Жаңа Гвинея

Жаңа Гвинея (индонезияша Papua, ағылш. New Guinea) — Тынық мұхиттың батысындағы арал. Меланезия топаралына кіреді. Үлкендігі жағынан Жер шарындағы Гренландиядан кейінгі екінші арал. Ауданы 829 мың км² . Австралиядан Торрес бұғазы бөліп тұр.

Жаңа Гвинея
индон. Pulau Irian, ағылш. New Guinea, тпи. Niugini
Жаңа Гвинея саяси бөлінуі
Жаңа Гвинея саяси бөлінуі
Сипаттамасы
Ауданы786 000 км²
Ең биік нүктесі4884 м
Тұрғындар (2010 жыл)9 500 000 адам
Халық тығыздығы12,087 адам/км²
Орналасуы
5°19′ о. е. 141°36′ ш. б. / 5.317° о. е. 141.600° ш. б. / -5.317; 141.600 (G) (O) (Я) 141°36′ ш. б. / 5.317° о. е. 141.600° ш. б. / -5.317; 141.600 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияТынық мұхит
ЕлдерЖаңа Гвинея Индонезия
Жаңа Гвинея Папуа — Жаңа Гвинея
АймақтарБатыс Папуа, Папуа, Момасе, Папуа, Хайлендс
Жаңа Гвинея (Океания)
Жаңа Гвинея
Жаңа Гвинея
Жаңа Гвинея Жаңа Гвинея Ортаққорда
Жаңа Гвинея Басқа мағыналар үшін Гвинея (айрық) деген бетті қараңыз.

Аралдың орталық бөлігінде батыстан шығысқа қарай Орталық таулар созылып жатыр (абсолютiк биіктігі 5030 м, Джая тауы), ал солт-нде Жағалаулық таулар (абсолютiк биіктігі 4103 м, Бангета тауы) орналасқан. Оңтүстік бөлігі ойпатты кең жазық, абсолюттік биіктігі 100 м-ден аспайды, оңтүстік-батысы — батпақты. Солтүстік жартысының климаты — экваторлық, оңтүстігінде — субэкваторлық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазықта 1000 мм, таулы аймақтарда 4000 мм-ге дейін жетеді. Биікт. 4000 м-ден асатын тауларда мұздықтар қалыптасқан. Өзендері ұзын, суы мол (Мамберамо, Сепик, Дигул, Флай), кеме жүзуге қолайлы. Ылғалды тропиктік орман өседі. Оңт-нде саванна кездеседі. Ормандарда папоротник, лавр, мирта, қылқан жапырақты ағаштар өседі. Жануарлары — кенгуру, қалталы борсық, крокодил. Аралдың батыс бөлігі Индонезияның территориясына (Батыс Ириан), шығысы Папуа — Жаңа Гвинея мемлекетінің территориясына енеді. Аралдың тұрғылықты халқы — папуастар мен меланезиялықтар. Негізгі кәсібі — егіншілік. Негізінен, батат, жүгері өсіреді. Кокос пальмасы, какао, кофе, каучук гевеясы плантациялары бар. Мұнай, күміс, алтын, көмір өндіріледі. Балық аулау кәсібі дамыған. Ірі қалалары: Порт-Морсби, Маданг (Папуа — Жаңа Гвинея), Соронг, Джаяпура (Индонезия). Жаңа Гвинея аралында европалықтардан алғаш рет 16 ғ-дың 1-жартысында португал саяхатшылары болып қайтты. Аралды орыс ғалымы Н.Н. Миклухо-Маклай (1846 — 1888) зерттеген.


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыЛатын АмерикасыТүрік руна жазбаларыКиіз үй құрылысыМәкрүһҒұндарЖүсіпбек АймауытовҚазақстандағы транспортӘлемдегі ең танымал кітапханаларРахит ауруы (мишел ауруы)ОксидтерҚан топтарыҚазақстандағы көмірШығыс Қазақстан облысыМөде қағанЖарықТыныс алу ауруларыБанкЖалаң сөйлемҚытай тарихыҚауіпсіздікСалауатты өмір салтыДемографияҚызыл жебе (роман)Батыр Баян (поэма)УақытӘлем елдерінің тізіміШығыс ЕуропаӘбіш КекілбайұлыЛандшафтҰлтаралық қақтығысӨмірзая (роман)Жалғаулық шылауларҚанҚыз ЖібекАуыспалы егісТүркістан облысыЗат алмасуҚазақстанның кен ресурстарыАзияЕртегіСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыАбай Құнанбайұлының шығармаларыКиіз үйЛизосомаТабиғатты қорғауТехнологияПайдалы қазбаларАммиакХиуаз Қайырқызы ДоспановаДамушы елдерАқсу-Жабағылы қорығыПневмонияҚорқыт атаҰлы Отан соғысыЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміДепортацияСыбайлас жемқорлықСәбит Мұқанұлы МұқановТұрар РысқұловПродуценттерАтомКодекс КуманикусСперматозоидБесік тойыҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаПоэзияСабақтас құрмалас сөйлемЕуразияНоғай ордасыВирусты гепатит ААминдерҚасым ханШахматҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерСөз тіркесі🡆 More