Еврейлер: семит халықтарының бірі

Еврей (ивр.

יְהוּדִים‎ [йеhудим], идишше ייִדן/אידן [й/идн]), немесе Яһуди, ауызекі атауы жебірей, — бастапқы атауы және көне еврей халықтарынан тарайтын әртүрлі елдерде тұратын халықтардың жалпы этностық атауы. 2018 жылы еврейлердің саны Berman Jewish DataBank мәліметтері бойынша 14,6-17,8 миллион адамды құрады, оның 44,9% Израильде және 39% АҚШ-та тұрады.

ивр. יְהוּדִים
Еврейлер
Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы
Ең көп таралған аймақтар
Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы Израиль

6 772 000

Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы АҚШ

5 425 000-6 814 000

Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы Франция

478 000

Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы Канада

380 000

Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы Ұлыбритания

290 000

Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы Ресей

190 000

Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы Аргентина

181 500

Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы Германия

108 000

Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы Аустралия

112 500

Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы Бразилия

85 200

Тілдері

идиш тілі, иврит тілі

Діні

иудаизм

Тілі

Еуропа мен Америкада тұратын еврейлердің көпшілігі индоеуропалық тілдер әулетінің герман тобына жататын идиш тілінде сөйлейді. Израильде еврейлердің көп бөлігі семит әулетіне жататын иврит тілінде сөйлейді. Балкан мен Таяу шығыстағы еврейлердің бір бөлігі роман тобына жататын испаноль (ладино) тілінде сөйлейді.

Діні

Иуда діні еврейлердің этникалық бірлігін айқындайтын ең маңызды белгісі. Иудаизмнен басқа дінге өткендер еврей боп саналмаған.

Тарихы

Ерте заманғы Еврей этносы б.з.б. 2-ші мыңжылдықта қазіргі Палестина аумағында қалыптасқан. Б.з.б. 1-мыңжылдықта ежелгі еврей мемлекеттері - Израиль патшалығы мен Иудея патшалығы салтанат құрған. Біріншісін Ассирия (б.з.б. 722 жылы), екіншісін Вавилон мемлекеттері талқандаған соң еврейлер дүние жүзіне бытырап қоныс аудара бастаған. Еврейлердің едәуір бөлігі Таяу Шығыс, Батыс Азия, Солтүстік Африка және Оңтүстік Европа елдерін, оның ішінде ертедегі түркі мемлекеті Хазар қағанатын паналаған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында герман фашизмінің еврейлерді жаппай қырып-жоюға бағытталған саясаты салдарынан 6 миллион еврей құрбан болды. Соғыстан кейінгі жылдары еуропалық еврейлердің елеулі бөлігі АҚШ-қа, сондай-ақ 1948-ші жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы шешімімен құрылған Израиль мемлекетіне қоныс аударды.

Кәсібі

Еврейлердің дәстүрлі кәсібі егіншілік болған. Дәнді дақыл, жүзім, жеміс-жидек еккен. Орта ғасырларда, одан кейін де Еуропаның көптеген елдерінде, оның ішінде Ресейде еврейлердің құқығына, кәсібіне, әсіресе меншік иеленуіне, жер пайдалануына шек қоятын заңдар шығарылды. Бұл жағдай еврейлерді қалаларда оңаша қауымдарға (кагал) бірігіп оқшау орамдарда (гетто) тұруға мәжбүр етті. Онда еврейлер көбінесе саудамен, қолөнермен шұғылданды.

Мәдениеті

Еврейлер: Тілі, Діні, Тарихы 
Иерусалимдегі еврейлер

Туыстық жақындық әке жағынан саналғанмен көп уақыт бойы шешесі еврей болғандар ғана еврей ұлтына жатқызылып келген. Еврейлер шоғырланған елді-мекенде Иуда дінінің ғибадатханасы - синагога, салт-жоралғы өткізетін монша (миква) болады.

Ұлттық киімдері: ерлер - дұға оқуға арналған кестелі костюм (талит, талес, арбаканфес), ұзын шапан, кеудеше (лапсердак), әйелдер тұрмысқа шыққан соң парик киеді.

Ұлттық тағамдары: әр алуан дәм қосып, орап пісірген нан (хала), бәліш (гоменташи), тоқаш (маца).

Қасиетті діни кітаптары Таурат пен Талмуд мазмұнына ұқсас ертегі, аңыз әңгімелерді қамтитын ұлттық фольклоры, дәстүрлі әні мен би өнері дамыған.

