Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев

Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев (1.10.1909 жыл, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақжар ауылы - 18.6.1982 жыл, Алматы) - қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор (1962), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1956), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев

Өмірбаяны

  • Марксизм – ленинизм институтын бітірген (Алматы, 1937).
  • Қазақ марксизм - ленинизм ғылыми зерттеу институтының директоры (1937 - 38)
  • “Социалистік Қазақстан” (“Егемен Қазақстан”) газетінің жауапты редакторы (1938 - 41) қызметтерін атқарды, осылармен бір мезгілде Алматы жоғары оқу орындарында дәріс оқыды.
  • Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысқан (100-атқыштар бригадасының, 364-атқыштар дивизиясының саяси бөлім бастығы, Кеңес Армиясы Саяси бас басқармасы аппаратында жауапты қызметкер болды).
  • 1946 - 56 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры
  • 1956 - 68 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының вице - президенті қызметімен қатар, Экономика институтының директоры (1963 - 67)
  • 1968 - 82 жылдары осы институттың бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Еңбектері

Осы жылдары ол елімізде ғылыми кадрлар даярлау, жаңа ғылым салаларын қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосты. Қазақстандағы социал - демократиялық қозғалыстың тарихын жазу, марксизм - ленинизм классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, басып шығару жөнінде үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізді. Оның ұсынысы бойынша Партия тарихы институтында арнаулы аударма секторы құрылды. Мұнда көптеген әлеуметтік - экономикалық ұғымдардың қазақ тіліндегі баламалары тұңғыш рет тілдік айналымға енгізіліп, әлеуметтік - экономикалық әдебиетті ғылыми тұрғыда аударудың негізі қаланды.

Бәйішевтің ғылыми еңбектері Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың тарихын, республика экономикасының даму кезеңдері мен саяси экономика мәселелерін зерттеуге арналған. Ғалым 300-ден аса ғылыми мақала, 7 монография жариялады. Бұл еңбектер сол кезеңмен үндес, республиканың әлеуметтік - экономикалық жағынан дамуындағы шұғыл қажеттіліктер талабына сай келді. Бәйішев Қазақстанның өндіргіш күштерін орналастыру, республика еңбек ресурстарын саралау және оларды қоғамдық өндіріс мақсатына тиімді пайдалану, республикада экономика ғылымын дамытудың ірі де келешегі мол бағыттарын тұжырымдаудың көш басында болды.

Марапаттары

  • Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (1968). КСРО орден, медальдерімен марапатталған.
  • Октябрь революциясы ордені
  • 1 дәрежелі Отан ордені
  • Еңбек Қызыл Туы ордені
  • Құрмет белгісі ордені
  • Берлинді алғаны үшін медалі

Дереккөздер


Tags:

Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев ӨмірбаяныСақтаған Бәйішұлы Бәйішев ЕңбектеріСақтаған Бәйішұлы Бәйішев МарапаттарыСақтаған Бәйішұлы Бәйішев ДереккөздерСақтаған Бәйішұлы Бәйішев1909 жыл1982 жылАлматыАқтөбе облысыБайғанин ауданыҚазақстан ғылым академиясы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Дара сөздер мен күрделі сөздерАқан серіҚазақстан астанасыХаббл ғарыш телескопыТөменгі сатыдағы өсімдіктерГипофизЖаһандануГлюкозаАйнымалы токМүшел жасЖоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісЖаңа заманЖапонияПублицистикалық стильСібір жарасы (инфекциялық ауру)Іштің қатуыСалқам Жәңгір ханСинонимПедагогикаҚарағандыАқсу-Жабағылы қорығыҚасым ханның қасқа жолыАнтропогенезӨсімдіктерАзаматтық қоғамЖылқыБатыс ҚазақстанАйқапҚантамырларСабын және синтетикалық жуғыш заттаpКөзҚырғызстанМагнит өрісіҚұстарӘлімұлыҚазақ күресіШоқан Шыңғысұлы УәлихановАлаш ОрдаПысықтауышЭлектр тогыҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыЖалаң сөйлемӨзін-өзі өлтіруАтеросклерозКерей ханМұстафа Кемал АтатүрікИсламЕсік Алтын адамыӘбу Насыр Әл-ФарабиАнгкор-ВатКәсіпкерлікТұлғаЖер қыртысыҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеНоғай ордасыАдам өмірінің негізгі кезеңдеріТүргеш қағанатыБатыр Баян (поэма)Бұланты шайқасыҒұндарАлюминийЖай санМұрат МөңкеұлыҚазақстан демографиясыСтолыпин реформасыҚаңқа1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанЛексикалық талдауЛейкозБақытсыз ЖамалҚұлақТері ауруларыДәрілік өсімдіктерҚазақстан тарихыЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Қырғи қабақ соғысыДемократияЖанқожа Нұрмұхамедұлы🡆 More