Көкектер

Көкектер (лат.

Қазба қалдықтары жоғарғы эоценнен белгілі. Жер шарында кең тараған 39 туысы, 129 түрі белгілі. Дене тұрқы 15 – 70 см. Көкектердің көпшілік түрі моногамды. Қазақстанның барлық облыстарында кездесетін кәдімгі көкектер (Cuculus canorus) және Оңтүстік Алтайда ғана мекендейтін меңіреу көкектер (Cuculus saturatus) бар. Дене тұрқы 25 – 40 см. Қауырсыны айқын түсті емес, аяқтары 4 бармақты (екі-екіден қарама-қарсы біткен), ағаш басында жүруге бейім. Көкектертер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкектер балапаны жұмыртқадан шығысымен-ақ ұядағы басқа балапандарды немесе жұмыртқаларды ұядан бір-бірлеп құлата бастайды. Бұған оны итермелеуші – табиғи түйсігі (инстинкт). Көкектер балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. Көкектер негізінен зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді. Көкектерді халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады. Көкектер – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, Көкектер шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көне атауының көкек деп те аталуы осыған байланысты.

Көкектер
Бозғылт көкектің бейнеленуі (Cacomantis pallidus)

Галерея

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

АлтайАғашБұтаЖұлдызқұртИнстинктКәдімгі көкекКөкектәрізділерЛатын тіліМеңіреу көкек

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ДомбыраХалық тығыздығыНаурыз мейрамыМәтінСоқырішекЖапонияДомалақ анаҚателік сәждесіБауыр (орган)Менің атым Қожа (фильм)Ән-Нас сүресіАсқазан ауруларыБозжыра шатқалыМұхаммед ШайбаниАдамаралық қарым-қатынасҚалқанша безЗәр шығару жүйесіЖетісуТүйелерМәңгілік бала бейнеБотай мәдениетіСептік жалғауЗәрдің түзілуі және шығарылуы1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықАнықтауышЖыныс мүшелері ауруларыМахаббатҚазақстан экономикасыДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновҚарақалпақстанQazaqstan (телеарна)МетонимияТаразҰшқан ұя (повесть)Әлемнің жеті кереметіҮндістанҚарлұқ қағанатыҚазақстан астанасыАқтабан шұбырындыОлжас Омарұлы СүлейменовМоғолстанҮндестік заңыМутацияЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарҚазақ философиясыТүркістан автономиясыБасты бетҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерБалықтарТәңір тауыСауд АрабиясыГазБайғазыҚазақстан туыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыАзаматтық қоғамАИВ/ЖИТСВирусты гепатит ВТрансформаторЖанысДінАустралияҚайта құру кезеңіҚазақстан қорықтарының тізіміКарта ойыныТүркістан облысыҚоқан хандығыҚұстарМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміМоңғол империясыӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)ЕуропаТүргеш қағанатыХолециститСүреACE (Ninety One)Цистит🡆 More