Астрахан Облысы

Астрахан облысы (орыс.

Оңтүстік федералды округіне жатады.

Ресей Федерация субъекті
Астрахан облысы
орыс. Астраханская область
Астрахан Облысы
Бөкей хан кесенесі
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

Астрахан Облысы Ресей

Кіреді

Оңтүстік федералды өңірі
Еділ экономикалық ауданы

Әкімшілік орталығы

Астрахан

Губернатор

Игорь Юрьевич Бабушкин

Дума төрағасы

Игорь Александрович Мартынов

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°14′00″ с. е. 47°14′00″ ш. б. / 47.23333° с. е. 47.23333° ш. б. / 47.23333; 47.23333 (G) (O) (Я) 47°14′00″ ш. б. / 47.23333° с. е. 47.23333° ш. б. / 47.23333; 47.23333 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

49 024 км² (54 орын)

Экономикасы
ЖІӨ
· орын

553,4 млрд руб. (2018)
55 орын

Тұрғындары
Тұрғыны

↘997 778 адам (2021)(52 орын)

Тығыздығы

20,35 адам/км²

astrobl.ru  (орыс.)

Астрахан облысы картада

Астрахан Облысы Астрахан облысы Ортаққорда 47°14′00″ ш. б. / 47.23333° с. е. 47.23333° ш. б. / 47.23333; 47.23333 (G) (O) (Я)

Географиясы

Батысы Қалмақстан (Хальмг-Тангч) Республикасымен, солтүстік-батысы және солтүстігі Волгоград облысымен, шығысы Қазақстан Республикасының Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Жерінің аумағы 44,1 мың км², тұрғыны 1006,6 мың адам (1991).

Әкімшілік-аумақтық бөлінуі

Астрахань облысында 141 муниципалды құрылым бар, оның ішінде 2 қалалық округ (оның бірі Знаменск Астрахан облысының жабық әкімшілік аумақтық бірлігі), 11 муниципалды аудан, 11 қалалық кент, 117 ауылдық елді мекен.

Қалалық округтер

Елтаңбасы Қалалық округ Тұрғындары
(2015), адам.
I Астрахан Облысы  Астрахан қ. ↘524 371
II Астрахан Облысы  Знаменск ЖӘАҚ 27 208

Муниципалды аудандар

Астрахан Облысы 
Астрахан облысының әкімшілік бөлінісі
Туы/Елтаңбасы Муниципалды аудан Әкімшілік
орталығы
Ауданы,
км²
Тұрғындары,
адам
1 Астрахан Облысы  Ақтөбе ауданы Ақтөбе қ. 7 810 ↘60 973
2 Астрахан Облысы  Володар ауданы Володарский ауылы 3 883 ↘45 974
3 Астрахан Облысы  Жантау ауданы Жантау ауылы 6 300 ↘24 604
4 Астрахан Облысы  Икряной ауданы Икряное ауылы 1 950 ↘45 917
5 Астрахан Облысы  Қамысөзек ауданы Қамысөзек қ. 3 493 ↘45 893
6 Астрахан Облысы  Краснояр ауданы Красный Яр ауылы 5 260 ↘36 565
7 Астрахан Облысы  Лиман ауданы Лиман кенті 2 100 ↘28 840
8 Астрахан Облысы  Нариман ауданы Нариман қ. 6 100 ↘46 954
9 Астрахан Облысы  Приволжский ауданы Началово ауылы 841 ↗53 945
10 Астрахан Облысы  Қарабайлы ауданы Қарабайлы қ. 7 100 ↘39 050
11 Астрахан Облысы  Чернояр ауданы Черный Яр ауылы 4 200 ↘18 331
    Аудандық маңызы бар қалалар
Қалалық елді мекеннің атауы Халық саны
Ақтөбе қ. 38507
Нариман қ. 11196
Қамысөзек қ. 16219
Қарабайлы қ. 18041
    5 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендер

