Тараз — Қазақстандағы қала, Жамбыл облысының әкімшілік орталығы.
XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936–1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937–1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылғы 8 қаңтарда тарихи атауы — Тараз атауы қайтарылды.
Қала | |||
Тараз | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Статусы | Облыс орталығы | ||
Облысы | Жамбыл облысы | ||
Әкімі | Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 42°53′ с. е. 71°22′ ш. б. / 42.883° с. е. 71.367° ш. б. (G) (O) (Я) 71°22′ ш. б. / 42.883° с. е. 71.367° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Алғашқы дерек | 568 | ||
Бұрынғы атаулары | Жамбыл, Мирзоян, Әулие-Ата | ||
Жер аумағы | 139 км² | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 427,256 адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар (68,47 %) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | +7 7262 | ||
Пошта индексі | 080000 | ||
Автомобиль коды | 08 | ||
Тараз қаласының әкімдігі | |||
Тараз шекарасы | |||
Ортаққордағы санаты: Тараз |
Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер Ферғана алқабының соғдылары болған. 1997 жыл бастап қалаға тарихи атауы қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. XIX ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болды да, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, облыс әкімшілік орталығы болғанын жалғастыра берді.
Тараз қаласында Айша Бибі, Бабажы-қатын, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.
Тараз ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | |
Абсолюттық максимум, °C | 22,1 | 24,6 | 30,3 | 33,2 | 38,6 | 42,3 | 44,5 | 43,5 | 40,6 | 34,6 | 29,0 | 22,7 | |
Орташа максимум, °C | 2,2 | 3,7 | 10,4 | 18,7 | 24,6 | 30,6 | 33,0 | 31,7 | 25,8 | 17,6 | 9,9 | 4,1 | |
Орташа температура, °C | −3,1 | −1,7 | 4,7 | 12,1 | 17,4 | 22,8 | 25,0 | 23,5 | 17,8 | 10,9 | 4,3 | −1,2 | |
Орташа минимум, °C | −8,4 | −7,1 | −1 | 5,4 | 10,3 | 14,9 | 17,0 | 15,2 | 9,9 | 4,1 | −1,4 | −6,5 | |
Абсолюттық минимум, °C | −26,2 | −28,2 | −23,3 | −8,2 | −5,2 | 4,4 | 9,0 | 1,2 | −0,8 | −14,3 | −29,9 | −31 | |
Дерекнама: Тараз ауа райы мен климаты |
Қаланың халық саны: 357 663 адам (2019 жылғы).
Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, корейлер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзербайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады. Қалада «Достық үйі» бар.
Этникалық құрамдар | Халық саны 1989 жылы | % |
---|---|---|
Қазақтар | 722 627 | 69,23 % |
Орыстар | 141 829 | 13,59 % |
Өзбектер | 24 986 | 2,39 % |
Татарлар | 10 651 | 1,02 % |
Немістер | 6 695 | 0,64 % |
Басқалар | 137 055 | 13,13 % |
Тараз қаласы халқының әр жылдардағы саны:
1897 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1991 | 1999 | 2004 | 2005 | 2006 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
11 722 | 113 346 | 187 164 | 263 793 | 306 715 | 312 300 | 330 125 | 327 911 | 332 204 | 336 057 |
2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
338 454 | 342 483 | 320 634 | 325 211 | 327 411 | 326 113 | 343 275 | 351 353 | 356 983 |
2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
331925 | ▲418368 | 126 | 154616 | ▲200661 | 129,8 | 177309 | ▲217707 | 122,8 |
Тараз қаласы 26 шағын ауданнан тұрады: Ақбұлақ, Қаратау, Жайлау, Салтанат, Талас, Самал, Алатау, Мыңбұлақ, Аса, Жансая, Астана, Бәйтерек, Қарасу, Арай, Кектем, Жасыл кілем, Тонкуруш, Барыскан, Бурыл және т.б.
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған. Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:
Таразда қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудаң әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбал фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауты т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Тараз, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.