Аммиак

Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір иісті (мүсәтір спирті иісті) түссіз газ.

Аммиак ауадан шамамен алғанда екі есе жеңіл. Аммиактың суда ерігіштігі жоғары - 1000 көлем суда 1200 көлем (0°C кезінде) немесе 700 көлем (20°C кезінде) NH3 ериді. Тоңазытқыш техникада R717 деген атауға ие, мұндағы R – Refrigerant (хладагент), 7 – хладагент типі (бейорганикалық қосылыс), 17 – молекулалық массасы.

Алынуы.

Лабораторияда қатты аммоний хлориді NH4Cl мен сөндірілген әкті Са(ОН)2 араластырып, қыздырып, аммиак алады.

Реакция теңдеуі: 2NH4Cl + Ca(OH)2 = CaCl2 + 2NH3↑ + 2H2O

Өндірісте аммиакты азот пен сутектен тікелей синтездеп алады.

Физикалық қасиеттері

Аммиак — түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш газ. Балқу температурасы -77,8°С, қайнау температурасы -33,4°С.

Аммиак суда өте ерімтал, 1 көлем суда 700 көлем аммиак ериді. Аммиак суда ерігенде аммиак гидратын NH3·H2O түзеді. Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мусәтір спирті деген атпен дәріханада сатылады.

Химиялық қасиеттері.

Аммиактың сумен әрекеттесуі.

Аммиак суда ерігенде, темендегі тепе-теңдік іске асады:

Аммиактың судағы ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді.

Себебі соңғы тепе-теңдік сол жаққа қарай көбірек ығысатындықтан, судағы ерітіндіде гидроксид ионы ОН- аз болады. Өздеріңе белгілі негіздерден аммоний гидроксидінің айырмашылығы — мұнда оң зарядты ион аммоний NH4 болады.

Аммиактың оттекте жануы (15-сурет). Егер аммиак пен оттек ағынын тұтандырса, аммиак оңай жанады: а) өршіткі қатыспаса, бос күйдегі азот бөлінеді:

    Аммиак 
    Аммиак 

ә) өршіткі (Pt қатысында) азот (II) оксидіне дейін тотығады:

Аммиак қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді.

Мысалы, екі шыны таяқшаны алып, біріншісін — аммиак суына, екіншісін — концентрациялы тұз қыішқылына батырып, екі таяқшаны бір-біріне жақындатса, ақ түтін пайда болады.

Ол — аммоний хлоридінің өте ұсақ кристалдары. Реакция тендеуі:

Аммиак басқа да күшті қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді.

Физиологиялық әсері

Аммиактың тұншықтырғыш иісі бар. Ауаға тарағанда адамның дем алуына зиянды әсер етеді. Аммиак тасымалдайтын цистернаның қауіпсіздік шарасы үнемі қадағалануы тиіс.

Аммоний тұздары — құрамында аммоний ионы NH4+ және қышқыл калдықтары болатын қатты кристалды, күрделі заттар. Мысалы, NH4Cl, (NH4)2SO4, NH4NO3, т.б. Бұл тұздардағы аммоний ионы NH4+ қосылыста бір валентті металл орнына жүреді. Бұл тұздардың бәрі суда жақсы ериді.

Химиялық қасиеттері.

Аммоний тұздарының басқа тұздарға ұқсас ортақ қасиетімен қатар ерекше қасиеттері де бар. Соның бірнешеуін қарастырайық.

Қыздырудың әсері.

Аммоний тұздарын қыздырғанда, олардың айырылуы кұрамына қарай әртүрлі өтеді. Мысалы:

Ерекшелігі — бөлінген аммиак NH3 қайтадан хлорсутекпен әрекеттесіп, сынауықтың суык қабырғасында аммоний хлоридінің майда ақ кристалдарын түзеді (16-сурет). Аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырса, аммиак газы бөлінеді. Газ шығып жатқан түтіктің аузына ылғал қызыл лакмус қағазын ұстаса, ол лезде көгереді. Аммиак газын өткір иісінен де байқауға болады. Бұл әрекеттесу аммоний тұзын анықтауға сапалық реакция болып табылады:

Қолданылуы.

Аммиактан минералдық тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады (17-сурет). Аммиак төменгі қысымда (0,7—0,8 мПа) оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады.

Аммоний нитраты мен аммоний сульфаты, аммоний гидро- фосфаттары тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады. Аммоний хлориді: дәнекерлеуге, гальвани элементін даярлауға, ал аммоний гидрокарбонаты: кондитер, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Аммоний нитраты NH4NO3 мен алюминий және көмірдің коспасынан аммонал деп аталатын копарылғыш зат жасалынады.

Аммиак — өткір иісті, тұншықтырғыш газ. Өнеркәсіпте сутек пен азотты қосып, тікелей синтездеп, ал лабораторияда аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырып, аммиак алады. Аммиак суда жақсы еріп, аммоний гидроксидін, ал қышқылдармен реакцияға түсіп, аммоний тұздарын түзеді. Одан тыңайтқыштар — нитраттар, азот қышқылы, қопарылғыш заттар алынады.

Аммоний тұздарының барлығы суда жақсы ериді. Оларды қыздырғанда, аммиак бөле ыдырайды. Аммоний тұздары азот қышқылын алуға, тыңайтқыштар өндіруге, қопарылғыш заттар жасауға қолданылады.

Дереккөздер


Tags:

Аммиак Алынуы.Аммиак Физикалық қасиеттеріАммиак Химиялық қасиеттері.Аммиак Физиологиялық әсеріАммиак Химиялық қасиеттері.Аммиак Қыздырудың әсері.Аммиак Қолданылуы.Аммиак ДереккөздерАммиакГазМүсәтір спирті

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Салауатты өмір салтыДепортацияЖеті жарғыКөлӘлішер НауаиЕуразиялық Экономикалық ОдақӨнерҚазақстан мемлекеттік рәміздеріАзияБесін намазыЭстрогенӨзгергіштікГүлді өсімдіктерАлғашқы қайта өрлеу дәуіріКартопҚажымұқан МұңайтпасұлыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріАҚШ президенттерінің тізіміСолтүстік ҚазақстанҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыФотоэлектрлік құбылыстарАбстракционизмТехнологияФилософияМорфология (лингвистика)Қасым ханның қасқа жолыӨкпеМиелин қабықшасыБөлшектенуВирусты гепатит ВҚұстарҚуысмүйізділерҚазақстанның пайдалы қазбаларыЭндемикҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеАғашСинекдохаПысықтауышГаметаҚазақстандағы көмір кеніТаразОмыртқалыларФариза ОңғарсыноваКүйОрбұлақ шайқасыҚазақстан астанасыҚазақстан темір жолыКиелі жануарларДыбысҚызмет көрсетуБалдырАлгоритмҚоректік тізбекӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚұрманғазы СағырбайұлыАқпарат технологиясыАқпараттық қауіпсіздікЖаңа білім беру жүйесіАбортСолтүстік АмерикаАлюминийСперматозоидҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Өмірзая (роман)Көмір өнеркәсібіҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыҚазыбек биҚыстырма сөзҚазақтың 500 ән-күйіАлтын ОрдаМикроэлементтерОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыТөле биШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновЖайықТарих философиясыҚасым хан🡆 More