Парсы Шығанағы

Парсы шығанағы (парсы: خلیج فارس‎ ; араб елдерінде — араб.: الخليج العربي‎ — Араб шығанағы) — Иран мен Араб түбегінің арасындағы шығанақ.

Ормуз бұғазы арқылы Оман шығанағы, Араб теңізі және Үнді мұхитына шығады. Гидрологиялық режим бойынша жерорта теңізі болып табылады.

Парсы шығанағы
Ғарыштан көрінісі
Ғарыштан көрінісі
Сипаттамасы
Ауданы239 000 км²
Көлемі9100 км³
Жағалау сызығының ұзындығы≈5 500 км
Тереңдігі102 м
Орташа тереңдігі36 м
Суды жинау ауданы≈1 400 000 км²
Орналасуы
26°54′17″ с. е. 51°32′51″ ш. б. / 26.90472° с. е. 51.54750° ш. б. / 26.90472; 51.54750 (G) (O) (Я) 51°32′51″ ш. б. / 26.90472° с. е. 51.54750° ш. б. / 26.90472; 51.54750 (G) (O) (Я) (T)
ЕлдерПарсы Шығанағы Иран
Парсы Шығанағы Ирак
Парсы Шығанағы Кувейт
Парсы Шығанағы Сауд Арабиясы
Парсы Шығанағы Катар
Парсы Шығанағы Бахрейн
Парсы Шығанағы БАӘ
Парсы Шығанағы Оман
Парсы шығанағы (Таяу және Орталық Шығыс)
Парсы Шығанағы
Парсы шығанағы
Парсы Шығанағы Парсы шығанағы Ортаққорда

Шығанақтың ауданы — 239 000 км², Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 926 километрге созылған, ені — 180—320 км. Көпшілік бөлігінде тереңдігі 50 м-ге жетпейді, ең терең жері 115 м. Ең ірі аралдары: Кешм, Бубиян, Бахрейн.

Парсы шығанағының жағалауындағы елдер — Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн, Кувейт, Ирак және Иран. Парсы шығанағына Тигр мен Евфраттың қосылуынан пайда болған Шатт әл-Араб өзені құяды. Бұл аймақтың атауын «Араб шығанағы» деп атағысы келетін араб елдері даулайды.

Парсы шығанағының ауданы бай мұнай қорына байланысты геосаяси тұрғыдан өте маңызды. Осыған орай 1991 жылғы соғыс Парсы шығанағы соғысы деп аталды (негізгі қақтығыс құрлықта болғанымен).

Парсы Шығанағы
Парсы шығанағы картасы. Оман бұғазы Араб теңізіне тіреледі. Анығырақ Таяу Шығыс үлкен картасы.

Тау алды тектоникалық иінінде жайласқан. Жағалауларына жақын жатқан аралдар (Бахрейн, т.б.) көп, оңтүстік бөлігінде маржан рифтері таралған. Субтропиктік ендіктердегі орнына және қатты қызатын құрлықтың әсеріне байланысты суының температурасырасы мен тұздығы жоғары. Судың беткі қабатындағы температура шілдеде 350С-қа дейін жоғарылайды. Бұл дүниежүзілік мұхит бойынша ең жоғары темпертура. Тұздығы 37 – 39‰. Шығанақтың түбінде және оған іргелес аудандарда мұнайдың дүние жүзі бойынша орасан зор қоры шоғырланған. Ол Парсы шығанағының мұнайлы-газды алабын құрайды. Балық аулау, меруерт жинау дамыған. Кеме қатынасы үшін маңызы зор. Басты порттары: Басра (Ирак), Абадан, Бендер-Шахнур (Иран), Әл-Кувейт (Кувейт), Рас-Паннура (Сауд Арабиясы), Манама (Бахрейн), Умм-Саид (Катар).

Парсы Шығанағы
Бубай мұражайындағы Парсы шығанағының тарихи картасында Парсы сөзі алынып тасталған.
Парсы Шығанағы
Амстердам университетiндегi 1689-жылғы әлем картасында бейнеленген Парсы шығанағы. Тарихи карталардың бiр үлгiсi.

Географиясы

Ғалымдар ежелгі уақытта Парсы шығанағы қазіргіден де үлкен аумақты алып жатқанын айтады. 6 мың жыл бұрын әлемдік мұхит деңгейі қазіргіден 2 метр жоғары болды (ол кезде Доггерлендты су басқан). Бұл фландрия трансгрессиясымен байланысты. Шығанақтың солтүстік жағалауы Ур мен Эриду қалаларына жетті.

