Ислам архитектурасы - Ислам сәулет өнері - әлемдік сәулет өнері қазынасына енетін, Ислам діннің ықпалымен салынып-қалыптаскан ерекше үлгідегі ғимарат кешендерінің жүйесі.
Ислам діннің нығайып, қанат жаюымен бірге, мұсылмандықтың әсемдік хакындағы ұғымдары мен салт-дәстүрлеріне үйлесетін жаңа құрылыстар (мешіт, медресе, кесене, т.б.) жаппай салына бастады.
Ислам архитектурасының ең бір ғажайып туындысы Меккедегі үлкен мешіт (Мәсжидул харам). Ол - ашық алаң ортасына Қағба орналасқан, төрт жағынан бірнеше қабат ашық галереямен қоршалған, оған тарихи Сафа, Маруа төбелерін галереямен жалғастырып қосқан үлкен кешен.
Әлемнің басқа жерлеріндегі сәулеттілік тәжірбиесінде кездеспейтінмұнаралы тұрғын үйлер тұрғызу. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 11 қабатты үйдің биіктіғіне тең. Алғашында олар тастан қаланған іргетастарға отырғызылып, шикі кірпіштерден тұрғызылды.
Дамаск (Шам) Мұсылман халифатының орталығына айналып, билікке Омейя әулеті келген кезде Сирия мен оның төңірегіндегі елді мекендерде аса ірі қамалдар тұргызылып, көптеген мешіттер мен сарайлар салынды (мысалы, Каср әл-Хаир әл-Ғабри, Уалид Кусейр-Амра, т.б.).
Аббас әулеті билеген тұста Халиф Мансұр 762 ж. Бағдат қаласын салып, астананы сонда көшірді. Осыған байланысты Месопотамияда (Қосөзен аралығы) Ислам архитектурасы жедел өркендеді.
IX ғасыры Египет Бағдат халифатынан бөлініп шығып, билікке арғы тегі түркілерден тараптың Тулун әулеті келді. Осы кезде аса ірі ибн Тулун мешіті салынды (879). Мысырдағы билік Фатима әулетіне (969 - 1171) ауысқан тұста Ислам архитектурасы одан әрі өркендеп, ел астанасы Каир қаласына көшірілді. Кейін билеуші әулеттер - Аби әулеті (1171 - 1250) мен мәмлүктер (1250-1517) тұсында да Мысыр Ислам архетиктураның негізгі орталығына айналып, аса ірі мешіттер мен сарайлар тұрғызылды (Самарра, Фустат,Султан Хасан мешіттері).
Арабтар 711 ж.Пиреней түбегін жаулап алып, кейін Кордова халифат кұрылған кезде осы өлкеде де ғажайып Ислам архитектурасы ескерткіштері тұрғызылды. Атап айтқанда, Кордовадағы үлкен мешіт, Гранада әмірлерінің сарайы, т.б.
X - XIII ғасырлары Ислам діні қанатың кеңге жайып, Орталық Азияға, Үндістанға, Кавказға тарала бастады. Ислам дінімен катар, аталған елдерде Ислам архитектурасы да өркендеді. Мысалы, XIII ғасыры Делиде салынған әйгілі Кутб-Минар мұнарасының биіктігі 70 м-ге, табанының диаметрі 16 м-ге жетті. Бұл мұнараның өне бойы ою өрнекті 24 шығыңқы кернеумен безендірілген. Бұған қоса Делиде мешіт ауласында тұрғызылған Темір мұнарасы бар.
Ахмадабақтағы 1427 жылы салынған Джамми-Мадджид мешіті 70х30 м-ге алаңды алып,онда 260 бағана 15 күмбезді ұстап тұр. Ұлы моғолдар билігі тұсында Үндістанда атақты Тәж-Маһал (1630 - 1652) салынады. Оның сырты әлемде теңдесі жоқ ою-өрнектермен, алтын-күміс мозаикалармен көмкерілген, жақтаулары Құран мәтіндері- мен нақышталған.
X - XII ғасырлар Иран, Ауғанстан. Орта Азия мен Қазақстанда көптеген Ислам архитектурасы ескерткіштері салынды.
Бұл өлкелерде XIV - XV ғасырларда Ислам архетиктурасы одан әріөркендеп
XVI - XVIII ғасырлары салынған
Сулеймание және Андрианопольдегі Селиме (Түркия) мешіттері
хандарының сарайы;
XIX - XX ғ. ескерткіштер -
Ислам архитектураның озық үлгілеріне жатады.
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Ислам архитектурасы, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.