Илон Рив Маск (ағылш.
Илон Маск | |
ағылш. Elon Musk | |
Туған кездегі есімі | ағылш. Elon Reeve Musk |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Компаниясы | Tesla |
Білімі | Queen's School of Business (1992) |
Марапаттары | Honoris causa |
Діні | белгілі бір дінді ұстанбайды |
Қолтаңбасы | |
Жұбайы | Джастин Уилсон (2000—2008) |
SpaceX және X.com компанияның негізін қалаушы (соңғысы Confinity-мен бірікті, атауы PayPal деп өзгертілді және 2002 жылы 1,5 млрд долларға сатылған болатын, 2015 жылы $44 млрд-қа бағаланды).
SpaceX компаниясының негізін қалаушы, иесі, бас директоры және инженер; Tesla Motors бас дизайнері (Chief Product Architect), бас директор және директорлар кеңесінің төрағасы.
Оның немере інілері құрған SolarCity компаниясының директорлар кеңесіне кіреді.
Миллиардерлер журналы Forbes рейтингісінде 2016 жылы оның дәулеті $10,7 млрд. 2021 жылдың 7 қаңтарында оның дәулеті $185 млрд болып, Джефф Безосты екінші орынға аударып, Илон Маск әлемдегі ең бай адам болды. Ал 2023 жылдың 1 маусымында дәулеті $192 млрд-қа жетті.
Маск Преторияда (ОАР) туып-өскен. Оның шешесі модель және белгілі диетолог, ал әкесінің өз бизнесі болған. Ата-анасы ажырасып, бала анасымен қалды. Мектепте Илон құрдастарының тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған; тіпті бірде таяқ жегеннен соң сынған мұрнын қалпына келтіруге мәжбүр болған.
Жасы онға келгенде Илон сыйлыққа өзінің Commodore VIC-20 алғашқы компьютерін алды және онда бағдарламалауды үйренді. Он екі жасында 500 долларға өзінің алғашқы бағдарламасын Space Invaders стилінде Blast Star - атты видео ойынды сатты, ойыншы лазерлік зеңбіректерден жат планеталықтарды қатарынан атқылайтын.
Маск қаражатын газеттер арқылы көрген фармацевтикалық компания акцияларын сатып алуға жұмсайды. "Акциялар сатудан түскен бірнеше мың долларға, ол ата-анасының наразылығына қарамастан Канадаға аттанды. Университетке түскенге дейін, ол Кингстон қаласында, Онтарио провинциясында туған-туыстарының үйінде өмір сүрді. Уақыт өте келе Стэнфордқа көшті, бірақ оқуын бітірген жоқ.
1996/1997 жылдары Маск өзінің ағасымен бірге Zip2 компаниясының негізін салып, жаңалықтармен айналысатын компаниялар үшін бағдарламалық қамтамасыз ету шығарады. 1999 жылы Compaq Zip2 үшін 308 млн доллар төлеп сатып алды. Маск соманың 7%ын сатып алды (22 млн. долл.).
1999 жылдың наурыз айында Маск X.com негізін қалаушылардың бірі болды. 2000 жылы X.com Confinity компаниясымен бірікті, оның бөлімшелерінің бірінің атауы PayPal аталған. Екі жүйе де (X.com мен PayPal) электрондық пошта арқылы, дербес электрондық ақша аударуды қамтамасыз етумен айналысты, және мәміле мақсаты екі төлем жүйесінің бірігуі болды, алайда, іс жүзінде ол болмады. Маск PayPal орнына X. com брендін қоюға батыл атсалысты, бұл соңында Маск директорлар Кеңесінің шешімі бойынша орнынан түсуімен аяқталған ішкі корпоративтік келіспеушіліктерді тудырды. Алайда, Илон Масктың екі компанияның бірігуі туралы стратегиялық шешімі, сонымен қатар, белсенді түрде Интернет-аукциондарда (бірінші кезекте, eBay) электронды төлем жүйесін алға жылжытуы, 2001 жылы бизнестің түпкілікті PayPal болып өзгеріп, тез өсуіне алып келді. Осындай қомақты нәтижелер компанияға акцияларын биржаға 2002 жылғы ақпанда (және бұл ретте 11 қыркүйек 2001 жылы террористік актілерден кейін биржаға шыққан бірінші дотком-компаниялардың бірі болды) жүргізуге мүмкіндік берді. 2002 жылдың қазан айында PayPal 1,5 млрд АҚШ долларына eBay-ге сатылды. Сату кезінде Маск құрамында болатын компанияның 11,7 % акциясы тиді, бұл 165 млн доллар табыс табуына мүмкіндік берді.
