Антоним

Антоним (гр.

ἀντι- — «қарсы», гр. ὄνυμα — «ат», «атау») — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.

Көркем шығармада ойдың өрістеуі екі түрлі ұғымның, түйіннің шарпысып келуіне орай қатар алынған сөздердің қарама-қарсылық, қайшы мағынасы, көркемдік әсерлілігі күшейе түседі. Сондықтан қайшы сөздер шендестіру тәсілін тудыратын құнарлы, өнімді құрал бола алады. Мысалы:

        Атадан жақсы ұл туса,          Есіктегі басын төрге сүйрер.         Атадан жаман ұл туса,          Төрдегі басын ерге сүйрер. 

Дереккөздер

Tags:

Грек тіліЛексикологияМағынаСтилистика

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан темір жолыОю-өрнекЕсілӨскеменПугачев бастаған шаруалар соғысыҚышымаДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруАутизмҚабынуЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақ тіліВолейболПневмонияКрест жорықтарыМотивацияСирияКөкпарБастың ауыруыСәләфияДамыған елдерТопырақМұхаметжан ТынышбайұлыҚазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеISBNБасты бетҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыТыныс алуИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚызылша (медицина)Әли Имран сүресіАнтропогенезЖануарларДамушы елдерМұстафа Кемал АтатүрікҮкіДомалақ Ана КесенесіЖылқы малының атауларыАрғынСайлау жүйесіАуаӨзенСергей Иванович РахманинЕркіндікМенің атым Қожа (повесть)Наурыз көжеҚожа Ахмет ЯсауиҰйғырларАнтикалық философияСемей полигоныИталияГеографияЖұрнақРевматизмБесқонақБалқашЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларЖанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіӘл-Уақиға сүресіЕсет КөтібарұлыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыӘл-Ихлас сүресіҚазақстанның кен ресурстарыҚазақ әдебиетіДулатБіріккен сөздерСөз таптарыТүрік қағанатыӘли ибн Әбу ТалибҒұндар мемлекетіКөшбасшылықМемлекетҰрыс ханҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыФутболТас дәуіріҚазақстандағы сайлау жүйесіҚаңлылар🡆 More