Фонология

Фонология(гректің phone –дыбыс, logos – сөз, ілім) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жүйесінің құрылымдық және функционалдық заңдылықтарын зерттейтін саласы.

Фонология сөзінің мағынасы

«Фонология» термині өз ішінде екі мағынада қолданылады:

  • 1. дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі;
  • 2. тілдің абстрактілі жүйесінің дыбыстық деңгейі, яғни тілдегі фонемалардың ғылыми моделі.
Фонология 
Фонологиялық анатомия.

Фонология зерттеуі

Фонология дистингтивті, делимитативті және кульминативті қызметтерін атқару тұрғысынан маңызды болып табылатын тілдің дыбыстық элементтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттейді:

  • Дистингтивті (ажырату) қызметіне сөз, морфема сияқты мағыналық бірліктерді фонетика жағынан ажыратып танып-білу және семасиологиялық жағынан басқалармен теңдестіре отырып айыру жатады.

Осыған байланысты дистингтивті қызмет перцептивті (танып-білу) және сигнификативті (мағына ажыратушы) түрлерге жіктеледі.

Мысалы, қазақ тілінде сөз соңында ң, ғ, ә, о, ұ, ү фонемалары кездеспейді. Ал сөздің соңғы буындары екпінмен ерекшеленіп, созылыңқы айтылады.

  • Кульминативті қызметінде фонемалар сөздің тұтастығы мен ерекшеленуін қамтамасыз етеді. Қазақ тілінде кульминативті қызмет сингармонизм арқылы көрінеді. Яғни, бір сөз не толық жуан, не толық жіңішке дыбыстармен айтылу арқылы тұтас бірлік болып, ондағы дыбыстар бір әуезбен айтылады.

Фонология нысанындағы тілдік бірліктер

Суперсегментті және сегментті болып екіге бөлінеді: Суперсегментті деңгейде, яғни дыбысталудың үстінен түсетін дауыс ырғағы, екпіні мен әуендік ұйымдасуына қатысты просодема, интонема бірліктері болса, сегментті деңгей бірліктері екі жақты лингвистикалық мүшелену бойынша анықталады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде сегментті және суперсегментті Фонологиялық бірліктер зерттелу үстінде.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің Фонологиялық жүйесіндегі фонемалар оппозициясы лингвалды (жуан/жіңішкелік) сингармонизм құбылысына негізделгендігін алғаш рет ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен.
Қазіргі қазақ Фонологиясы қазақ тілі дауысты және дауыссыз фонемалар жүйесінің тілдік парадигмасы мен синагматикалық қатынасын, сонымен қатар басқа да мәселелерді зерттеп келеді.

Сілтемелер

Дереккөздер:


Tags:

Фонология сөзінің мағынасыФонология зерттеуіФонология нысанындағы тілдік бірліктерФонология СілтемелерФонология Дереккөздер:ФонологияТілТіл білімі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қасым ханның қасқа жолыЖұмбақтасНесіпбек Тұрысбекұлы АйтАзаматтық қоғамСалауатты өмір салтыГенетикаБұрындық ханКСРО ыдырауыҚазақстандағы ұжымдастыруӨсімдіктер систематикасыАбай жолы (роман)Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысОмонимКөмірсуларҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніҚазақстанның мемлекеттік құрылымыҚасым ҚайсеновСолтүстік ҚазақстанҚазақстан қалаларыҚазақстан әкімшілік бірліктеріТеатрТөтенше жағдайКөксерек (әңгіме)ОтбасыЖіктік жалғауСоқырішекБейімбет Жармағамбетұлы МайлинИнфрақұрылымТоқырау жылдарындағы ҚазақстанКөшбасшылықЖоғары молекулалы қосылыстарЖүсіпбек АймауытовИмпрессионизмРоботТабиғи радиоактивтікӨзбектерПалеозойТеміртауҚазақстан демографиясыҚант диабетіАралас құрмалас сөйлемХромосомаларМейозҒабиден МұстафинӘдемі инелікҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыБейнелеу өнеріЖұрнақРобототехникаТөлеу сөзМагмалық тау жыныстарыЭволюциялық ілімХалықаралық еңбек бөлінісіҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыСюрреализмАдам даму индексі бойынша елдер тізіміҒаламдық мәселелерҚызғалдақПублицистикалық стильСарқылмайтын ресурстарКірпітәрізділерЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановСпортФилипп Исаевич ГолощёкинҚазақ әліпбиіТәуелдік жалғауПайдалы қазбаларҚазақ-Жоңғар соғысыАзияҚайта құру кезеңіЖеке еңбек шартыИранАлкандарЭкономикалық қатынасАрал экологиясыҚояндарҚазақстанның экономикалық аудандарыГүл🡆 More