Табиғаты

Облыстың жер бедері тегіс және көп бөлігі теңіз деңгейінен төмен (2,7 м-ден — 27,5 м-ге дейін) жатыр. Жер бедеріне Каспий маңы ойпатының тұзды күмбездер көтерілімі тән. Астрахан облысының ең биік жері Боғда тауы (150 м). Климаты катаң континенттік, құрғақ болып келеді. Орташа температура қаңтарда — 9,70-6,9°С, шілдеде 25°С шамасында. Жауын-шашынның орташа мөлшері 200 мм. Аумағынан ағатын ең ірі өзен — Еділ. Өзен төменгі ағысында тармақталып кетеді. Тармақтарының ең ірілері: Ахтуба (Ақтөбе), Бақтемір, Бола, Бозан. Облыс аумағында тұзды көлдер көп. Ең ірілері: Баскүнжақ, Бас, Искрянин т.б. Тұщы көлдер (илмендер) Еділдің жайылмасы мен атырауында кездеседі. Астрахан облысын шөлейт белдем алып жатыр. Топырағы ашық қызыл қоңыр және сортаңды топырақтан шөл даланың сұр топырағына дейін дейін өзгереді. Өзен жайылмаларында аллювийлі топырақ басым. Онда шалғындық шөптесін өсімдіктер, өзен аңғарларында тоғайлар мен бұталар, қамыс, құрақ өседі. Өзендегі 50-дей балық түрінің 30-ының кәсіптік маңызы бар.

Шаруашылығы

Балық өңдеу және консервілеу, ас тұзын өндіру, машина жасау, ағаш өңдеу мен целлюлоза-қағаз өнеркәсібі дамыған. Сонымен қатар овощ пен бақша дақылдарын егу, мал шаруашылығы дамыған облыстардың бірі. Балық өңдеу және консервілеу кәсіпорындары Астрахан қаласында және теңіз жағалауы поселкелерінде орналасқан. Тұз өндіру және тазалау өнеркәсібінің орталықтары Төм.Басқұншақ поселкасы мен Ахтуба қаласында. Егіншілікте овощ, бау-бақша дақылдары үлкен орын алады. Егістік негізінен Еділ-Ахтуба (Ақтөбе) атырабында.

Халқы

Тұрғындарының негізін орыстар құрайды (77%). Астрахан облысында қазақтар да жиі қоныстанған. Олар облыс тұрғындарының 10%-дан астамын құрайды. Тығызд. 1 км²-ге 23 адамнан келеді. Қалаларда тұрғындардың 70%-ға жуығы тұрады. Ірі қалалары: Астрахан, Ахтуба (Ақтөбе), Харабали. Астрахан облысында тамақ жасау (балық, ет, тұздықтар), машина жасау (кеме), химия, газ өндіру және өңдеу, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсіптері, сондай-ақ астық, көкөніс, етті-жүнді қой ш. мен етті-сүтті ірі қара мал шаруашылықтары дамыған. Басқұншақ кенінен ас тұзын өндіреді.

Ұлттық құрамы

Облыстың ең көп халқы – орыстар, олар ондағы халықтың абсолютті көпшілігін құрайды (2002 жылғы мәліметтер бойынша – 69,9%, 2010 жылғы мәліметтер бойынша – 67,6%). Халық саны бойынша екінші орында қазақтар (2010 жылғы мәліметтер бойынша – 16,3%), бұл Ресейдегі ең ірі қазақ қауымы. Астрахан облысы татарлардың (оның ішінде астрахандық және жұрт татарлары, сондай-ақ ноғайлар, негізінен басқа диалекттерде сөйлейтін қарағаштар (8,5%), бірақ санақтарда татарлар деп есептеледі); қалмақтар мен Астрахан түрікмендерінің де тарихи тұрғылықты жері болып табылады.

Бүкілресейлік және бүкілодақтық санақ мәліметтері бойынша облыс халқының ұлттық құрамындағы өзгерістер (1926-2010):

