патшайым Виктория (ағылш.
Ганновер әулетінен шыққан ол — герцог Эдуард Август пен герцогиня Викторияның қызы болды. Виктория Ұлыбритания монархтарының арасындағы билікте ұзақ уақыт отырған билеушілердің бірі, ол 63 жыл және жеті ай үстемдік етті.
Виктория ағылш. Victoria | ||||
| ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
20 маусым 1837 — 22 қаңтар 1901 | ||||
Тәж кигізу жорасы | 28 маусым 1838 | |||
Ізашары | IV Уильям | |||
Ізбасары | VII Эдуард | |||
| ||||
1 мамыр 1876 — 22 қаңтар 1901 | ||||
Ізашары | лауазымы құрылды | |||
Ізбасары | VII Эдуард | |||
Өмірбаяны | ||||
Дүниеге келуі | 24 мамыр 1819 Кенсингтон сарайы, Лондон, Англия | |||
Қайтыс болуы | 22 қаңтар 1901 (81 жас) Осборн-хаус | |||
Жерленді | Фрогмор-хаус, Уайт аралы, Англия | |||
Династия | Ганновер әулеті | |||
Туған кездегі есімі | Кент ханшайымы Александрина Виктория (ағылш. Princess Alexandrina Victoria of Kent) | |||
Әкесі | Эдуард Август, Кент герцогі | |||
Анасы | Виктория Саксен-Кобург-Заальфельд | |||
Жұбайы | Альберт Саксен-Кобург-Гот | |||
Балалары | Виктория, Альберт Эдуард, Алиса, Альфред, Елена, Луиза, Артур, Леопольд, Беатриса | |||
Қолтаңбасы | ||||
Монограммасы | ||||
өңдеу |
Виктория билік құрған жылдар "Виктория ғасыры" деп аталды. "Виктория ғасырында" біріккен корольдікте өнеркәсіп, әлеуметтік-экономикалық салалар және технология едәуір қарыштап дамыды. 1830 жылы Парламент уақытша басқару туралы заң қабылдап, анасы Виктория Сакскен-Кобургты уақытша билік жүргізетін регент етіп тағайындады.
1817 жылы ханзада регенттің (кейінірек Джордж IV) қызы Шарлотта ханшайым қайтыс болғанда, III Джорджтың 15 баласының ешбір заңды ұрпағы қалған жоқ. Сондықтан 1818 жылы оның үш ұлы, Кларенс, Кент және Кембридж герцогтары мұрагерлікті қамтамасыз ету үшін бірінен соң бірі жарыса үйленді. Бұл жарыстың жеңімпазы III Джорджтың төртінші ұлы — Кент герцогі Эдуард болды. Оның нәрестесіне Александрина Виктория деген есім берілді. Ол қайтыс болғаннан кейін және 1820 жылы IV Джордж таққа отырғаннан кейін Виктория таққа мұрагерлік қатарында үшінші атанды.
Виктория, өз сөзі бойынша, "өте қарапайым тәрбие көрген". Викторияның балалық шағы Кенсингтон сарайында өткен. Әкесі қайтыс болғандықтан, анасының ағасы Леопольд кішкентай Викторияға әке орнын басты.
1836 жылы Викторияның нағашы ағасы Леопольд, Викторияны өзінің ағасының ұлы-Альберт Ханзадаға үйлендіргісі келді. Алайда, Уильям IV Викторияны ол әулетке жақындатқысы келмеді. Керісінше, оны Нидерланды Ханзадасы Александрға тұрмысқа бергісі келді.
Викторияның жазбаларына сүйенсек, ол о бастан ақ Альбертті ұнатып қалады. Өз күнделігіне Альберттің бет әлпеті сүйкімді екенін жазады. Ал Александрды болса, тым қарапайым көрді.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Виктория (Ұлыбритания патшайымы), which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.