Төменгі Сатыдағы Өсімдіктер

Төменгі сатыдағы өсімдіктер – дене құрылысы талломды (қаттамалы) өсімдіктер.

Төменгі сатыдағы өсімдіктерге XX ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді. Соңғы жүйеленім бойынша төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырларды жатқызады.

Төменгі Сатыдағы Өсімдіктер

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбеген. Бұлардың арасында клеткасы оқшауланған нағыз ядросы жоқ прокариоттар және клеткаларында нағыз ядросы бар эукариоттар болады. Дене құрылысы жағынан бір не көп клеткалы және ұзындығы 30-35 м-ге жететін түрлері де кездеседі. Қоректенуі жағынан автотрофтылар (балдырлар, қыналар); гетеротрофтылар және автогетеротрофтылар (миксотрофтар) болып бөлінеді.

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің қазба қалдықтары өте ертеден белгілі. Бактериялар мен балдырлар кембрийге дейінгі криптозойлық шөгінділерден табылған. Төменгі сатыдағы өсімдіктер табиғатта зат алмасу процесінде (қ. продуценттер, консументтер, редуценттер) үлкен рөл атқарады. Кейбір түрлері атмосферлік азотты фиксациялауға қабілетті.

Көпшілік түрі тағам ретінде (саңырауқұлақтар, балдырлар), тыңайтқыш ретінде (балдырлар), кондитерлік өндірісте (агар), антибиотиктер алуда (сәулелі саңырауқұлақтар), қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда (қына) пайдаланылады. Араларында зиян келтіретін түрлері де аз емес. Мысалы, ауру тарататын паразитті саңырауқұлақтар, судың “гүлдеуін” туындататын кейбір балдырлар. Төменгі сатыдағы өсімдіктер жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

Tags:

БалдырЖануарларЖоғары сатыдағы өсімдіктерӨсімдіктер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ленинград шайқасыӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..ПалеозойАвторлық құқықТүпті жуаАйтысАуа ластануыСөз таптарыБұлшық етУнитарлы мемлекетҚасым АманжоловБейімбет Жармағамбетұлы Майлин1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҚазақстан экономикасыҰрықтануЖүсіпбек АймауытовҚырғи қабақ соғысыҚазақ билеріЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚожа Ахмет Ясауи316-атқыштар дивизиясыКөнерген сөздерТәуке ханАустралияШешендік сөзЭлектрондық сандық қолтаңбаАлкиндерОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыБіріккен Араб ӘмірліктеріАбай жолы (роман)ЖанрСызықшаКүн (жұлдыз)1921-1922 жылдардағы ашаршылықОнтогенезЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміҚолдан сұрыптауБарбаросса жоспарыОтбасыТемпераментҚазақ газетіҚоршаған ортаны қорғауҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Өңдеуші өнеркәсіпТүсті металлургияХромосомаларШикізатЕсімдікТұқым қуалайтын өзгергіштікҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміХалықаралық балалар күніҚант диабетіҚазақстан демографиясыБесеудің хатыҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыКөмір өнеркәсібіЖайықVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныҚазақстан мәдениетіҒаламдық мәселелерЖалпы ішкі өнімМартин ЛютерЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріПродуценттерЖыныс қатынасынан жұғатын аурулар16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Қозғалыс (зат)Чарлз ДарвинСәкен СейфуллинЖетіқарақшыҒылыми стильҒылыми фантастикаЖылқыМодернизмӨзгергіштікБатыс Түрік қағанатыЭритроциттер🡆 More