Оба Індеті

Оба індеті немесе Қара індет немесе Қара өлім (ағылш.

Тарихшылардыӊ жобалап есептеуі бойынша 1346-53 жылдары Еуропада оба індеттіӊ кесірінен 75 тен 200 миллионға дейін адам қайтыс болған. Қазіргі заманныӊ ғылымдары обадаӊ қайтыс болған адамдардыӊ ДНҚ–сын зерттеген кезде аурудыӊ қоздырғышы — Yersinia Pestis бактериясы болып табылды.

Оба Індеті
1346–53 жылдарғы Оба індетінің еуропада таралуы

Ғалымдардыӊ болжамы бойынша, қара індет Орта Азияныӊ шөлейт жерлерінде басталып, Ұлы Жібек жолымен Қырымға 1343 жылы жеткен. Қырымнан Еуропаға сауда кемелердіӊ «тұрақты тұрғыны» кеме егеуқұйрықтармен бірге, дәлірек айтсақ егеуқұйрықтыӊ үстіндегі шығыс бүргелерімен бірге Еуропаныӊ жағалауларында тараған.

Пандеминыӊ салдарынан Еуропаныӊ тарихына зор әсер еткен көптеген діни, әлеуметтік және экономикалық күйзелістер туған. Бұл оқиғадан оӊалу үшін Еуропа халықтарына 150 жылдай қажет болды.

Пандемия тағы бірнеше рет қайталанған: еӊ ірілері 1361 жылы («Екінші оба») және 1369 жылы («үшінші оба»).

Қара індеттіӊ кесірінен Жерорта теӊізініӊ жағалаулары мен Еуропада халықтарыныӊ 30-60% мерт болған, яғни 14 ғасырда дүниежүзіндегі адам саны осы пандемиядан кейін 450 миллионнан 350-375 миллионға дейін азайған. Еуропа халықтарыныӊ санасында, психологиясы мен мәдениетінде, экономикасында, тіпті халқыныӊ гендік құрамында өшірілмес із қалдырды.

Пандемия сол кезеӊніӊ медицинасыныӊ әлсіздігін көрсетті. Сонымен бірге діни институттарыныӊ шарасыздығыныӊ дәлелі болды. Осыныӊ салдарынан көптеген пұтқа табынушылық ғибадаттар мен діндарлықтар қалпына келтіріліп, надандық кең етек жаяды.

Атауы

XIV ғасырдың ортасында орасан зор территорияны қамтыған оба індеті халық есінде "Қара өлім" деген атаумен қалды. Бұл қасіретті оқиға кейде "екінші індет" деп те аталады. Біріншісі Византия императоры Юстиниан кезінде болса, үшіншісі XIX - XX ғасыр басында адамзатты қан қақсатып кетті.

Алайда бұл індетті замандастары "Қара өлім" деп атамаған. XIV ғасырдағы құжаттар мен хроникаларда «зор өлім-жітік», «ұлы оба», тіпті «ұлы қауіп» деген атаулар сақталып қалған. Қазіргі атаудың пайда болуын бағзы заман тарихшыларының қателесуімен байланыстыратын бірталай гипотеза бар. Кейде "Қара өлім" атауы сырқаттанғандардың денесіне немесе оба құрбандарының мәйітіне шығатын қара немесе көкшіл дақтардың себебінен шықты деген де пайымдаулар естіліп жатады

Обаның кең таралу және жоғары өлім-жітік себебі

Экологиялық фактор

XIV ғасыр күрт ауа-райының сууымен сипатталған заман еді. Әсіресе Еуразияның климаты қатты сууды бастан кешті.Бұның себебі әлі анықалмағанмен, ғалымдар осының кесірі күннің белсенділігінде және де атмосфералық циркуляция мен Солтүстік Атлант мұхитындағы Гольфстрим арасындағы күрделі қатынас деп пайымдайды..

