Дара Сөздер Мен Күрделі Сөздер

Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді.

Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейді. Мысалы: әке, жолдас, ауыл, аялдама сияқты сөздер дара болып есептеледі. Себебі, бұл сөздер бір ғана негізгі (әке, ауыл) немесе туынды түбірден (жол-дас:түбірі -жол, -дас - жұрнақ; аялда-ма: түбірі - аялда, -ма - жұрнақ) тұрады.
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке - шеше, ауыл -аймақ, ашудас, Қостұра, боз торғай, қара торы, он үш сияқты сөздер күрделі болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл - аймақ (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бозторғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостұра (қос-екі, тұра-тау).

Күрделі сөз құрамындағы сыңарлар мүшеленбей, бөлшектенбей тұтас күйінде бір бүтін лексикалық мағынаны білдіреді, тұтас күйінде белгілі бір сөз табына қатысты болып, сол күйде тұлғаланады және сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні), қос сөздер(үлкен - кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ,БҰҰ), тіркесті сөздер (шұбар ат, қара көк, жүз бес). Сөйтіп күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады.

Дереккөздер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ПалеозойҒылыми-техникалық революцияТөл сөзТоталитаризмНаурызым қорығыМәлік ҒабдуллинҚояндарДін философиясыБауыржан МомышұлыҚимақ қағанатыСинонимҚазақстан темір жолыКонституцияСалауатЕуропаКөзімнің қарасы...Жасушаның бөлінуіҚабанбай батырЖұлдызМагмалық тау жыныстарыҚазақстандағы ұжымдастыруАстрономияНегіздерӨзбектерСаңырауқұлақтарҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміТел өскен ұлСан есімКөмірЭссеКөміртегіТырнақшаАлкандарМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыҚазақстан климатыБразилияСаяси жүйеРентген сәулесіБұлшықет ұлпасыҚасым ханТуберкулезҚазақ мәдениетіҚазақстан 2030ТерроризмҚарағайҚазақ әліпбиіҚазақстандағы жануарлар әлеміЖайықБұрындық ханКітапҚазақстан қорықтарының тізіміӨзгергіштікТатарларИсламдағы жыныстық өмір әдебіСын есім16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыҚуыршақ театрыАлматы қорығыГеосаясатАқбілек (роман)ҚайыңКөкпарЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚызғалдақТабиғатты қорғауӘйтеке биКаспий теңізіҮтірСинекдохаИспанияСалаСәкен СейфуллинАққулар ұйықтағандаҚазақстан экономикасыЖаңа білім беру жүйесіТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыАлкоголдік ішімдіктерКөсемше🡆 More