Ерте Ортағасыр

Ерте ортағасыр — Батыс Рим империясының құлдырауынан кейін басталған еуропалық тарихтың кезеңі.

Шамамен 476-1000 жж. аралылығында 5 ғасырға созылған. Ерте ортағасырлар кезеңінде Халықтардың ұлы қоныс аударуы орын алған, викингтер пайда болған, Италияда остготтардың, Аквитанияда вестготтардың патшалығы құрылған, сонымен қатар гүлденген уақытында Еуропаның үлкен бөлігін алып жатқан Франк мемлекеті де бой көтерген. Солтүстік Африка мен Испания Араб халифатының құрамына кірген, Британдық аралдарда көптеген англдардың, сакстердің, кельттердің кішкентай мемлекеттері пайда болған. Скандинавияда, онымен қоса Еуропаның орталық және шығыс бөлігінде, Ұлы Моравияда да мемлекеттер құрылған.

Римнің құлдырауы

Б.з. 2 ғ.-дан бастап Рим империясының қуаты азая бастады - жүре-бара теңіз саудасы да қалалардың дамуы да әлсіреді, халық санының өсуі де кеміді.

150 жылы империя халқының саны шамамен 65 миллион болса, 400 жылы бұл цифра 50 миллионға дейін кеміді. Болжам бойынша бұл Еуропадағы климаттың өзгеруімен және ортажылдықтемператураның төмендеуімен байланысты, климат өзгеруінің салдарынан өнім де азайды.

2 ғасырдан бастап Рим империясында дағдарыс басталды. Траянның жетістіктерінен кейін, 117 жылы билікке Публий Элий Адрианның келуінен кейін империя Месопотамияны жоғалтты.

Ерте Ортағасыр 
Публий Элий Адрианның бьюсты

3-ғасырда римдардың германдармен қақтығысуы басталады. Рим Траян еңбекпен алған Дакияны жоғалтады. 330 жылы Константин император астананы Босфор қаласына көшіреді. Ол б.з.б. 7 ғасырда негізделіп, Византия деп аталған. Оның орнында Константинопольдың іргесі қаланады. Бұл қала Жаңа Рим деп аталған (бірақ императордың өлімінен кейін Константинополь аталады). 395 жылы соңғы император Феодосий империя жерлерін екі ұлының – Аркадий мен Гонорийдің бөлуді жөн көреді. Батыс Рим империясының және Римнің орталығының императоры 11 жастағы Гонорий атанады, ал Шығыс Рим империясының императоры 18 жастағы Аркадий атанады. Бірінші Рим өзінің маңыздылығын жоғалта бастайды, кішкене уақыттан кейін ұрлыққа ұшырайды. Феодосий Медиоланда өмір сүруді ұнатты, ал 402 жылы әрқашан варварлардың соққысына ұшарайтын Батыс империяның астанасы кішкентай, бірақ жақсы бекітулі порт ы қала Равеннаға көшеді. 410 жылы Рим вестготтардың соққысына ұшырап, үлкен зардаптар шегеді.

455 жылы Римді Солтүстік Африкада тәуелсіз мемлекет құрған вандалдар жаулап алады. Олар қаланы тек тонап қоймай, көптеген архитектіра мен өнер ескерткіштерін бұзады. Батыс империясының біржолата құлдырауы византиялық император Зенонның кесірінен болады. 476 жылдың 23 тамызында өзара соғыстар кезінде Одоакр қолбасшы Римді жаулап алады, ал 16 жастағы римдік император Ромул Август биліктен құлайды. Зенонның келісімімен Одоакр Батыстың императоры ретінде Юлийді мойындайды.

480 жылы Непот өз күзетшілерімен өлтіріледі, ал оның тәжін Византияға жібереді, осыдан кейін Зенон батыс императорларын сайламауды жөн көреді. Көптеген ғалымдар 476 жылды Ортағасырдың бастамасы деп санайды. Кейбір ғалымдар Рим империясында христиандарды қууды тоқтатқан кезді, христиандық дін басты дінге айналған кезді, яғни 313 жылды Ортағасырдың бастамасы деп санайды.