"Жұт жеті ағайынды" демекші, Юстиниан обасындағыдай Қара өлім індетінің алдында бірнеше сұмдық табиғи өзгерістер мен катаклизмдер өтті. Сол кездегі құжаттар Орталық Қытайда орын алған қуаңшылық пен оның артынан ілескен аштықты, Хэнань провинциясында обыр шегірткелердің қаптауын, содан кейін 1333 жылы Ханбалықты күйзелткен құйындар мен төкпе жаңбырлар жайында баяндайды. Ғалымдардың ойынша, осының бәрі кеміргіштердің адамдардың қонысына жақынырақ кең ауқымды көші-қонына және сол жерлерде олардың тығыз орналасуына әкеп соқты..

Еуропа климаты тек қана суыған жоқ, оған қоса құбылмалы болды; жоғары ылғалдық периодтарын қуаңшылық ауыстырып отырды, өсімдіктердің өсу мерзімі қысқарды. Егер 1300 - 1309 жж. аралығы тым ыстық және құрғақ болса, 1312 - 1322 жж. ауа-райы суып, ылғалдылық мөлшері артты. 1314 жылдан бастап нөсерлі жаңбырлар егінді құртып, 1315 - 1317 жж.-да орын алған Ұлы аштыққа әкеп соқты. . Еуропада азық-түлік тапшылығы тіпті 1325 жылға дейін айқын көрінді. Тамаққа жарымаған халықтың иммун жүйесі, сөзсіз, қатты шайқалып, эпидемиялардың кең таралуына жол ашты. Еуропада пеллагра және ксерофтальмия эпидемиялары кең тарайды. . Осының бәріне XII ғасырда қайта оянған шешек ауруы қосылып, обаның келісінің алдында ерекше белсенділікті көрсетті. Шешек ауруы Ломбардия, Германия, Франция және Голландия территорияларын айрықша қан қақсатады. Алапес ауруы да Еуропаны аяған жоқ. Алапеске шалдыққандардың санының қорөыныштылығы соншалық, тіпті шіркеу оларға арнаулы, италияндық lazarettiдеген атау алған, баспана құруға мәжбүр болды.. Осының бәрі, жоғары өлім-жітікті былай қоялық, аман қалғандардың иммунитетін одан әрі шайқалтып, обаның құрбандарының санының жоғары болатынын қамтамасыз етті.

Әлеуметтік-экономикалық фактор

Экологиялық алғышарттардан өзге әлеуметтік-экономикалық факторларды да айту лазым. Эпидемиялар мен аштыққа бірқатар соғыс апаттары да қосылды: Францияда Жүз жылдық соғыс, Италияда гвельфтер мен гибеллиндер арасындағы қанды шайқастарды жиі тудыратын алауыздық, Испаниядағы ел ішіндегі саяси тұрақсыздық пен азамат соғыстары және де Шығыс Еуропадағы монғол шапқыншылығы. Қаңғыбастық, кедейлік және соғыс қимылдары болып жатқан аудандардан қашқан үлкен босқындар саны, әскери жасақтардың жылжуы, қызу сауда-саттық - бәрі обаның таралуына үлкен себін тигізгеніне ғалымдар сенімді.. Адамдардың қалалардағы жоғары тығыздығы мен халықтың қарапайым гигеналық шараларға немқұрайлығы да эпидемияға зор қолдау болды. .

Гигиенаны ерекше бөліп айтсақ, онда Ерте ортағасырлардағы латын тілінде alousia деген діни машыққа көңіл аударған дұрыс. Alousia дегеніміз ол күнәға батқан денені жазалау мақсатында оны саналы түрде өмірлік рақаттар мен зәруліктерден айыру болатын. Іс-жұзінде бұл ұзақ уақыттық оразалар мен сыйынуды жақтаушылық пен ұзақ уақыттық суға кіруге адамның өзіне тыйым салуы еді. Алайда Ерте ортағасырларда осы діни машыққа ерушілер саны азая бастағанын да айта кеткен лазым. . Қаладағы санитарлық ахуал жан түршігерлік болатын. Тар көшелер қоқысқа толы болатын. Егер қоқыс көлік қозғалуына кедергі жасай бастаса, онда король не сеньорлар қоқыстан көшелерді тазартуға бұйрық беретін де, бірнеше күндік тазалықтан кейін бәрі қайта қалпына келетін. Жуындыларды көбінесе қалалықтар өз үйінен шықпай, терезенің астында қазылған орға төгетін. Дәл сол орға қасапханашылар қанды да төгіп, осының бәрі жақын жерде ағатын және қала тұрғындары тамақ дайындау мен ішуге суын қолданатын өзенге құйылатын. Осы алғышарттарды тәмамдайтын жәйт - егеуқұйрықтардың санының сұмдық орасан болуы. .