Парсы шығанағының көлемі, ұзындығы, тереңдігі мен аумағы әртүрлі дереккөздерде біршама ерекшеленеді. Бұл факт әр жылдардағы табиғи жағдайлардың өзгергіштігімен, сондай-ақ бұрын дәл өлшеу құралдарын қолданудың мүмкін еместігімен түсіндіріледі.

Иранның ұлттық атласы бойынша Парсы шығанағының ауданы шамамен 255 000 км² құрайды. Оның ұзындығы 900 км, ені кейбір нүктелерде 180-нен 300 км-ге дейін, басқаларында 185-тен 333 км-ге дейін. Парсы шығанағының орташа тереңдігі 25—35 м, ең үлкен тереңдігі — 100 м — Ормуз бұғазының сағасында белгіленген. Парсы шығанағының ені ең тар жері — Ормуз бұғазында 40 км, ал шығанақтың ең кең бөлігінде 270 км. Шығанақтың орташа ені шамамен 215 км.

Иран жағалау сызығының ұзындығы (Бендер-Аббастан Фао сағасына дейін) 1375 км құрайды, бұл шығанақтың жағалау сызығының жалпы ұзындығының 45,3 % құрайды. Бұл көрсеткіш Парсы шығанағының басқа елдерімен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш.

Ирактың жағалау сызығы, өз кезегінде, ең қысқа жолдардың бірі. Ол 18,5 км-ге тең, бұл жалпы жағалау сызығының 0,6 %-на тең.

Парсы шығанағының оңтүстік жағалауында үлкен ағынды өзендер жоқ, сирек жағдайларды қоспағанда, кішкентай ағындар бар, олар тек жаңбырлы уақытта аздап су әкеледі. Кері жағдай солтүстік жағалауда байқалады, онда көптеген ірі және Толып жатқан өзендер орналасқан. Мұндай өзендерге Сеймерре, Керхе, Дез, Карун, Джарахи, Зохра, Монд кіреді, олар тікелей немесе ірі өзендерге біріктіріліп, Иранның Хузестан, Бушеһр, Хормозеган провинцияларының аумағында Парсы шығанағына құяды.

Бұл өзендер Иранның оңтүстік, оңтүстік-батыс және батыс бөліктерінде ағып, Парсы шығанағы мен Оман теңізінің бассейніне құяды. Өзендердің бастаулары Загрос тауларында орналасқан.

Климаты

Парсы шығанағының жағалауында тропикалық континенттік климат басым. Жаз ыстық, ауаның орташа температурасы плюс 29—32 °C. Ыстықта ауа 40—50 °C дейін қызады. Абсолюттік максимум Ахваз қаласында (Хузестан жазығы) тіркелді. Қысы солтүстікте салқын, онда температура нөлден төмен немесе +2 °C болуы мүмкін, оңтүстікте жылы — 22-ден 25 °С-қа дейін.

Тағы да

Дереккөздер

Tags:

Парсы Шығанағы ГеографиясыПарсы Шығанағы Тағы даПарсы Шығанағы ДереккөздерПарсы Шығанағы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ руларыБұқаралық мәдениетСызықшаАққан жұлдыз (роман)ҚоғамТеміртауТеріҰшқан ұяСалт-дәстүрҰйқы безіМиграцияҚазақстандағы су тасқыны (2024)Алаш партиясыАмерикадағы азамат соғысыАй (серік)Желтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміӘлемнің жеті кереметіАлтынемел ұлттық паркіБөкей ОрдасыОтынБұлшық етКеңес Одағының БатырыҚайыңАқсу-Жабағылы қорығыАққулар ұйықтағандаЖүрекОқшау сөздерТәттімбет ҚазанғапұлыДомбыраАғзалардың жеке дамуыДүниежүзілік сауда ұйымыҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатҚазақ хандығының құрылуыФизикалық-географиялық аудандастыруҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыЗәр шығару жүйесіҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіХалықаралық балалар күніҚожа Ахмет Ясауи кесенесіӨсімдіктерКөміртегіБаскетболТүркістан автономиясыЖіктік жалғауҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміТанымал қазақтардың тізіміАлаш ОрдаФотоэлектрлік құбылыстарАналық жыныс безі1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҚоршаған ортаХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыОтырар апатыАбайдың қара сөздеріӘуе көлігіКүрішКітапханаРобототехникаДүниежүзілік көрме (2017)Жүйке жүйесіФилипп Исаевич ГолощёкинКорея РеспубликасыҒарышАқпараттық қауіпсіздікСұрыптауЖүсіп БаласағұниМодернизмЕсім ханАшық тұқымдыларӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаАстана мектеп оқушыларының сарайыPythonҒабиден МұстафинГаметаБалықтарОралхан БөкейҚаратпа сөзСаяси идеологияИт🡆 More