Қабылан

Қабылан (лат.

Қабылан
Қазбалық ауқымы: Late Pliocene to Recent
Қабылан
Амандық күйі
Қабылан
Vulnerable (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Felidae
Тегі: Acinonyx
Түрі: A. jubatus
Екі-есімді атауы
Acinonyx jubatus
(Иоганн Христиан фон Шребер, 1775)
Үлгілік түрі
Acinonyx venator
Джошуа Брукс, 1828 (= Felis jubata, Иоганн Христиан фон Шребер, 1775) by monotypy
Қабылан ареалы
Қабылан ареалы


Африка, Орта Азия және Үндістанда таралған. Қазақстанда 18-ғасырдың аяғы — 19-ғасырдың басында Каспий мен Арал теңіздерінің аралығындағы шөлді аймақта тіршілік еткен. 20-ғасырдың 50-жылдары сирек болса да, Үстірт пен Маңғыстау түбегінде кездесіп қалып жүрді.

Қабыланның дене бітімі ұзынша, тұрқы 120 — 150 см, құйрығының ұзындығы 60 — 75 см. Қалың, қысқа, сарғылт түсті түгінің үстінде қара дақтар болады. Қабылан тропиктік және субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саваннада, өзен бойындағы тоғайларда тіршілік етеді. Ағаш басына, жартастарға тез өрмелеп шығады. Қабылан тұяқты аңдарды (газель, арқар, т.б.) қуып жүріп аулайды. Оның жылдамдығы 100 км/сағ-қа дейін жетеді. Ол жер бетінде жасайтын сүрқоректілердің арасында ең тезі болып саналады. Жоғары жылдамдығында қабылан қадамдары жылқыныкіндей шамамен 7 метрге дейін жетеді.

Желтоқсан — қаңтар айларында ұйығып, 90 — 95 күннен кейін 2 — 4 күшік табады. Қабыландар қолға тез үйренетін жыртқыш, сондықтан хайуанаттар саябағында ұстауға бейім аң. Терісі бағалы, кезінде өте көп ауланған. Қазір қабыландар жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Статус

I-шы санат. Жойылып бара жатқан түр. ХТҚО-ң Қызыл кітабына тіркелген.

Генофондын сақтау үшін таксонның маңызы

Монотиптік турыстың бірден-бір түрі. Түрді сақтап қалудың бірден-бір жолы – оны өсіретін питомник құру.

Таралуы

Қабыланның жүгіруін арнайы түсірілген деректі видео

ХVІІІ-XX-ғысырдың ортасында қабылан Каспий теңізінің шығыс жағалауында және Арал теңізіне шектесіп жатқан щөлдерде сирек те болса мекендеді. 1947 ж. Екі қабылынды Үстіртің батыс шыңынан, ал 1949 ж. Екі аңды Маңғыстаудағы Ақтау тауынан ұстаған. Олардың біреуінің терісі ҚР БҒМ Зоология институтының жиынтығында сақтаулы, ал екіншісінен Атырау облыстың мұражайға тұлып жасалған 1947-1964 жылдары бұл аймақтан 16 аңның ұстаялғаны белгілі . Снңғы 45 жылды Маңғыстау облысынан бұл жыртқыштың кездесуі жойында дәл деректер жоқ, бірақ қыбыландардың өздерінің және іздерінің кездесілері жайында, 1976 жылы және тіпті XX ғасындың 80-90-шы жылдарында, әртүрлі адамдардың тексерілмеген хабарламалары бар.

Мекендейтін жерлері

Қабылан әртүрлі типтегі шөлдерде мекендейді Шөлді жерлердегі таулардың етектерінде, құз-шыңдарында кездеседі.

Саны

Деректер жоқ. Қазақстанда кездеспеуі мүмкін. Бірен-саран жыртқыш Солтүстік-батыс |Түркменстанда сақталуы мүмкін. 1992-1993 жылдары осында Ясха ауданында қабылан түйені жарып, содан соң қақпанға түскен.

