Жоламан Тіленшіұлы Бастаған Көтеріліс

Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс — азаттық көтеріліс болып саналды.

Ол 18221825 жылдары болды.

Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс
Негізгі қақтығыс: Қазақтардың Ортаазиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері
Дата

1822 жыл1825 жыл

Орын

Қазақстан (Кіші жүз жері)

Себеп

Қарулы күрестің негізгі себептерінің бірі патша үкіметінің Елек өзенінің бойында Жаңа Елек әскери бекіністер шебін тұрғызуы болып табылды. Елек тұз кәсіпшілігінің қатынас жолдарын қорғау желеуімен Жайық пен Елек арасындағы жерлер қазақтардан тартып алынды. Орал казак әскерінің көтерілісші ауылдар жайлауға барып жүретін Нарын құмдары мен Өзен, Қамыс-Самар өзендері аралығын өз беттерімен басып алуы да жалпы наразылықтарды күшейте түсті.

Нәтиже

көтерілістің жеңілісі

Қарсыластар

Кіші жүздің тайпалары Жоламан Тіленшіұлы бастаған

Орынбор және Орал казак әскерлері

Шығындар

Белгісіз

Белгісіз

Көтерілістің басталуы

Жаңаелек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерінің наразылығын ашық білдірді. Олар 1 ші Орынбор генерал – губернаторына байырғы мал жайылымдарын қайтарып беру жөнінде хатын жолдайды. Бірақ, ол өтініштердің орындалуына үзілді – кесілді тыйым салумен болды. Мұның өзі төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан – ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі. 1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жөніндегі күреске басшылық етті.

Көтерілістің дамуы мен аяғы

Жоламан батыр атақты Бөгенбай батырдың немересі болатын. Оның 10 ұлы, 2 бауыры бар еді. Олар батырдың сенімді тірегіне айналды. Ашу – ызыға булыққан табындар мен тамаларға жауынгер адай руының қазақтары келіп қосылды. Жоламан батыр қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшілерді топтастырды. Жаңадан құрылған Жаңаелек шекара шебіне күшті шабуылдар жасала бастады. Көтерілісшілер казактардың станицаларына шабуыл жасады, олпрдың үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға алып, малдарын айдап әкетті. Сондай – ақ, патша үкіметінің әкімшілігіне бүйректері бұратын қазақ ауылдарына да шабуылдарын жасап отырды. Ондай шабуылдарды шағын жасақтар жасады. Әрбір шабуылдан кейін көтерілісшілер өздерінің соңында өртке оранған станицалар мен ауылдарды қалдырып, Қарақұмның терең қойнауыны сіңіп, бой тасалап кететін. Мұның өзі патша үкіметінің жазалаушы әскерінің көтерілісшілерге қуғын ұйымдастыруын қиындатты.

Кіші жүздің ханы Шерғазы Айшуақұлы жаңа шекара шебі аймағындағы толқуды басуға дәрменсіз болды. Көтерілісті басу үшін құрамында 500 Орынбор казагы мен екі зеңбірегі бар жазалаушы экспедиция жіберілді. 1825 жылдың көктемінде жазалаушы экспедиция Бұлдырты, Шиелі және Тамды өзендерінің бойындағы жүздеген қазақ ауылдарына ойран салып, аяусыз қырып – жойды. Көтерілісшілер аянбай қарсылық көрсетті, жазалаушы отрядтармен болған шайқастар кезінде 195 сарбаз қаза тапты, 125 адам тұтқынға алынды. Бұлардың құрамында әйелдер мен жас балалар да болды. Оларды Жайық түрмесіне айдап апарып, қамап тастады. Түрмедегі жағдай адам төзгісіз ауыр болды. Көптеген адамдар ауырып қаза тапты. Жоламан батырдың ең жақын алты бауыры Сібірге жер аударылды. Қалыптасқан мұндай ауыр жағдайда көтеріліс жетекшісі патша үкіметіне қарсыласуды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды. 1835 жылы көтеріліс көтеріліс қайтадан бұрқ ете қалды. Ол Ор және Троицк бекіністерінің арасындағы кең – байтақ жерді Ресей империясының қазақтардан тартып алуына тікелей байланысты болды. Көтерілісшілерге Кіші жүз бен Орта жүздің жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын және қыпшақ рулары қосылды. Қазақтар шекара шебіндегі бекіністерге жүйелі түрде шабуыл жасап тұрды. Көтеріліске тағы да Жоламан батыр басшылық етті. Кейінірек олар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісіне барып қосылды.

Тарихи маңызы

Жоламан батыр бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипаты басым болды. Көтерілістің әр жерде шашыраңқы жүруі мен оған қатысушылар санының аздығы оның жеңіліске ұшырауына жеткізді. Солай бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты көтерілістің пісіп – жетілуіне елеулі ықпал етті.

Дереккөздер

Tags:

Жоламан Тіленшіұлы Бастаған Көтеріліс Көтерілістің басталуыЖоламан Тіленшіұлы Бастаған Көтеріліс Көтерілістің дамуы мен аяғыЖоламан Тіленшіұлы Бастаған Көтеріліс Тарихи маңызыЖоламан Тіленшіұлы Бастаған Көтеріліс ДереккөздерЖоламан Тіленшіұлы Бастаған Көтеріліс1822 жыл1825 жыл

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Дүние жүзінің саяси картасыБразилияҚазақ руларыРим империясыҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріТұрар РысқұловМұхитХалықаралық балалар күніҒарыш38-атқыштар дивизиясыБәйтерек (монумент)ИзомерияЭкономикаЖуніс СахиевҚосарлы ұрықтануИмпрессионизмМұнайҰлы Отан соғысыОтырарАғзалардың жеке дамуы1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларРақымжан ҚошқарбаевҚант қызылшасыҚазақстандағы туризмҚанАлгоритмФутуризмЗат есімМұқағали Сүлейменұлы МақатаевРимТәттімбет ҚазанғапұлыМұхитқа шыға алмайтын елдерЖақсыз сөйлемПневмонияОзон қабатыБейбітшілікКөмірсуларТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновБұрындық ханКиіз үйАлмазМәлік ҒабдуллинКарл ЛиннейЭкологиялық пирамидаКөптік жалғауДемократияМақал-мәтелдерҚазақстан өсімдіктеріБіріккен Ұлттар ҰйымыЕртісЛуврАлкендерТозаңдануҚозғалыс (зат)Су көлігіБарбаросса жоспарыҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыӨсімдіктер систематикасыХалықаралық еңбек бөлінісіТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровРеформация1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісИбн СинаАксонӘлішер НауаиНегіздерАқпарат технологиясыБейімбет Жармағамбетұлы МайлинТуыстық атауларыӨнерҚазақ билеріЖіктік жалғауҚазақстанның пайдалы қазбаларыСоқырішекАллитерацияҚарағанды металлургия комбинатыМолотов-Риббентроп пактыҚаратпа сөз🡆 More