Ноғайлар

Ноғайлар (ноғ.

Халық саны 110,000 адамнан астам, соның 104 мыңы Ресейде тұрады. Ноғайлар негізінен Ресейдің Дағыстан, Қарашай-Черкесия, Шешенстан республикалары, Ставрополь өлкесі және Астрахан облысында тұрады. Бір бөліктері Украинаның Қырым Республикасының солтүстігінде, Румыния теңіз жағалауында және Түркияда тұрады. Дағыстанның Ноғай ауданы және Қарашай-Шеркесияның да аттас ауданы бар, алайда екеуінің де автономиялық деңгейі жоқ. Ноғай халқының шығу тегі жиі қыпшақтар, маңғыттар, құмандар және печенегтермен байланыстырылады.

Ноғайлар
ноғ. Ногайлар
Бүкіл халықтың саны

шамамен 110 000

Ең көп таралған аймақтар
Ноғайлар Ресей

103,660

Ноғайлар Румыния

4,057

Ноғайлар Болгария

500

Ноғайлар Қазақстан

425

Ноғайлар Украина

385

Ноғайлар Өзбекстан

200

Тілдері

ноғай тілі

Діні

сунни ислам

Тілі

Толық мақаласы: Ноғай тілі

Ноғай тілі алтай тілдері семьясының түркі тілдерінің батыс ғұн бұтағындағы қыпшақ тобының қыпшық-ноғай ішкі тобына жатады.

Діні

Ноғайлардың дәстүрлі діні — сунни исламның ханафи мазһабы.

Тарихы

Ноғайлар 
Филипп фон Страленбергтің картасындағы Үлкен және Кіші ноғай ордалары

Ноғай халқының қалыптасуында 3 кезеңді атап өтуге болады: Ноғай ордасының құрылуы және ыдырауы (XV–XVII ғасырдың бірінші жартысы), бөліну кезеңі (XVII ғасырдың екінші жартысы–XVIII ғасырдың бірінші жартысы) және соңғысы — ноғай ордаларының Ресей империясының құрамына кіруі (XVIII ғасырдың екінші жартысы).

Өз дәуірінде Еуразия құрлығында ноғайлардың рөлі зор болатын. Ноғайлар Қырым хандығында, Днестр мен Днепрдің төменгі сағаларында (орыс тарихында «Дикое поле» деген атпен белгілі, қазіргі Украина жерлері), Валахия мен Добруджада, оңтүстік Молдовада, Еділ бойы, Орал бойы мен Сібірде және бүкіл Солтүстік Кавказда (көбіне Дон мен Құбан арасы) тұрған болатын.

Ноғайлардың өте күшейген кезі ХV ғасырдың соңы және ХVІІ ғасырдың бірінші жарты жылдығының аралығында еді. Мәселен, Қырымда тұратын ноғайлар Қырым ханынан тәуелсіз бола отырып, сол кездегі Ресейдің оңтүстік шекаралас аумақтарына жиі шабуылдар жасап тұрды. Орыс үкіметі 1550 жылы ноғайлардан қорғану үшін «Засечная черта» деген қорғаныс желісін салды. 1580–1590 жылдары осы желі бойында тірек пунктері мынадай қалалар салына бастады: Воронеж, Елец, Ливны, Оскол, Валуйки және т.б.. Бұл қамалдарды салудан кейін орыстар енді өз әскерлерін Ока өзенінің бойынан неғұрлым оңтүстікке қарай жылжытып, Мценск, Орёл және Новосел қалаларының төңірегіне шоғырландыра бастайды.

