Омоним

Омонимдер (гр.

Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

  1. Ат – жұмыс көлігі;
  2. Ат – есім, атау;
  3. Ат – етістік (бұйрық рай).

Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

Қас деген төрт сөз бар:

  1. қас – адамның қабағындағы қас;
  2. қас – дұшпан, жау;
  3. қас – бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);
  4. қас – ердің қасы

Бұлар да – бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.

Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.

Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.

Жасалу жолдары

Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:

  • 1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;
  • 2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.
  • 3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;
  • 4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді.

Сілтемелер

Дереккөздер

Tags:

Грек тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Мемлекеттік басқару формасыГерманияТабиғи газБұланты шайқасыТар жол, тайғақ кешуСәбит Мұқанұлы МұқановДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновЭкологияКөп жасушалы ағзаларРақымжан ҚошқарбаевКонтрацепцияҒылымӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановЖыныссыз көбеюНарықтық экономикаМәлік ҒабдуллинҚожа Ахмет ЯсауиӘсет НайманбайұлыСюрреализмҚазақстандағы экологиялық проблемаларҰрықтануТеатрТұрақты сөз тіркесіЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміАцетиленРайымбек батырДін философиясыАшаршылықКөсемшеКайнозойКонгресс кітапханасыАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіХақназар ханЕуропа2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріКүкірт қышқылыТырнақшаЖануарлар қалай үндейді (ойын)1921-1922 жылдардағы ашаршылықСөйлемҚазақстанның экологиялық проблемаларыҚұрмалас сөйлемКонституцияМутацияАралас құрмалас сөйлемРимБарыс (жануар)Мөде қағанАлкоголдік ішімдіктерКөркем әдебиет стиліЭмбриогенезОпера (музыка)БразилияҚазақстанның пайдалы қазбаларыҒылыми-техникалық революцияДүние жүзінің саяси картасыМақалаЕжелгі Рим өнеріБидай (астық)ПедагогикаДенсаулықТел өскен ұлКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыБиотехнологияКөміртегіХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыАналық жыныс жасушасыҰйғырларИмпрессионизмЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚозы Көрпеш – Баян СұлуГенетикаТәттімбет ҚазанғапұлыҚазақтың ұлттық ою-өрнегіАсқазан ауруларыХалықаралық еңбектiк миграция🡆 More