Есім Хан Саясаты

Есім хан саясаты (Шығайдың баласы, 1598-1628 ж.ж) саясатының ерекшелігі:

  • Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды
  • Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды
  • Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.
  • Есім ханның ескі жолы“ атты әдет-ғұрып ережелері жинағын шығарды. Заңда:
  1. Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті
  2. Әскер тәртібін бұзушыларға жазаны ауырлатты
  3. Ескі құқықтық заңдар мен ғұрыптарды сақтады.

XVII ғ. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды:

  • Хандық іштей бөлшектеніп, феодалдық қақтығыстар күшейді
  • Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті
  • Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады

Есім хандығы, астанасы – Түркістан қаласы. Тұрсын-Мұхаммед хандығы, ордасы – Ташкент. Тұрсын-Мұхаммед (1613-1627ж.ж.) өз атынан ақша шығарып, салық жинап отырды. Есім хан ойраттардан хандықтың шекарасын қорғай жүріп, Тұрсын-Мұхаммедтің іс-әрекеттеріне шыдамдылықпен қарады. Бұхардың ханы Иманкули екі ханның өзара жауластығын пайдаланып, Ташкентті тартып алуға тырысты. Қазақ хандарының арасында алауыздық күшейіп, 1627 ж. Есім хан Тұрсын-Мұхаммедті өлтіреді.

  • 1628 жылы Есім хан қайтыс болып, Ахмет Йассауи кесенесіне жерленеді. Бұхар әскері Ташкентті тартып алды.

Дереккөздер

  • Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Ермұханова Х.К. Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2005
  • Қазақстан тарихы (Анықтамалық құрал). Мұсабеков К.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2010.

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тұран ойпатыҚазақтардың зергерлік бұйымдарыСарқылмайтын ресурстарЭкономикаСолтүстік АмерикаДепортацияСпораТоталитаризмКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысПартеногенезЖатаған ортотрихумЖаяу Мұса БайжанұлыТәуелдік жалғауПанамаМұхаметжан ТынышбайұлыТыныс алу ауруларыҚазақ халқының мәдениетіМутацияҚазақстан әкімшілік бірліктеріҒаламшарТезисСын есімФосфорАзияЛатын АмерикасыЕкінші дүниежүзілік соғысМотивацияБұлтты технологияАсқорыту мүшелеріӘнұранҚуық түбі безінің қабынуыАуызашарҚазақстандағы көмірЖеті қазынаЯсин сүресіБаланы қырқынан шығаруИнсулинӘн-Нас сүресіСуТахауи АхтановТалғаулы салалас құрмалас сөйлемБайқоңыр (ғарыш айлағы)ГемоглобинАҚШ экономикасыҚазақстан өзендеріТың игеруҚызыл жебе (роман)Кіші жүздің Ресейге қосылуыКәффарат түрлеріАбай Құнанбайұлының шығармаларыҚазақстан туыЖоспарлы экономикаЖерСөз тіркесіҚазақша тәулік мезгілдерінің атауларыГеометрияКиіз үй құрылысыБатыс Түрік қағанатыАвтомобиль жолыАбсолют қара денеӘйтеке биӘз-Жәнібек ханДевианттық мінез-құлықЖусан иісі (повесть)Тыныс алу жүйесіАршаМақалаҒұндарҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыӘл-Фатиха сүресіҚазан төңкерісіБактерияларҚазақтың ұлттық ою-өрнегіСебеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемМиЖалаң сөйлемАқбілек (роман)АзотАвтомобиль🡆 More