ХV ғасырдың екінші жартысында ноғайлар екіге бөлінді: Үлкен және Кіші орда. ХVІІ ғасырда қалмақтардың қатты қысымынан кейін (қазақ тарихында «Ала тайдай бүліну» деген атпен белгілі) ноғайлар бұрынғы мекендерін тастап, тек Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауы бойында ғана қалды. Ал, ХVІІІ ғасырда ноғайлар Осман мен Ресей империяларының арасындағы ойыншыққа айналды, бұрынғы тәуелсіздігінен толық айырылды. ХVІІІ ғасырда жұртта қалған аз ноғай төрт приставтыққа бөлініп Ставрополь губерниясының құрамына қосылды, патша үкіметінің отарлау саясатына шыдамаған ноғайлардың екінші толқыны шетел аса берді.

1944 жылы Шешен-Ингуш АКСР таратылғаннан кейін Грозный облысы құрылып, оған Ноғай даласының аудандары қосылды. Шешендер мен ингуштарға Қазақстаннан өз ата-мекеніне қайтуға рұқсат берілгеннен кейін Ноғай, Қызлар және Тарум аудандары Дағыстанның, ал Шелковский ауданы Шешенстан-Ингушетияның құрамына берілді, ал Нефтекум ауданы Ставрополь өлкесінің құрамында қалды. Осылайша, ноғайлардың этникалық аумағы Ресей Федерациясының әртүрлі субъектілерінің құрамында бөлініп қалып, ноғайлардың қоғамдық-саяси өмірінде дағдарыс туды. Дағыстандағы Ноғай ауданын басқа жерлерде тұратын ноғайлар сол жерлерде азшылықты құрауының өзі де әсер етпей қоймады, бірақ 2005–2006 жылдары Қарашай-Шеркес автономиясындағы ноғайлар өз ауданын құра алды.

Ноғай бөліктері

Ноғайлардың Үлкен ордасы

  • Бұжақ ноғайлары — Танай (Дунай) өзенінен Днестр өзеніне дейінгі жерлерде;
  • Жетісан ноғайлары — Днестр өзенінен Оңтүстік Буг өзеніне дейінгі жерлерде;
  • Жембойлық ноғайлары — Оңтүстік Буг өзенінен Қырым түбегіне дейінгі жерлерде (ертеде Жем жағасында тұрған);
  • Жетіскөл ноғайларыҚырым түбегінің солтүстік жерлері;

Ноғайлардың Кіші ордасы

Ашықұлақ, құм ноғайлар бар Ставрополь өлкесінде тұрады, Астрахан ноғайлары бар. Қазаққа кірген ноғай-қазақ деген ру бар, атақоныс жері — Еділ менен Жайықтың арасы.

Кәсібі

Ноғайлының негізгі кәсібі, тұрмысы — мал шаруашылығы. Төрт түлікті: жылқы, түйе, қой, сиырды түгелімен өсірді. Әсіресе, өгіздер, олар негізінен, өгізбен көшетін. Төрт түліктен, қойдан кейінгі көп өсіргендері — жылқы.

Аңшылық ноғайллардың әрі сауығы, әрі кәсібі еді. Қаршыға, лашын, қыран баптап, ит жүгіртіп, құс салу - машықты тірліктері болды. Қолөнер түрлерінен тері, қой терісін, ағаш өңдеу дамыды, киіз, мата жасалды, шапан, бас киім, етік, кілемдер жасалды. Қаз мамығынан жастық, көрпе, мамық төсек, жазу үшін қаз қауырсыны пайдаланылған.

Көшпелі ноғайлар киіз үйде, отырықшы ноғайлар Солтүстік Кавказ бен жергілікті орыстар сияқты жер үйлерде тұрды. Көшпелі ноғайлардың тағы бір түрі – киіз үй екі түрлі болды: жиналмалы және тегершікті. Тегершікті киіз үй қара жерге емес, төрт, алты, сегіз тегершікті арбалардың үстіне тігілді. Оны бұзып жинау, қайта құру деген болмады, тозса, арба үстінде тозды.

Мәдениеті

Ноғайлардың ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті мұралары (лиро-эпикалық, ерлік, азаттық, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтел, аңыздар) кеңес заманына дейін халық жадында сақталып келді. Ноғай халқының өлең, жырлары қазақ ауыз-әдебиетімен үндес, түбірлес болып келеді.