Негізгі шектеуші факторлар

Қабылан санының барлық таралу аймағында өте шапшаң төмендеуі шөлді аудандарды игеру, осыған орай ондағы тұяқты жануарлардың, негізінен қарақұйрықтың жойылуы болып табылады және қасқырлардың қабыланды тікелей қудалау әсерін тигізді. Оны әсіресе геологиялық және басқа экспедициялардың адамдары күшті автотранспорт және тіпті автотранспорт – тікұшақтар, жеңіл ұшақтар пайдаланып аулау арқылы да жойды.

Биологиялық ерекшеліктері

Қазақстанда қабылан негізінен қарақұйрыққа, ақбөкенге, жабайы қойға және басқа да тұяқты жануарға шабуыл жасайды. Хайуанаттар парктерінде ол тәулігіне 2.8-3.3 кг ет жейді. Жыныстық жағынан үшінші-төртінші жылда жетіледі. Күйге түсу созылмалы, бірақ жиі желтоқсан-қаңтарда жүреді. Буаздылық 90-95 күнге созылады. 2-4 марқау туады. Қолда ұстағанды қабыландар 15 жылдай өмір сүрген.

Қолда өсіру

Қолға оңай үйренеді, мінез-құлығы жуас әрі басқа жануарлармен тез жұғысып кетеді. Хайуанаттар парктерінде көбееді.

Қабылданған қорғау шаралары

Қабылан әруақытта және бар жерде қорғауда алынған СИТЕС. Конвенциясының І Қосымшасына тіркелген. Қабылан тіршілік етуге мүмкін жерлерде Үстірт және Қабыланқыр қорығтары ашылған.

Қорғауды керек ететін шаралар

Қабыланды Үстірт қорығында қолда өсіруді жолға қою.

Зерттеу үшін ұсыныстар

Маңғыстау облысында бар ма, жоқ па анықтау

Дереккөздер


Tags:

Қабылан СтатусҚабылан Генофондын сақтау үшін таксонның маңызыҚабылан ТаралуыҚабылан Мекендейтін жерлеріҚабылан СаныҚабылан Негізгі шектеуші факторларҚабылан Биологиялық ерекшеліктеріҚабылан Қолда өсіруҚабылан Қабылданған қорғау шараларыҚабылан Қорғауды керек ететін шараларҚабылан Зерттеу үшін ұсыныстарҚабылан ДереккөздерҚабыланЛатын тіліМысықСүтқоректілер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жеті жарғыҚазақтың ұлттық тағамдарыҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеТау жынысыҚозы Көрпеш – Баян СұлуҚазақстан 2030Қазақстан өзендеріСаяси мәдениетМарсҰялы телефонАтаулы сөйлемСпартак көтерілісіҚоршаған ортаны қорғауЖайылма сөйлемОтбасыБейбітшілік және келісім сарайыДәрілік өсімдіктерНайзағайҚырықжапырақтәріздестерДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновҰлы Отан соғысыБауырымен жорғалаушыларЖырауАнықтауышБұрыш (геометрия)Тың игеруРим империясыБүйрекҚазақстан темір жолыҮндістанҚазақша жыл санауХристиандықНафтаТыныс алуЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміТәуекел ханҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіАшаршылықҚазақстандағы жануарлар әлеміҚазақтарКварцАлаш партиясыИранКөміртегіКаспий теңізіЖоңғар хандығыЮпитерСалалас құрмалас сөйлемБатыс Қазақстан1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..Қызылорда облысыКонгресс кітапханасыРесурстарКітапханаСалықКөлікҰйғырларКітапҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыХалықаралық валюта қорыМетаморфтық тау жыныстарыӨздігінен тозаңдануТәуелсіз Қазақстан тарихыНұрдәулет Бәбиханұлы АқышСүтқоректілерШанхай Ынтымақтастық ҰйымыII ЕкатеринаӘжеКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысБаланы қырқынан шығаруРесейТөле биТұқым қуалаушылықСарматтарСәбит Мұқанұлы МұқановТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздері🡆 More