Қатынасу

Қатынасу, тілдесу (communication) — қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.

Қатынасу

Коммуникация (лат. communication байланысамын, катынасамын) (катысым) — адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Адамзаттық коммуникацияның хайуанаттар коммуникациянан басты ерекшелігі — оның тіл арқылы жүзеге асырылатындығында.

Коммуникация коммуникативтік актілерден кұралады, пікір айтушылар, оны түсіндірушілер коммуниканттар деп аталады. Коммуникация үшін тілдік катысымнан басқа , бет-қол кимылы, семиотика жүйесіне жататын музыка ноталары, ойын ережелері, Морзе әліппесі, ЭЕМ бағдарламалары, математика, техника саласына қатысты кибернетика, компьютер жүйесі пайдаланылады.

Сөйлеу аркылы адамдар өзара еркін түсінісе алады. Коммуникациялық кызметте тіл танымдық-белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудін маңызды тірегіне айналады. Тек жеке тұлғалардың емес, қоғам мен қоғам мүшелерінің арасын байланыстыратын қызметінін арқасында Коммуникация қоғамның калыптасуына айрықша ықпал етеді.

Коммутация — тілдің екі таңбасының — тілдік таңбанын көрінісі мен мазмұнының сәйкестігінен туатын қатынас. "Коммуникация" ұғымын глоссематикада тіл таңбалары арасындағы парадигматикалык қатынасты анықтау үшін, 1935 ж. Л. Ельмслев (Дания) енгізген. Ол шағын тіл элементтерін көрінісі мен мазмұны жағынан ерекшелеп көрсету үшін Коммуникациялык тест жасаған. Мысалы: заттын сандык мөлшерін білдіретін моль-ноль, ноль-нуль сөздері көрінісі жағынан роль-руль сиякты бір-бірінен ерекше. Бірак олар мазмұны жағынан әр-түрлі катынаста: моль-ноль, роль-руль жұп сөздері көрінісі мен мазмұн сәйкестігі жағынан бір-бірімен Коммуникациялық катынаста, ал ноль-нуль жұбы—тек бір танбанын варианттары ғана, онда Коммуникациялық катынас Ж°К. Коммуникациялык тест тілдік танбалардын көрінісі мен мазмұнын аныктау мақсатында тілдік талдаудын барлык деңгейіндеде (мыс. синкретизм (к.) құбылыстарында) қолданылады.

Коммуникация — "Мен"-нің өзін басқадан табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философияның категориясы. К.Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ казіргі француз персонализмінде мейлінше толық көрініс тапты. Тарихи жағынан коммуникация туралы ілім ағартушылыққа қарай өрлейтін қоғамдық шарт доктринасына қарама-қарсы қалыптасты. Коммуникация теориясын жақтаушылар (К.Ясперс, Б.Больнов, Э.Мунье) негізінен алғанда қоғамдық шарт дегеніміз контракт, мәміле деп атап көрсетеді, бұл мәмілеге қатынасушылар екі жақка бірдей міндеттемелермен шектелген: олар бір-бірін осы міндеттемелерге сай, яғни абстрактілі, бейнесіз түрде ұғынады. Шарт дегеніміз — адамдардың іс жүзіндегі бытыраңқылығында жатқан байланыс. Ал коммуникация шартқа қарама-қарсы, саналы түрде орнатылатын өзара тәуелділік ретінде қарастырылады. "Контрактының орнына жанасым" (Ф.Кауфман). Коммуникация орнатудың құралы пікір-сайыс деп жария етті.

Коммуникациялық жүйе, байланыс жүйесі

Коммуникациялық жүйе, байланыс жүйесі (коммуникационная система, система связц; commu-nications system) — мәліметтерді жеткізу кешенін қүрайтын аппараттық құралдардың, программалық жасақтамалардың және сол мәліметтерді жеткізу арналарының бірлестігі.

Коммуникацйялық модуль

Коммуникацйялық модуль (коммуникационный модуль; communication module) — ақпаратты бағдарлауды және ақпараттық арналарды басқаруды жасақтайтын есептеу желісінің логикалық элементі.