2002 жылдың маусым айында Маск үшінші SpaceX компаниясының негізін қалады. Ол сериялы зымыран-тасығыштардың және коммерциялық оператор ғарыш жүйелерінің жеке әзірлеушісі.
2008 жылдың желтоқсан айында НАСА компаниямен жалпы сомасы 1,6 млрд АҚШ долларына 12 Falcon-9 тасығышын ұшыру және Dragon ғарыш кемесін ХҒС-қа жеткізуге келісім-шартқа қол қойған, 2011 жылы Space Shuttle кемелерін іске қосу бағдарламасы тоқтатылғаннан кейін ауыстыру ретінде іске асты.
Илонның айтуы бойынша, оған "Основание" ғылыми-фантастикалық романдар циклы және Айзек Азимовтың адами болмысын сақтау және дамыту үшін ғарыш кеңістігін игеру туралы көзқарастары үлкен әсер етті. Маск бірнеше ғаламшарларды өмірмен қамту адамзат құрып кету қаупінің қорғаны болуы мүмкін.
Илон Масктың алдына қойған мақсаты — ғарыштық ұшуларға арналған шығындарды 10 есе азайту. Бұл үшін ол SpaceX негізін қалады, оған өзінің алдыңғы компанияларын сатудан тапқан 100 миллион доллар салды.
2016 жылы қаңтарда Гонконгтағы инвестициялық форумда Маск, оның компаниясы Марсқа ұшуды жүзеге асыруға шамамен 9 жылдан соң 2020-2025 жылдары үміттенетінін айтты.
Илон Маск Musk Foundation қайырымдылық қорының басқармасының төрағасы болды. 2015 жылдың қаңтар айында қор Болашақ адамзат институтына жасанды интеллекті бақылауды зерттеу үшін сыйға 10 млн доллар берді.
Бірінші әйелі, Джастин Маск, онымен Канадада бір университетте оқыған. Олар 2000 жылы үйленіп, жанұясында дүниеге бес ұл келді. 2008 жылғы қыркүйекте Илон және Джастин ажырасатыны туралы жариялады, өйткені Маск британдық актриса Талула Райлимен кездесе бастады. Олар 2010 жылы отау құрды. 2012 жылы Маск Райлимен ажырасып, 2013 жылы екеуі қайтадан үйленді. 2016 жылғы наурызда ажырасуға арыз берген, сол жылдың қазан айында ажырасуы іске асты.
Джон Фавро, «Iron Man» (2008) фильмінің режиссёрі, Илон Маск Тони Старктың прототипі ретінде қызмет атқарған, бұл рөлді Роберт Дауни-кіші ойнаған болатын.
2010 жылы, Маск «Iron Man 2» фильмінде өзінің рөлінде пайда болды (сюжет бойынша Илон — басты рөлдегі Тони Старктың досы). 2013 жылы ол сондай-ақ «Мачете кісі өлтіруші» фильмінде эпизодты өзін ойнады. Маск «Басымдық» (2014, на отметке 00:07:39) ғылыми-фантастикалық фильмінде жасанды интеллект тұсаукесеріне келіп көрермендер арасында көрінген, бірақ оның есімі титрларда пайда болмайды.
Илон Маск 25 қаңтарда, 2015 шыққан «Simpsons» мультсериалында, 26 сезонның 12 сериясында камеоның дауысын салған.
«Big Bang Theory» 9 сезон 9 сериясында өзін көрсетеді.
«Ертеңгі күннің аңыздары» сериалының 1 маусым 2 сериясында, профессор Стейн өзін Илон Маск ретінде таныстырды.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Илон Маск, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.