Жерорта Теңізі

Жерорта теңізіАтлант мұхитының Еуразия мен Африка құрлықтары арасындағы теңізі. Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады. Ауданы 2505 мың км², орташа тереңдігі 1498 м, ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің еуразиялық жағалауы қатты тілімденген. Онда түбектер және аралдармен бөлінген шағын Альборан, Балеар, Лигурий, Тиррен, Адрия, Ион, Эгей және Кипр теңіздері орналасқан.

Жерорта теңізі
Сипаттамасы
Ауданы2 500 000 км²
Көлемі3 839 000 км³
Тереңдігі5121 м
Орташа тереңдігі1541 м
Орналасуы
35°00′00″ с. е. 18°00′00″ ш. б. / 35.00000° с. е. 18.00000° ш. б. / 35.00000; 18.00000 (G) (O) (Я) 18°00′00″ ш. б. / 35.00000° с. е. 18.00000° ш. б. / 35.00000; 18.00000 (G) (O) (Я)
Жерорта теңізі (Жерорта теңізі)
Жерорта Теңізі
Жерорта теңізі
Жерорта Теңізі Жерорта теңізі Ортаққорда

Теңіз алабына Қара, Азов, Мәрмәр теңіздері де кіреді. Ірі шығанақтары: Валенсия, Лион, Генуя, Таранто, Сидра (Үлкен Сирт), Габес (Кіші Сирт). Ірі аралдары: Балеар, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит және Кипр. Теңізге ірі Ніл, По, Рона, Эбро өзендері құяды. Жас альпілік геосинклинальдік аймақта орналасуынан, түпкі бедері күрделі. Ең ірі қазаншұңқырлары: Алжир-Прованс, Орталық қазаншұңқыр және Геллен шұңғымасы. Тиррен теңізінің қазаншұңқырының төңірегінде сөнген және әрекетті жанартаулар да бар.

Бүкіл Жерорта теңізі аймағына субтропиктік климаттың “жерортатеңіздік” деп аталатын ерекше типі тән: қысы ылғалды әрі жылы, жазы құрғақ және ыстық. Судың беткі қабатының температурасы ақпанда теңіздің солтүстігінде 12° С-тан оңтүстікте 18° С-қа дейін, тамызда батысында 20 — 25° С-тан оңтүстік-шығысында 28 — 30° С-қа дейін көтеріледі. Су көп буланады, сондықтан тұздылығы жоғары. Батысында 36ү-ден, шығысында 39,5ү-ге дейін құбылады. Толысу толқынының биікт. 0,1 — 0,5 м, Тунистің шығысында 1,7 м-ге жетеді. Негізгі ағыс Гибралтардан Ливанның жағасына дейін Африканы бойлап өтеді. Оқшау теңіздерде су циклондық айналым жасайды. Теңізде балықтың 550-дей түрі бар. Сардина, тунец, макрель, скумбрия, т.б. ауланады. Жерорта теңізінің Адрия және Эгей теңіздерінің қайраңдарында мұнай, газ өндіріледі.

Бұл теңіз арқылы аса маңызды халықаралық теңіз жолдары өтеді. Басты порттары: Барселона (Испания), Марсель (Франция), Генуя, Неаполь, Венеция, Триест (Италия), Риека (Хорватия), Пирей және Салоники (Грекия), Бейрут (Ливан), Александрия, Порт-Саид (Мысыр), Триполи (Ливия), Алжир (Алжир). Түркия жағалауында дүние жүзіне әйгілі курорттар бар. Жерорта теңізінің жағалауында Испания, Франция, Италия, Монако, Мальта, Хорватия, Босния және Герцоговина, Хорватия, Албания, Грекия, Түркия, Кипр, Сирия, Ливан, Араб елдерінің аумағы, Израиль, Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко елдері орналасқан.

Жерорта Теңізі
Тель-Авив: Теңіз жағасының панорамасы

Физико-географиялық орны

Жерорта теңізі Еуропа, Африка және Азия арасында орналасқан.

Солтүстік-шығыста Дарданелл бұғазы арқылы Мәрмәр теңізімен, одан әрі Босфор бұғазыменҚара теңізбен, оңтүстік-шығыста Суэц каналыменҚызыл теңізбен жалғасады.

Ауданы 2500 мың км². Шығыстан батысқа қарай ұзындығы 3700 км-ден астам, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай ең үлкен ені 1600 км. Су көлемі 3839 мың км³. Жағалау сызығының ұзындығы шамамен 46 000 км.

Орташа тереңдігі 1541 м, максимум 5121 м (Орталық бассейн).

Жерорта теңізінің таулы жағалауларға жақын жағалаулары негізінен абразивті, тегістелген, аласа жағалауларға жақын жерде лагуна-самандық және атыраулық; Адриатика теңізінің шығыс жағалауы Далматиялық типтегі жағалаулармен сипатталады.

Ең маңызды шығанақтар: Валенсия, Лион, Генуя, Таранто, Сидра (Үлкен Сирт), Габес (Кіші Сирт).

Ең үлкен аралдар: Сицилия, Сардиния, Кипр, Корсика, Крит, Балеар аралдары және Эвбея.

Жерорта теңізіне Эбро, Рона, Тибр, По, Ніл және басқа ірі өзендер құяды; олардың жылдық жалпы ағыны шамамен 430 км³ құрайды.

Жерорта Теңізі 
Тель-Авив жағажайының панорамасы

Жағалаудағы елдер

Жерорта теңізі БҰҰ-ға мүше 21 мемлекеттің жағалауларын шайып жатыр:

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Mediterranean Sea

Дереккөздер

Tags:

Жерорта Теңізі Физико-географиялық орныЖерорта Теңізі Сыртқы сілтемелерЖерорта Теңізі ДереккөздерЖерорта Теңізі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміҚазақстандағы туризмЖеті жарғыТөл сөзМерезҚайта құру кезеңіАктинЭкологияҚазақстан 2030Шерхан Мұртазаұлы МұртазаИталияҚола дәуіріҚазақстан экономикасының тарихыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіЭмбриогенезЗияткерлік меншікКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысЖошы ханҚанайналым жүйесіҒұндар мемлекетіБұлшықет талшығыАсқазан ауруларыТемірҚырғызстанТұздар (химия)Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларДәнеш РақышевҒарышМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыБілімФотосинтезТабиғи радиоактивтікШыршаТоқырау жылдарындағы ҚазақстанБаяндауышҚазақстан азамат соғысы жылдарындаЕжелгі Рим мәдениетіМаңғыстау облысыБотай мәдениетіБауыр (орган)ҚорықтарБиомеханикаҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріАмерика Құрама ШтаттарыҚазақтарНАТОБүйрекДенсаулықНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіТабиғи сұрыптауЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіАқпараттық қауіпсіздікҒабиден МұстафинҚазақстан өзендеріАқан серіКүнделік.кзКүйКүн (жұлдыз)1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБатыс Қазақстан облысыОрталық ҚазақстанТерроризмӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаӨнерСаяси жүйеАтом ядросыҚазақстан Республикасының КонституциясыӘпке (драма)Ел тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Абылай ханЕуразиялық Экономикалық ОдақҚызылша (медицина)КүрішҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы314-атқыштар дивизиясы🡆 More