Халықтардың ұлы қоныс аударуы

Ерте Ортағасыр 
Халықтардың қоныс аудару картасы

Халықтардың ұлы қоныс аударуы — IV-VII ғасырлардағы Еуропадағы көптеген этникалық қоныс аударулардың басты атауы. Бұл қоныс аударуды жаһандық миграция үрдісі деп санауға болады және оның ерекшелігі - бүкіл германдық қоныс аударушылардың ең соңғы барған жерлері, яғни Батыс Рим империясы V ғасырдың басында әлдеқашан римдықтармен тығыз қонысталған еді. Сондықтан ұлы қоныс аударуға германдық және романизацияланған халықтың ортасындағы мәдениетті, содан соң діни дауласулар ере жүрді. Қоныс аудару үрдісі германдықтар мен романдық арасындағы қақтығыстың негізін салды. Қоныс аударуға славяндық халықтар, түрік, иран (алан) және фин-угорлық тайпалар қатысты.

Христиан дінінің таралуы. Еуропаның жандануы

Германдық тайпалардың христиандануы IV ғасырда готтардың үндеуінен басталып, бүкіл Ерте ортағасыр кезеңінде жалғасты. VI және VII ғасырларда христиандық наным-сенімді ирландық,шотландық миссионерлер таратты, VIII және IX ғасырларда - англо-саксондықтар Каролингтік жандану кезеңі нде үлкен рөл атқарды. 1000 жылдарға қарай христиандық дін Скандинавия мен Балтықтың бөлшектенген жерлерін санамағанда бүкіл Еуропада таралды.

Дереккөздер

  1. ↑ раннее Средневековье. Лопатин В. В., Нечаева И. В., Чельцова Л. К. Прописная или строчная? Орфографический словарь. — М.: Эксмо, 2009. — С. 368. — 512 с.
  2. ↑ Дата образования Византии как отдельного государства довольно дискуссионна; существует большой разброс мнений: Наиболее распространенная дата — 330 год н. э. — основание Константином Великим Константинополя; также встречаются даты: 1) конец III века (начало раздельного управления Римской Империей при Диоклетиане); середина IV века (превращение Константинополя в полноправную столицу, время Констанция II); 395 год (разделение Империи на Западную и Восточную); 476 год (гибель Западной империи); середина VI века (правление императора Юстиниана I); середина VII века (эпоха после войн Ираклия I с персами и арабами). См.: Дашков С. Б. Императоры Византии. М., 1996. С. 8.
  3. ↑ Halsall, Paul Byzantium. Fordham University (1995). Тексерілген 21 маусым 2011. Архивировано из первоисточника 23 тамыз 2011.

Tags:

Ерте Ортағасыр Римнің құлдырауыЕрте Ортағасыр Халықтардың ұлы қоныс аударуыЕрте Ортағасыр Христиан дінінің таралуы. Еуропаның жандануыЕрте Ортағасыр ДереккөздерЕрте Ортағасыр1000 жыл476 жылV ғасырАквитанияАнглдарБатыс Рим империясының құлауыВикингтерЕуропаИспанияИталияКельттерСакстерСкандинавияСолтүстік АфрикаҰлыбритания (арал)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ХромосомаларТуризмТұқым қуалайтын өзгергіштікХартлендМағжан Бекенұлы ЖұмабаевОрганикалық қосылыстарОттегіЖұқпалы ауруларДүниежүзінің табиғат ресурстарыҰлы Отан соғысыМэйдзи жаңғыртуыҚызғалдақЖеке еңбек шартыҚарағанды облысыҚатерлі ісікЗат алмасуМәдениеттануҚазақстан туыСызықшаТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровТуыстық атауларыҚалқанша безАхмет БайтұрсынұлыҚарахан мемлекетіАлмазСинонимРесейМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚазақстан азамат соғысы жылдарындаСарматтарҚазақ халық аңыздарыҚырғызстанБұланты шайқасыҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыКөмір өнеркәсібіҚыпшақ хандығыТұқым қуалайтын ауруларЖүктілікҚазақтың ұлттық ою-өрнегіГүлді өсімдіктерҚан мен терҰлы Жібек жолыГеродотҚазақстан мейрамдарыОтырарҚанайналым жүйесіҚанҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміБақбақЕжелгі ГрекияХақназар ханСемей полигоныҚаныш Имантайұлы СәтбаевМұхтар ШахановАдамның табиғатқа әсеріСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Абиотикалық факторларБіріккен Араб ӘмірліктеріТеміреткіЗәр шығару жүйесіБуддизмМұстафа Кемал АтатүрікӘлем елдерінің тізіміМиграцияМысФерромагнетиктерТитанОрыс асханасыЭтиленТарих философиясыЖоғары молекулалы қосылыстарСептік жалғауЖасанды интеллектЖапонияНарықтық экономикаБауырымен жорғалаушыларТемекіРобототехника🡆 More