Экономика

Экономика (гр.

Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.

  • Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.
  • Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.
  • Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.

Тарихы

Алғашқы қауымдық қоғамында экономикалық дамудың деңгейі төмен болып тауарды тұтыну өмір сүру үшін қамтамасыз еткен. Басында ежелгі адамдар өмір сүру үшін аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан, бірақ неолитикалық төңкерісінің нәтижесінде егіншілік және мал шаруашылығы пайда болды. Қоғамның дамуы әлеуметтік теңсіздікке және еңбектің бөлінуіне әкеліп, әлеуметтік бөлінген топтар және мемлекеттер пайда болды. Құлиеленушілік пайда болды. Табиғи алмасу түрінде (бартер) бірте-бірте тауар айналымы дамытылды, бірақ ақшаның пайда болуымен ол сауда-саттыққа өзгертілді. Соған қарамастан Ежелгі әлем және Орта ғасыр қоғамдастығында натуралды шаруашылық басымды болды. Көптеген ежелгі мемлекеттерде сарайішілік экономика болып, натуралды шаруашылық пен жоспарланған шаруашылықтың ұштасуының негізінде жүргізілген. XV ғасыр аяғында Ұлы жағырапиялық ашылулар дәуірі басталып, әлем экономиасы құрылды, бастапқы жинау дәуірі басталды. XVIII ғасырдың аяғында өнеркәсіптік төңкеріс басталып, көптеген дамыған елдерде XIX ғасырдың аяғында халықтың көпшілігі ауыл шаруашылығында емес, өнеркәсіпте болды. Басыңқы экономикалық жүйе ретінде капитализм болды, дәстүрлі қоғамның заманауи қоғамға айналу үрдісі басталды, аграрлық қоғам индустриялық қоғамға өзгере бастады. XX ғасырда бірқатар елдерде әкімшілік- басқару социалистік экономикасы қалыптасты. Басқа елдерде капитализмнің өсуі байқалды. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық төңкеріліс болды. Соның нәтижесінде жақсы дамыған елдерде индустриялық қоғам постиндустриялық қоғамға айналды. Бірқатар елдерде, соның ішінде Ресейде, объективті және субъективті себептердің әсерінен постиндустриялық қоғамға айналуы тоқтатылып тұр.

Экономикалық потенциал

Экономикалық потенциал - нақты тарихи кезеңде біртұтас халық шаруашылығы комплексінің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынуды жүзеге асыру және жеке адамның жан жақты дамуы мен жақсы тұрмыс құруына жағдай жасау мүмкіндіктерін сипаттайтын әлеуметтік экономикалық категория.

Экономикалық потенциал экономиканың ұдай өндіріс мүмкіндіктерін белгілейді, оның көлемі ұлттық байлықтың мөлшеріне, табиғи, материалдық, еңбек, өндірістік ресурстардың саны мен сапасына және оларды қаншалықты ұтымды, тиімді пайдалана білу дәрежесіне байланысты болады. Еліміздегі зерттелген пайдалы қазбалардың мол қорлары экономикалық потенциал құрылымының бастапқы элементіне жатады. Ал, жетекші элементіне еңбек ресурстары, олардың мамндандыру деңгейі және өндірістік мәдениет дәрежесі кіреді.

Экономикалық ынталандыру қоры

Экономикалық ынталандыру қоры - коллективті және олардың мүшелерін аса маңызды өндірістік және финанстық тапсырмаларды орындағаны үшін материалдық ынталандыруға арналған ақшалай қаржылар. Кәсіпорындар мен өндірістік бірлестіктерде пайда есебінен материалдық көтермелеу, әлеуметтік мәдени шаралар мен тұрғын үй құрылысы, өндірісті дамыту қорлары жасалды. Тауар өнімі мен оны өткізу көлемінің өсуі, тиімділік және еңбек өнімділігінің артуы, қор қайтарымы, өзіндік құнның кемуі, белгіленген жоспарлы мерзімге сәйкес өндірістік қуаттарды игеру, өндірістің жалпы көлемінде жоғары категорияда өндірілегн өнімнің үлес салмағы, қор құрау көрсеткіштері төмен болып табылады. Еңбек коллективтерінің шаруашылықтағы инициативасының кең өріс беруі, олардың өндірістік қызметінің түпкі нәтижелерге жетуге деген ынталылығын күшейту үшін экономикалық ынталандыру қорының бесжылдықтың әр жылы бойынша сараланып, бекітілген тұрақты нормативтерге сәйкес жасалады.

Дереккөздер


Tags:

Экономика ТарихыЭкономика лық потенциалЭкономика лық ынталандыру қорыЭкономика ДереккөздерЭкономикаГрек тіліТұтынуҮй шаруашылығы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жіктік жалғауҚалмақ қырылғанСаясатАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіФутболЖырауТуризмКеңестік Социалистік Республикалар Одағы1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанПартеногенезЖәңгір-Керей ханКөшпенділер (трилогия)Шахмет Құсайынұлы ҚұсайыновКүш моментіШымкентМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміАқмола облысыҚазақстанның экологиялық проблемаларыМетонимияСауд АрабиясыКенесары ханМэйдзи жаңғыртуыГалогендерМұхтар Омарханұлы ӘуезовШикізатЖалғауМюнхен келісіміЭмбрионЭмбриогенезТуберкулезҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміНұрдәулет Бәбиханұлы АқышҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыБиосфераСемей полигоныБейбітшілікКонгресс кітапханасыИтБір жасушалыларОпера (музыка)МинералҚыпшақтарОтбасыАнтигитлерлік коалицияТерминКомпьютерКөмірсуларСабақтас құрмалас сөйлемБүркітШерхан Мұртазаұлы МұртазаХақназар ханКаспий теңізіЖай сөйлемТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыСинтаксисМал шаруашылығы1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықТотығу-тотықсыздану реакцияларыБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевАлкиндерМұражайАмерика–Жапон шарттарыАмёбаҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевСыртқы саудаҚазақ ұлттық киімдеріТың игеруРоботБидай (астық)МеталдарАрал экологиясыИталияЕртісҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларСюрреализмЖолбарысӘлеуметтік инфрақұрылымҚазақстан географиясы🡆 More