Халық 1926 жыл
мың адам
1959 жыл
мың адам
1970 жыл
мың адам
1979 жыл
мың адам
1989 жыл
мың адам
2002 жыл
мың адам
2010 жыл
мың адам
Орыстар 380,0 (74,5 %) 544,1 (77,5 %) 654,9 (75,5 %) 684,3 (74,7 %) 713,6 (71,9 % 700,6 (69,3 %) 618,2 (67,6 %)
Қазақтар 45,7 (8,7 %) 68,9 (9,8 %) 96,7 (11,2 %) 106,0 (11,6 %) 136,5 (12,8 %) 142,6 (14,1 %) 149,4 (16,3 %)
Татарлар 48,5 (9,5 %) 57,2 (8,1 %) 67,1 (7,7 %) 70,8 (7,7 %) 71,7 (7,2 %) 80,6 (7,9 %) 90,5 (8,8 %)
Украиндар 13,9 (2,7 %) 6,5 (0,9 %) 14,0 (1,6 %) 15,8 (1,7 %) 18,7 (1,9 %) 12,6 (1,2 %) 1,1 (0,2 %)
әзербайжандар 4,5 (0,45 %) 8,2 (0,8 %) 7,8 (0,9 %)
Шешендер 4,6 (0,5 %) 7,9 (0,8 %) 10,0 (1,0 %) 7,2 (0,8 %)
Қалмақтар 4,4 (0,9 %) 12,7 (1,8 %) 11,4 (1,3 %) 8,7 (0,95 %) 8,2 (0,8 %) 7,2 (0,7 %) 6,7 (0,7 %)
Армяндар 3,1 (0,6 %) 2,8 (0,3 %) 6,3 (0,6 %) 5,8 (0,6 %)
Сығандар 2,2 (0,2 %) 2,5 (0,25 %) 7,3 (0,7 %) 5,2 (0,6 %)
Аварлар 4,2 (0,4 %) 4,7 (0,5 %)
Лезгиндер 3,0 (0,3 %) 4,2 (0,5 %)
Даргиндер 2,7 (0,3 %) 3,6 (0,4 %) 4,2 (0,5 %)
Кәрістер 2,0 (0,2 %) 2,9 (0,3 %)
Түрікмендер 1,2 (0,2 %) 1,1 1,4 1,6 2,3 (0,3 %) 2,2 (0,3 %)
Яһудилер 6,1 (1,2 %) 3,8 (0,5 %) 3,4 (0,4 %) 2,8 (0,3 %) 2,1 (0,2 %)
Беларустар 3,2 (0,3 %) 4,0 (0,4 %) 2,7 (0,3 %)
Немістер 2,8 (0,5 %)
Ұлты туралы
деректер жоқ адамдар
3,0 22,1
2000-нан астам халқы бар
ұлттар көрсетілген (түрікмендерді қоспағанда)

Қазақтар

Толық мақаласы: Астрахандық қазақтар

Қазақтар халықтың 16,3%-дан астамын құрайды және Астрахан облысының барлық дерлік аудандары мен қалаларында тұрады, бұл жалпы Ресейдегі ең үлкен көрсеткіш. Ресейдің қазақтар тұратын басқа аймақтарындағы сияқты қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді, ал қазақтар тығыз орналасқан аймақтарда орта мектептерде қазақ тілі оқытылады. Астрахань облысында қазақтың ірі мәдени орталығы – «Жолдастық». Астрахан (АМТУ) жоғары оқу орындарында қазақ тілі оқытылады. 2016-19 жылдары жер шарының ең қарт тұрғындарының бірі Астрахан облысы Красноярск ауданы Исламғазы ауылының тұрғыны Астрахандық қазақ Тәнзиля Бисембеева болды. 2016 жылдың наурыз айында 120 жасқа толды.

Дереккөздер

Tags:

Астрахан Облысы ГеографиясыАстрахан Облысы Әкімшілік-аумақтық бөлінуіАстрахан Облысы ТабиғатыАстрахан Облысы ШаруашылығыАстрахан Облысы ХалқыАстрахан Облысы ДереккөздерАстрахан ОблысыКаспий маңы ойпатыОрыс тіліРесей

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ілияс ЖансүгіровТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыМарсҚазақстан 2030СуҚазақстандағы минералды ресурстарЭкспрессионизмХимия өнеркәсібіНұралы ханЭмбрионМәдениеттануВолейболМұхтар Омарханұлы ӘуезовДостықЫңғайлас салалас сөйлемБірінші дүниежүзілік соғысЖай механизмЭкологиялық проблемаСаясатБұқар жырау ҚалқаманұлыӨзбекстанМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Қан топтарыҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлықбекҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіДыбыстың сипаттамаларыАзаматтық құқықБәйтерек (монумент)Төтенше жағдайФотосинтезАралтөбе (көне қорым)Қазақстан аудандарыБабырАйнұр ТұрсынбаеваМұнайлы мұнай кен орныҚазақ философиясыТүйелерСинонимӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыПродуценттерКаспий экологиясыОрта ғасырлардағы мәдениетСөз тіркесіТөлеген ТоқтаровҰлыбританияГерманияҒұндарЖапонияХалықаралық еңбек бөлінісіҚант қызылшасыМетафораӨсімдіктер систематикасыДүние жүзінің саяси картасыБаланы қырқынан шығаруХиуаз Қайырқызы ДоспановаФизикалық-географиялық аудандастыруЭкологиялық апатДевианттық мінез-құлықИнфрақұрылымПартеногенезБиоценозӘбу Насыр Әл-ФарабиАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріАқ Орда (мемлекет)МейозЖеңіс күніТау жынысыДидактикаҚазан төңкерісіСөз табыҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевУкраинаТөле биЭкологиялық пирамидаЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарЖасушаКомпьютерХромосомалар🡆 More