Індеттің басталуы

Дереккөздер

Қолданылған әдебиет

Возианова Ж. И. Инфекционные и паразитарные болезни. В 3-х т // Чума — Үлгі:К.: Здоров`я, 2002. — Т. 3. — Б. 138-166. — 904 б. — 3000 таралым. — ISBN 5-311-01296-x.

Даниэл М. Тайные тропы носителей смерти: Пер. с чеш. // [1] = Daniel M. Tajne stezky smrtonosu / Милан Даниэл / Под ред. Б. Л. Черкасского — М.: Прогресс, 1990. — 416 б. — ISBN 5-01-002041-6.

Супотницкий М. В., Супотницкая Н. С. Очерк V. «Чёрная смерть» — второе пришествие чумы в Европу (1346—1351) // Очерки истории чумы: В 2-х кн. — Кн. I: Чума добактериологического периода — Вузовская книга. — М., 2006. — Б. 78-131. — 468 б. — ISBN 5-9502-0093-4.

Herlihy D. The Black Death and the Transformation of the West — Harward University Press. — New York, 1997. — 117 б. — ISBN 0-674-07612-5.

Kelly J. The Great Mortality: An Intimate History of the Black Death, the Most Devastating Plague of All Time — HarperCollins. — New York, 2005. — 304 б. — ISBN 0-06-000692-7.


Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Оба індеті

Tags:

Оба Індеті АтауыОба Індеті Обаның кең таралу және жоғары өлім-жітік себебіОба Індеті Індеттің басталуыОба Індеті ДереккөздерОба Індеті Қолданылған әдебиетОба Індеті13461353Ағылшын тіліБактерияларДНҚЕуропаЛатын тіліЭпидемия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тыныс алуАлаш партиясыҚазақстанның сыртқы саясатыТел өскен ұлМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҚорқыт атаАзияАлаш қозғалысыХалықаралық ұйымдарШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновМұхтар Омарханұлы ӘуезовТөле биАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіЕртісҚаңлыларҒаламдық экологиялық проблемаларРесейДәруменҚытайМәшһүр Жүсіп КөпейұлыБайқоңыр (ғарыш айлағы)Солтүстік АмерикаКомпьютерҚазақ театрыИсламдағы жыныстық өмір әдебіӘбілхан ҚастеевКомпьютерлік желіҒылыми стильӘл-Фатиха сүресіҚоғамМагмалық тау жыныстарыКүн жүйесіФутуризмСинонимМәдениетСпартак көтерілісіҚазақстанның Қызыл кітабыЖыныссыз көбеюДүние жүзінің саяси картасыҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевБіріккен Ұлттар ҰйымыЕтеккірӘйтеке биЕсім хан саясатыҰлпан (роман)Жыныс мүшелерінің құрылысыӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..МысӨзбектерБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевТоғыз-құмалақСабақтас құрмалас сөйлемЫңғайлас салалас сөйлемҒабиден МұстафинЕтістікАбай ҚұнанбайұлыМәдени мұраОтын-энергетикалық кешенСақ мәдениетіҚазақстанның мемлекеттік құрылымыОм заңыҚорғансыздың күні (әңгіме)Тоқырау жылдарындағы ҚазақстанМикроорганизмҒылыми-техникалық прогрессҚалқанша безКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыСан есімАқпарат технологиясыАрал экологиясыАзаматтық іс жүргізу құқығыҚазақстан халқы ассамблеясыҚазақтың арқар-мериносыОқшау сөздерҚышқылАдам ағзасындағы химиялық элементтерТың игеру🡆 More