Каспий Маңы Ойпаты

Каспий маңы ойпатыКаспий теңізін солтүстігінен доға тәрізді ораған ойпатты жазық.

Каспий маңы ойпаты
Сипаттамасы
Теңiз деңгейiнен биіктігі- 28-ден 149 м
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық500 км
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық1000 км
Ауданы200 мың км²
ӨзендерЕділ , Жайық , Терек өзені
Орналасуы
47°32′00″ с. е. 49°01′00″ ш. б. / 47.53333° с. е. 49.01667° ш. б. / 47.53333; 49.01667 (G) (O) (Я) 49°01′00″ ш. б. / 47.53333° с. е. 49.01667° ш. б. / 47.53333; 49.01667 (G) (O) (Я) (T)
ЕлдерКаспий Маңы Ойпаты Қазақстан
Үлгі:Байрақ/ Ресей
Каспий маңы ойпаты (Қазақстан)
Каспий Маңы Ойпаты
Каспий маңы ойпаты
Каспий Маңы Ойпаты
Каспий ойпатының картасы

Географиялық орны

Солтүстігінде Жалпы Сырт қыратымен, шығысында Үстірт және Маңғыстау тауларының етегімен, батысында Ергене қыратымен шектеледі. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 1000 км-ден астам, ені 500 км-дей. Аумағы 200 мың км2 . Негізінен Қазақстан жерінде, батыс шеті Ресей аумағында.

Жер бедері мен геологиясы

Абсолюттік биіктігі Каспий теңізі жағалауындағы –27 м-ден шет жақтарында 100 м-ге дейін көтеріледі. Каспий маңы ойпаты бұрын теңіз түбі болған. Төрттік дәуірдегі теңіз трансгрессиялары кезінде теңіз дүниежүзілік мұхит деңгейінен 50 м жоғары көтеріліп, солтүстігінде Жигули тауларына дейін жеткен. Каспий маңы ойпатының жер бедері теңізден қалған қалыңдығы 1 км-ге дейін жететін беткі қабаты құм, шөгінді саз жыныстары қабаттарынан қалыптасқан. Тегіс жазықтың үстінде жеке тұз күмбезді қыраттар кездеседі (Бесшоқы - 60 м, Индер - 52 м, Үлкен Боғда - 152 м, т.б.). Ойпаттың теңіз жағалық бөлігінде батысында Кума өзенінің сағасынан, шығыста Жем өзеніне дейін бор төбешіктері таралған.

Климаты

Климаты қатаң континенттік. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде –14 °С, Каспий теңізі жағалауында –8 °С. Абсолют минимумы –40 °С-қа дейін барады. Қар жамылғысы жұқа түскенімен, 4 – 5 ай жатады. Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы 22 – 24 °С. Абсолют максимумы 40 °С-тан асады. Жылдық жауын-шашын солтүстігінде 250 мм-ден оңтүстік-шығысында 150 мм-ге дейін кемиді. Аңызақ жел жиі қайталанады.

Су торабы

Өзен торабы сирек. Еділ, Жайық, Терек өзендері ғана Каспий теңізіне дейін жетеді. Қараөзен, Сарыөзен, Ойыл, Сағыз, Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты жазда үзіліп қалады. Тұзды көлдер көп.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Каспий маңы ойпаты шөлейт және шөл аймақтарды қамтиды. Сортаң бозғылт қоңыр және қоңыр топырақ сипатты сор мен сортаң кең көлемде таралған. Солтүстігінде жусанды-бетегелі, оңтүстігінде жусанды-сораңды өсімдіктер басым. Жануарлардан ұсақ кеміргіштер – сарышұнақ, қосаяқ, аламан тышқаны, т.б. жиі кездеседі. Еділ мен Жайықтың аралығындағы құмдарда ақбөкен, қарсақ кездеседі. Еділдің атырауы су құстарына бай. Каспий маңы ойпатында мұнай, газ, ас тұзы кен орындары мол. Қар жамылғысының жұқа түсуі қысқы мал жайылымына қолайлы. Көлдете суғару жемшөптен мол өнім алуға мүмкіндік береді. Еділ – Ақтөбе жайылмасында бау-бақша, техникалық дақылдар және күріш егіледі. Еділдің атырауында Астрахан қорығы, шығысында мемлекеттік Үстірт қорығы орналасқан.

Дереккөздер

Tags:

Каспий Маңы Ойпаты Географиялық орныКаспий Маңы Ойпаты Жер бедері мен геологиясыКаспий Маңы Ойпаты КлиматыКаспий Маңы Ойпаты Су торабыКаспий Маңы Ойпаты Өсімдігі мен жануарлар дүниесіКаспий Маңы Ойпаты ДереккөздерКаспий Маңы Ойпаты

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Электр тогыДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевАлматы облысыҚазақстанТерминҒаламшарАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіПопуляцияСолтүстік АмерикаМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚырықжапырақтәріздестерАзияҚанЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарФранция Ұлттық кітапханасыАналық жыныс жасушасыАбай Құнанбайұлының шығармаларыАлаш партиясының бағдарламасыМұхтар ШахановҚарахан мемлекетіОттегіИмпрессионизмАмерикаБейбітшілік және келісім сарайыЕтісБастауышГерманияҚазақстандағы ұжымдастыруҚан топтарыГормондарӘл-Фатиха сүресіКапитализмЫбырай АлтынсаринБейнелеу өнеріБарыс (жануар)Қазақстанның Қызыл кітабыҚазақстан темір жолыЖылқыНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіБайқоңыр (ғарыш айлағы)СелекцияБесеудің хатыҚарлұқ қағанатыОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыҚорғалжын қорығыҚазақстан өсімдіктеріМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміФерменттерЗар Заман ақындарыБатыс Түрік қағанатыМақалаАлкандарЭнергияТеріЭкономикалық қатынасРим империясыАнықтауышПродуценттерҚан мен терЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміҚазақстандағы минералды ресурстарҒабиден МұстафинГлюкозаХалықаралық еңбектiк миграцияЭкологияНорвегияӘбу Насыр Әл-ФарабиКиіз үйОтырар кітапханасыТұқым қуалайтын ауруларКарбон қышқылдарыҰлықбекТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровАрқарVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріБүйрекХимия өнеркәсібіТерроризмҚазақ газеті🡆 More