Қазақстандағы еврейлер

Еврейлердің қазақ даласына келуі 6-ғасырдан басталады. 1870-ші жылы Верный қаласында (қазіргі Алматы) еврей қоғамы құрылды. 1884-ші жылы мамырда синагога пайда болды. 1897-ші жылы Верныйда 99 еврей, уезде қаламен қосқанда 177, ал 1910-шы жылы Верныйда 206, Ақтөбеде 35, Ақмолада 154 еврей болған. 1920–1930-шы жылдары Қазақстандағы еврейлер құрылыс бесжылдықтарына келген әрі саяси жер аударылғандар саны есебінен көбейген. 1926-шы жылы Қазақстанда 3 600, 1939-шы жылы 19 200 еврей болды.

1970–1980-ші жылы Қазақстандағы еврейлер саны азайған. Олардың көпшілігі Израилға немесе АҚШ, Канада мен Аустралия т.б. елдерге қоныс аударған. 2009-шы жылғы санақ бойынша Қазақстандағы еврейлердің саны 3 мыңның үстінде болды.

Тағы қараңыз

Әдебиеттер

  • Еврейлер // Ресей халықтары. Мәдениет және дін атласы — Мәскеу: Дизайн. Информация. Картография, 2010. — Б. 320. — ISBN 978-5-287-00718-8.
  • Немировский А. А. У истоков древнееврейского этногенеза. Ветхозаветное предание о патриархах и этнополитическая история Ближнего Востока. — М., 2001. — 268 c. — ISBN 5-85941-087-5
  • Гительман Ц. Беспокойный век: Евреи России и Советского Союза с 1881 ж. до наших дней. М.: — Новое литературное обозрение, 2008. — 512 с. — ISBN 978-5-86793-576-4
  • Н. И. Рутберг, И. Н. Пидевич. Евреи и еврейский вопрос в литературе советского периода. Хронологически-тематический указатель литературы, М.: Грант, 2000. — 598 с. — ISBN 5-89135-135-8
  • Евреи в России: История и культура. Сборник научных трудов — ред. Д. А. Эльяшевич. СПб, Издание Петербургский еврейский университет, 1998. — 394 с. — ISBN 5-88976-004-1

Дереккөздер

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Jews

Tags:

Еврейлер ТіліЕврейлер ДініЕврейлер ТарихыЕврейлер КәсібіЕврейлер МәдениетіЕврейлер Қазақстандағы еврейлерЕврейлер Тағы қараңызЕврейлер ӘдебиеттерЕврейлер ДереккөздерЕврейлер СілтемелерЕврейлерИврит тіліХалықЭтнос

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Күшейткіш үстеуҰшқан ұяБасты бетМезодермаАлғашқы көмекАққан жұлдыз (роман)КөлікҚара металлургияКөсемшеӨсімдіктер систематикасыАнемияДыбыстың сипаттамаларыАбортСәулетНАТОСалықЖақты сөйлемАлкендерШеңберҚазақ ұлттық киімдеріЖұмбақтасҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыАлматыОдағайМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміСөз тіркесіАлгоритмҚасым ҚайсеновҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріҚұс жолыТөле биОңтүстік АмерикаҚозы Көрпеш – Баян Сұлу кесенесіЭкологиялық факторСілтілік металдарҚазақстан танымал тұлғаларының тізіміМал шаруашылығыҚазақстанның экологиялық проблемаларыТемпераментРахат кондитер фабрикасыҰлыбританияСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Рентген сәулесіСәбит Мұқанұлы МұқановҚазақтың ұлттық ою-өрнегіЖануарларМұражайҚыстырма сөзМикроэлементтерТыныс белгілеріҚұлдықШарана шайқауЕңлік-КебекЖайықҚазақстан музейлеріЖарықтың шағылуыҚазақстан тарихыТеңіз жануарларыАбай облысыКорея РеспубликасыҚазақ өнеріСуӘбіш КекілбайұлыНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевҚазақтың атақты әнші-күйшілеріШоқжұлдызҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыЖай сөйлем және оның түрлеріҚытай қорғаныАуыл шаруашылығыҚобызАқсу-Жабағылы қорығыМіржақып ДулатұлыКөмір өнеркәсібіАшық тұқымдыларТаразҚазақстан географиясыМысыр🡆 More