Құрлық, материк, континент — жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі.
Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн. км² немесе жалпы жер шарының 29,2%-ын алады. Солтүстік жарты шардың 39%-ын, оңтүстік жарты шардың 19%-ын құрайды. Қазіргі геологиялық дәуірде ол 6 континенттен — Аустралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америкадан тұрады. Құрлықтың 36%-ы таулы, 64%-ы жазық. Құрлық астындағы жер қабығының қалыңдығы 25-тен 75 км-ге дейін жетеді. Ішкі континенттік және шеткі континенттік құрылымдардан тұрады. Біріншісіне көне және жас платформаларда дамыған жазық өңірлер және геосинклиналдық қатпарлы облыстарда пайда болған таулы құрылымдар жатады. Екінші типтік құрылымдарға континенттердің су астындағы тегістелген жалғасы (қайраң, беткей), пассивті жиегі (атланттық) және кезектесе орналасқан қайраңдық, беткей, терең қазаншұңқырлар, шұңғымалар, мұхиттың қарқынды дамыған арал доғаларының (Тынық мұхиттың) шеткі аймақтары жатады. Құрлықтар ұзақ уақытты қамтитын эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болған гетерогенді дене саналады, ол фиксизм теориясы бойынша геосинклиналдардың дамуы барысында ертедегі ядролардың бірігіп ұлғаюы нәтижесінде пайда болған. Мобилизм теориясы бойынша, қазіргі құрлықтар бір уақыттарда бүтін болған Пангея континенті бөлшектеніп, алдымен Лавразияға және Гондванаға бөлінген. Құрлықтардың нобайы мұхиттардың ашылуынан және литосфералық плиталардың соқтығысуынан өзгеріп отырған.
Моделдер | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
7 құрлық | ||||||||
6 құрлық | ||||||||
6 құрлық | ||||||||
5 құрлық |
Құрлық | Аумағы (км²) | Жұрты 2002 (сарап.) | Бүкіл жұртынан пайызы | Тығыздығы (адам/км²) |
---|---|---|---|---|
Азия | 43,810,000 | 3,800,000,000 | 60% | 86.7 |
Африка | 30,370,000 | 922,011,000 | 14% | 29.3 |
Америкалар | 42,330,000 | 890,000,000 | 14% | 20.9 |
Солтүстік Америка | 24,490,000 | 515,000,000 | 8% | 21.0 |
Оңтүстік Америка | 17,840,000 | 371,000,000 | 6% | 20.8 |
Антарктика | 13,720,000 | 1,000 | 0.00002% | 0.00007 |
Еуропа | 10,180,000 | 710,000,000 | 11% | 69.7 |
Океания | 9,010,000 | 33,552,994 | 0.6% | 3.7 |
Аустралия-Нью-Гини | 8,500,000 | 30,000,000 | 0.5% | 3.5 |
Аустралия | 7,600,000 | 21,000,000 | 0.3% | 2.8 |
Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары Панама мойнағымен қосылған. Сонымен қатар Жердегі құрлықтарды әлем бұрыштарына бөліп айту қалыптасқан. Бұл Жағрапиялық ашылымдар дәуірінде пайда бола бастады, яғни әр жаңа жер, сол кезде айтқандай — әлем бұрышын мұхитсаяхатшылары ашқан сайын.
Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтық ажыратуға қарағанда бір әлем бұрышы боп есептеледі, ал әлемнің екі бұрышы боп есептелетін Еуропа мен Азия бір құрлықта — Еуразияда орналасқан. Еуропа мен Азия шекарасы Орал таулары, содан Каспий теңізіне дейін Жем өзені бойымен, Құма мен Маныш өзендерімен Дон өзені сағасына дейін, ары қарай Қара теңіз бен Жерорта теңіздері арқылы өтеді.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Continents |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Құрлық, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.