Коммуникациялық сервер

Коммуникациялық сервер (коммуникационный сервер; communications server) — терминал, компьютер және принтер сияқты құрылғылардын желіге қосылуын жеке коммуникациялық хаттамасыз-ақ іске асыратын, байланысқа сәйкес программалық жасақтамамен қамтамасыз етілгей компьютер. Жергілікті желілерде — жұмыс станцияларының үлкен электрондық есептеу машина- ларына, модемдерге, факс-модемдерге және басқа құрылғыларға қатынас құруын қамтамасыз ететін компьютер де осылай аталады.

Коммуникациялық хаттама

Коммуникациялық хаттама (коммуникационный протокол; communications protocol) — қысқа мерзімде стандартгы пішімді пайдаланып, мәліметгерді желінің бір торабынан (түйінінен) екіншісіне жеткізуді атқаратын мүмкіндіктер (спецификациялар) жиыны.

Коммуникациялық программа

Қатынасу 

Коммуникациялық программа (коммуникационная программа; Communications program'(software) — компьютер мен модемнің басқа компьютермен және модеммен қатынас құруына мүмкіндік беретін қолданбалы программа. Ол компьютерлер арасындағы байланыс түзілімін ұйымдастыратын телефон нөмірлерін жадында сақтап, оларды автоматты түрде теруді жүзеге асырып, жалпы қатынас қүруды оңайлатады. Байланыс орнатылған сон, бұл программа келіп түскен мәліметтерді дискіде сақтап, қажетті файлдарды дискіден өрі карай i жәнелтеді. Байланыс параметрлерін алғаш - орнату кезінде осы компьютердегі модем сипатгамаларына сәйкес бейімделеді.

Ішкі сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Tags:

Қатынасу Коммуникациялық жүйе, байланыс жүйесіҚатынасу Коммуникацйялық модульҚатынасу Коммуникациялық серверҚатынасу Коммуникациялық хаттамаҚатынасу Коммуникациялық программаҚатынасу Ішкі сілтемелерҚатынасу Сыртқы сілтемелерҚатынасу ДереккөздерҚатынасуАдам

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

НегіздерВегетативтік көбеюӘпке (драма)Өңдеуші өнеркәсіпҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерАқпараттық қауіпсіздікУкраинаҚаныш Имантайұлы СәтбаевМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Еліктеу сөзФотосинтезҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыКүнбағысТың игеруАстана мектеп оқушыларының сарайыҰйғырларСүтқоректілерҚазақстандағы ұжымдастыруТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновЭкологиялық жүйеЖоғары молекулалы қосылыстарРасул Ғамзатұлы ҒамзатовҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларЖіктік жалғауЖұмбақтасСолтүстік АмерикаАлаш қозғалысыҚой шаруашылығыҚазақстан 2050Компьютерлік вирусКеңес Одағының Батыры38-атқыштар дивизиясыАдамның табиғатқа әсеріБұрыш (геометрия)Арыстан баб кесенесіНұрдәулет Бәбиханұлы АқышАққулар ұйықтағандаМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыРахат кондитер фабрикасыГрузияДүниежүзілік көрме (2017)1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАдам ағзасындағы химиялық элементтерТыныс алуТозаңдануҚабанбай батырДүниежүзінің табиғат ресурстарыЖай механизмЖұлынЗәр шығару жүйесіҚазақстан қорықтарының тізіміАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыҚарағанды облысыШоқан Шыңғысұлы УәлихановҚазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайларыҚатерлі ісікКәсіпорынҚоғамЭлектр тогыҚазақ философиясыКайнозойОрманСақ мәдениетіТұқым қуалайтын ауруларСалт-дәстүрҚазақ батырлар тізіміХристиандықТоғыз-құмалақАустралияТөле биҚазақстан тарихыМіржақып ДулатұлыӨкпеБактерияларШерхан Мұртазаұлы МұртазаАбайдың қара сөздері🡆 More