Шакира, толық аты Шакира Исабель Мебарак Риполль (ис.
Шакира | |
Канн. Франция. 22 қаңтар 2011 жыл | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған кездегі есімі | Шакира Исабель Мебарак Риполль |
Туған күні | |
Туған жері | Барранкиль, Колумбия |
Белсенділік жылдары | 1990 - біздің күндер |
Мамандықтары | |
Аспаптары | |
Жанрлары | латин-поп, поп-рок, |
www.shakira.com Шакираның қолтаңбасы | |
Аудио, сурет, видео Ортаққорда |
Шакира 1977 жылдың 2-ақпанында порттық қала Барранкильде дүниеге келеді. Әкесі – Уильям Мебарак, тегі ливандық, араб, ал анасы – Нидия дель Кармен (тегі каталон және кастиль). Қызының болашағына зор сеніммен қарайды. Жастайынан өте зерек, алғыр болып өседі. Бір жарым жасында әріптердің бәрін танып, үш жасында оқуды үйренеді. Сегіз жасында ұлттық әндер байқауында жеңімпаз атанады. Осылайша сегіз қырлы, бір сырлы қыз он бір жасында гитарада ойнай бастайды. Он үш жасында музыкалық аспаптардың барлығын жетік меңгереді. Және испан, ағылшын, португал, итальян, француз, араб тілдерінде еркін сөйлейді.
Ең алғашқы шығарған ән жинағы «Magia» деп аталады. Осы кезде Шакира небәрі 13 жаста еді. Осы ән-жинаққа енген көп әндердің авторы да өзі. Ал, 16 жасында Испанияда өтетін үлкен ән фестивалінде Колумбия елінің намысын қорғайды. Алайда Шакираның өнердегі алғашқы қадамы сәтсіз болып, екі ән жинағы елеусіз қалады. Өзіне сенімді, қайтпас қайсар мінезді Шакира белді бекем буып, 1994 жылы колумбиялық «El Oasis» мюзиклына қатысып, көпшіліктің көзайымы болады. Ерен еңбегінің арқасында әншінің «Laun dry Servi» альбомы көп сұранысқа ие болып, 4 миллион тиражбен таралды. Шакира «Грэмми» сыйлығын үш рет жеңіп алады. Қазіргі таңда Шакира тек әнші ретінде емес, биші, продюсер ретінде де танымал. Оның өз әндеріне түсірген бейнеклиптері әншінің ерекше би қимылдарымен көрерменді тамсандырады. Шакираның атақ-даңқынан басқа тұрақты өткізіп тұратын қайырымдылық шараларын ауыз толтырып айтуға болады. Әсіресе жағдайы төмен, жетім балаларға жасаған жақсылықтары көп. Әншіге бұл жақсылығы үшін өз елінде ескерткіш қойылған.
Барселона футбол клубының және Испания ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы Жерар Пикемен азаматтық некеде. Жұбайымен Футболдан 2006 жылғы әлем біріншілігінде танысқан. Некеден Милан Пике Мебарак (2013) және Саша Пике Мебарак (2015) атты балалары бар.
Сонымен қатар Шакира әлем бойынша ең ақылды орындаушы болып табылады. Оның IQ 140, 6 тілде еркін сөйлей алады.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Шакира, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.