтүстігінде 16-20°С, шілдеде 24-32°С-қа дейін, кейбір аудандарында температурасының абс. максимумы 500С-қа жетеді. Жауын-шашынның орташа мөлш. Йемен тауларының беткейлерінде 1000 мм-ге дейін. Қалған аймағында 100 мм-ден төмен. А. т-нің көп бөлігінде тұрақты ағын су болмайды. Таулы үстірттерде өзендердің құрғақ арналары (вади) тек өткінші жауындар кезінде ғана суға толады. Негізгі су қоры ретінде жер асты сулары пайдаланылады. Түбектің көпшілік бөлігінде субтропикалық және тропикалық шөлдердің құнарсыз топырағы мен сортаң топырақтары басым. Ылғалды муссондық жел өтіндегі Йемен тауларының беткейлерінде табиғи және мәдени өсімдіктер жайқалып өскен. Едәуір ылғалды тау беткейлері террасаланған, оларға жеміс ағаштары, кофе ағашы, индиго отырғызылған, дәнді дақылдар егілген. Қызыл т. бен Парсы шығанағының жағалаулық жазықтарындағы шөлдерде шұраттар (оазистер) жиі кездеседі. Ішкі облыстардағы шөл мен шөлейттерде суккулентті өсімдіктер (алоэ, сүттіген) немесе ылғалды тереңнен алатын, тамыр жүйесі жақсы жетілген бұталар мен шөптер алып жатыр. Мұнда тұяқтылардан қарақұйрық, бөкен, онагр жабайы есегі, жыртқыштардан: шиебөрі, қорқау қасқыр, тау түлкісі, каракал, қабылан, гамадрил маймылдары кездеседі. Құстардан: шіл, қараторғай, құр, бауырымен жорғалаушылардан: кобра(кеңалқым), әбжылан, гюрза, Агамалылар, хамелеон кең тараған. А. т-нде мұсылман халықтар үшін қасиетті Арафат тауы, Мекке, Медине қ-лары орналасқан.

Араб Түбегі
Сана'а ескі бөлігі, Йемен

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Мұнайлы мұнай кен орныКарл ЛиннейЖарықтың шағылуыҒылыми-техникалық революцияАралтөбе (көне қорым)Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлерҚоршаған ортаны қорғауАлланың есімдеріҚазақ билеріҚытай Халық Республикасы экономикасыӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Азаматтық іс жүргізу құқығыҚой шаруашылығыІлияс ЕсенберлинОрганикалық затСарқылмайтын ресурстарЖұқпалы ауруларОсип Андреевич ИгельстромШыршаСаяси мәдениетӘсет НайманбайұлыПайдалы қазбаларАстанаЛуврСептік жалғауМағжан Бекенұлы ЖұмабаевАлматыИсламдағы жыныстық өмір әдебіШарын шатқалыМахамбет ӨтемісұлыБразилияБаскетболЕскендір (поэма)ИранКиіз үйҒарышкерТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануБүйрекЭлектр энергетикасыХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміУнитарлы мемлекетҚұрманғазы СағырбайұлыРесейТәуелсіз Қазақстан тарихыАлюминийҚышқылТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновИсламҚан топтарыШерхан Мұртазаұлы МұртазаҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚадыр Мырза ӘліҒаламдық мәселелерКөшбасшылықСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовСалалас құрмалас сөйлемҚазақстандағы алюминий кеніУкраинаТолықтауышАлаш автономиясыҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларПысықтауышФилософияБілім беруТүйелерҚазақ тіліЛатын АмерикасыЖай санАнықтауышЭкономикалық қатынасСинонимТұқым қуалайтын ауруларҚиялҚазақстанның пайдалы қазбаларыПневмонияОрта ғасырлардағы мәдениетҚұрмалас сөйлемЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)🡆 More