Солт Кавказ ноғайларының киімдері сол өңір халыктарына құсас. Ерлер жейде, шалбар, бешпент, бөрік, башлық, бурка, тон киген. Әйелдер ұзын кең етек кейлек, бешпент, қыста тон киген. Зергерлік бұйымдар таққан. Аяқ киімдері — етік, башмақ, шарық.

Дәстүрлі тағамдары — ет, сүт ұн және балық өнімдерінен жасалады. Жылқы, қой етінен тамақ әзірлейді, түрлі шұжықтар жасайды. Ұннан шелпек пісіріледі, тұшпара қайнатады. Дәнді дақылдардан дәмді жарма дайындалады, жүгері, бидай жармасы, бұршақ қолданылады. Сорпалар ноғай асханасында ерекше орын алады, олар тауық кеспесі, ет, қамыр өнімдерімен дайындалады. Негізгі ұлттық сусындары — қымыз, одан басқа айран, бөзе, бал шербет, ноғай шайы дайындалады.

Қазақстандағы ноғайлар

Қазақстанның ноғай диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:

  • 1970 жылы — 155 адам;
  • 1979 жылы — 236 адам;
  • 1989 жылы — 539 адам;
  • 1999 жылы — 350 адам;
  • 2009 жылы — 295 адам.

Қазақстан ноғайларының басым бөлігі (63,5%-ы) Атырау облысында тұрады.

Танымал ноғайлар

Дереккөздер

Tags:

Ноғайлар ТіліНоғайлар ДініНоғайлар ТарихыНоғайлар Ноғай бөліктеріНоғайлар КәсібіНоғайлар МәдениетіНоғайлар Қазақстандағы ноғайларНоғайлар Танымал ноғайларНоғайлар ДереккөздерНоғайларАстрахан облысыДағыстанМаңғыттарНоғай ауданы (Дағыстан)Ноғай ауданы (Қарашай-Шеркесия)Ноғай тіліПеченегтерРесейРумынияСолтүстік КавказСтаврополь өлкесіТүркияТүркілерУкраинаШешен РеспубликасыҚарашай-ЧеркесияҚарашай-ШеркесияҚыпшақтарҚырым Автономиялық РеспубликасыҚұмандар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жәңгір-Керей ханЖасушаҚазақстан 2050ИсламБарсакелмес қорығыФантастикаДевианттық мінез-құлықХалықаралық ұйымдарМемлекетТіршілік үшін күресСелекционерАлкиндерСөз табыКерей ханТәуелдік жалғауҚазақстан 2030Электр энергетикасыРеформацияСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайКөміртегіСәбит Мұқанұлы МұқановМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДәулеткерей ШығайұлыМарсҚан топтары1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанПалеозойҚұрмалас сөйлемҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыТүйелерӘл-ХорезмиЖұрнақФерромагнетиктерСәулетТуыстық атауларыГүлді өсімдіктерГормондарТопырақБатыс Қазақстан облысыАқпараттық қауіпсіздікКүнделік.кзПсихологияАлаш партиясыИтДүние жүзінің саяси картасыҚажымұқан МұңайтпасұлыБәйтерек (мифология)Ел тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Сарқылатын ресурстарҚазақ хандығының құрылуыПартеногенезАсқорыту мүшелеріҚырғызстанХалықаралық балалар күніПлацентаХимиялық элементтердің периодтық жүйесіҚазақстанның кен ресурстарыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыЮпитерГуманизмҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыПысықтауышРим империясыУкраинаБесін намазыҚозы Көрпеш – Баян СұлуТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануБидай (астық)Адамның табиғатқа әсеріТұсаукесерМемлекет астаналары тізіміШарын шатқалыЭкологиялық жүйеУнитарлы мемлекетЖұқпалы ауруларХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыЛуврЭволюция🡆 More