Құрлық: гешнтрое

Құрлық, материк, континент — жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі.

Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн. км² немесе жалпы жер шарының 29,2%-ын алады. Солтүстік жарты шардың 39%-ын, оңтүстік жарты шардың 19%-ын құрайды. Қазіргі геологиялық дәуірде ол 6 континенттен — Аустралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америкадан тұрады. Құрлықтың 36%-ы таулы, 64%-ы жазық. Құрлық астындағы жер қабығының қалыңдығы 25-тен 75 км-ге дейін жетеді. Ішкі континенттік және шеткі континенттік құрылымдардан тұрады. Біріншісіне көне және жас платформаларда дамыған жазық өңірлер және геосинклиналдық қатпарлы облыстарда пайда болған таулы құрылымдар жатады. Екінші типтік құрылымдарға континенттердің су астындағы тегістелген жалғасы (қайраң, беткей), пассивті жиегі (атланттық) және кезектесе орналасқан қайраңдық, беткей, терең қазаншұңқырлар, шұңғымалар, мұхиттың қарқынды дамыған арал доғаларының (Тынық мұхиттың) шеткі аймақтары жатады. Құрлықтар ұзақ уақытты қамтитын эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болған гетерогенді дене саналады, ол фиксизм теориясы бойынша геосинклиналдардың дамуы барысында ертедегі ядролардың бірігіп ұлғаюы нәтижесінде пайда болған. Мобилизм теориясы бойынша, қазіргі құрлықтар бір уақыттарда бүтін болған Пангея континенті бөлшектеніп, алдымен Лавразияға және Гондванаға бөлінген. Құрлықтардың нобайы мұхиттардың ашылуынан және литосфералық плиталардың соқтығысуынан өзгеріп отырған.

Құрлық: Құрлықтар саны, Құрлықтар аумағы мен жұрты, Жоғалған құрлықтар
Түрлі құрлықтарды көрсететін анимациялық, түспен кодталған карта. Конвенциясы мен моделіне байланысты, кейбір континенттер шоғырландырылған немесе кішірек құрлықтарға бөлінген болуы мүмкін: мысалы, Еуразия жиі Еуропа мен Азияға (қызыл реңктер) бөлінеді, ал Солтүстік және Оңтүстік Америка, кейде бір Американдық құрлық (жасыл реңктері) ретінде танылады.

Құрлықтар саны

Моделдер
Құрлық: Құрлықтар саны, Құрлықтар аумағы мен жұрты, Жоғалған құрлықтар 
Түрлі құрлықтарды көрсететін түспен кодталған карта. Ұқсас реңктері шоғырландырылған немесе кіші болуы мүмкін
7 құрлық
    Сол. Америка
    Оң. Америка
    Антарктика
    Африка
    Еуропа
    Азия
    Аустралия
6 құрлық
    Сол. Америка
    Оң. Америка
    Антарктика
    Африка
       Еуразия
    Аустралия
6 құрлық
       Америка
    Антарктика
    Африка
    Еуропа
    Азия
    Аустралия
5 құрлық
       Америка
    Африка
    Еуропа
    Азия
    Аустралия

Құрлықтар аумағы мен жұрты

Құрлық: Құрлықтар саны, Құрлықтар аумағы мен жұрты, Жоғалған құрлықтар 
Халық саны және жер көлемін салыстыру
Құрлық Аумағы
(км²)
Жұрты
2002 (сарап.)
Бүкіл жұртынан
пайызы
Тығыздығы
(адам/км²)
Азия 43,810,000 3,800,000,000 60% 86.7
Африка 30,370,000 922,011,000 14% 29.3
Америкалар 42,330,000 890,000,000 14% 20.9
Солтүстік Америка 24,490,000 515,000,000 8% 21.0
Оңтүстік Америка 17,840,000 371,000,000 6% 20.8
Антарктика 13,720,000 1,000 0.00002% 0.00007
Еуропа 10,180,000 710,000,000 11% 69.7
Океания 9,010,000 33,552,994 0.6% 3.7
Аустралия-Нью-Гини 8,500,000 30,000,000 0.5% 3.5
Аустралия 7,600,000 21,000,000 0.3% 2.8

Жоғалған құрлықтар

  • Лауразия
  • Гондуана

Әлем бұрыштары

Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары Панама мойнағымен қосылған. Сонымен қатар Жердегі құрлықтарды әлем бұрыштарына бөліп айту қалыптасқан. Бұл Жағрапиялық ашылымдар дәуірінде пайда бола бастады, яғни әр жаңа жер, сол кезде айтқандай — әлем бұрышын мұхитсаяхатшылары ашқан сайын.

Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтық ажыратуға қарағанда бір әлем бұрышы боп есептеледі, ал әлемнің екі бұрышы боп есептелетін Еуропа мен Азия бір құрлықта — Еуразияда орналасқан. Еуропа мен Азия шекарасы Орал таулары, содан Каспий теңізіне дейін Жем өзені бойымен, Құма мен Маныш өзендерімен Дон өзені сағасына дейін, ары қарай Қара теңіз бен Жерорта теңіздері арқылы өтеді.

Түсініктемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Continents


Дереккөздер


Tags:

Құрлық тар саныҚұрлық тар аумағы мен жұртыҚұрлық Жоғалған құрлықтарҚұрлық Әлем бұрыштарыҚұрлық ТүсініктемелерҚұрлық ДереккөздерҚұрлықАнтарктидаАралАустралияАфрикаБеткейГондванаЕуразияЖас платформаЖер қабығыЛавразияМұхитОңтүстік АмерикаСолтүстік АмерикаТынық мұхитШұңғымаҚазаншұңқырҚайраңҚұрлықтық беткей

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Райымбек батырӨнерБиотехнологияТемірхан МедетбекАрал экологиясыҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыҚасым АманжоловАлкандарАҚШ экономикасыҚызмет көрсетуЖеті жарғыТұлғаАстанаМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҒарышОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыБензолТүсті металлургияӘбу Райхан әл-БируниМұнай экспорттаушы елдер ұйымыДыбысПайдалы қазбаларӘлкей Хақанұлы МарғұланСу көлігіЖай механизмГүлАлтынемел ұлттық паркіҚазақтарТабиғатТранспортирҚытай Халық Республикасы экономикасыЖүрек ауруларыАвтокөлік шығаратын елдер тізіміИнфрақұрылымҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріМысКөксерек (әңгіме)Жер сілкінуАцетиленҚазақ театрыАрқарҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніТүркістан облысыҚазақстан экономикасының тарихыТырнақшаМәдени мұраҚыпшақтарЭлектромагниттік индукцияЕжелгі Рим өнеріБіржан ҚожағұлұлыҚарағайАқан серіКСРО ыдырауыТау жынысыБәйтерек (монумент)Ғұндар мемлекетіБаяндауышМәдениеттануБесін намазыҚадыр Мырза ӘліГуманизмҚазақ газетіҚазақстан географиясыАқтабан шұбырындыРақымжан ҚошқарбаевҚалқанша безҚазақстандағы экологиялық проблемаларҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыМиЕсімшеҰйқы безіФутуризмЕскендір (поэма)Ленинград шайқасыАманжол Дүйсенбайұлы ӘлтаевСалт-дәстүрБіріккен Ұлттар ҰйымыКерей хан🡆 More