Ханафи Мазһабы: сүнни исламдағы дәстүрлі төрт мазһабтың бірі

Ханафи мазһабы - алғашқы құрылған сунни фикһ мектебі.

Бұл мазһаб Имам Ағзам Әбу Ханифаға тән болғандықтан, Ханафи мазһабы деп аталады. Шын аты Нуғман болған Әбу Ханифа һижраның 80 жылы (милади 699 ж.) Куфада туылып, һижраның 150 ж. (милади 767 ж.) сол жерде қайтыс болады. Ханафи мазһабына кіретін ғалымдар Әбу Ханифаны «Имам Ағзам» (ұлы имам) деп атайды. Әбу Ханифа 20-дан асқан шағында Ирактың атақты факихы Хаммад бин Әбу Сүлейменнің мектебіне барып, сонда ұзақ жылдар бойы білім алады. Сол жерде Жафар Садық пен Мұхаммед Бақыр сияқты бір топ атақты ғалымдардан да дәріс алады. Ұстазы Хаммад қайтыс болғаннан кейін Әбу Ханифа оның орнын басып, шәкірттерге сабақ бере бастайды. Осылайша оның 40 жасыңда басталған ұстаздық (оқытушылық) міндеті өмірінің соңына дейін жалғасады. Ақылдылығы, білімділігі және дарындылығымен қоса, ол сауда-саттықпен де айналысады және адамдардың мәселелерін, қажеттіліктерін әрі бейімділіктерін жақсы түсіне білуі Әбу Ханифаның құқыққа қатысты көзқарастарының (иждихат) қабылданып, кеңінен қолданылуына себепші болады.

Әбу Ханифа сахабалардан дәріс алғандықтан «табиғин» мәртебесінде танылды. Оның Әбу Ханифа лақабы туралы нақты мәлімет жоқ. Ханифа атты ұлы да жоқ. Ибн Хажар ал-Хайсами, ол үнемі қолына дәуіт ұстап жүретіндіктен оған «Әбу Ханифа» деп аталды.

Қысқаша тарихы

Әбу Ханифа ұстаздарынан үйренген бұрынғы ұрпақтарға тән фикһ мирасын өзі өмір сүріп жатқан кезеңнің шарттары мен әдет-ғұрыптарын назарға ала отырып, діннің негізгі мақсаттары тұрғысынан қайта қарастыруды жөн көріп, шектеулі настардың (аяттар мен хадистер) өмірдің шексіз оқиғаларына толық жетуін қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етеді және настар мәселесінде ақылдың қолданылуына көп мән береді. Әсіресе, хадистердің үкім шығаруға қолданылуын барынша тығыз шарттарға байланыстырады, тіпті хадиске қарағанда жеке көзқарасына көп мән бергені үшін кінәлі болады. Қияспен қоса истихсан әдісін де көп қолдануы оның ақылға аса көп мән бергендігін көрсетеді. Қияс құқық мәселесінде жүйелі түрде ақылды қолдану деген мағынаны білдіреді. Ал истихсан болса, діннің жалпы қағидалары мен мақсаттары турасында еркін пікірлеу деген мағынаға келеді. Әбу Ханифа сахабалардың ортақ көзқарастарынан туындаған үкімдерді дәлел ретінде алып, пәтуалар берген. Сахабалар келіспеген мәселелерде олардың ішінен біреуінің көзқарасын алып, сахабалардың көзқарасынан тыс шықпаған. Әбу Ханифа берген пәтуаларында адам құқықтарының қорғалуын басты қағидалардың біріне айналдырған. Әбу Ханифаның шәкірттері мен достары оның білімін жалғастырып, оның қойған қағидалары мен ережелеріне бойұсына отырып, жасаған ижтихат іс-әрекеттері мен мазһабтың жүйелі түрдегі құрылымын толықтырған. Олардың басында Әбу Юсуф пен Мұхаммед болған.

Ханафи мазһабы Ирақта пайда болып, Аббасилер дәуірінде Әбу Юсуф бас қазы болған кезде ресми мазһабқа айналды. Ханафи мазһабы шығысқа қарай кеңінен тарала отырып, Хорасан мен Мәуереннахрда барынша дамыды. Осман мемлекетінде де Ханафи мазһабы мемлекеттің құқықтық тұрақтылығын және ортақ үкімнің шығарылуын қамтамасыз ету мақсатында ресми мазһаб ретінде қабылданады. Қазіргі таңда Ханафи мазһабы Түркия, Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орта Азиядағы түрік мемлекеттерінде, Қазақстанда кеңінен тараған.

Ханафи мазһабының кітаптары

I. Заһирур-Риуая,

II. Надирур-Риуая және

III. Уақиғат деп үшке бөлінеді.

Заһирур-Риуая кітаптары

I. Заһирур-Риуая мына алты кітаптан тұрады: 1. әл-Мәбсут, 2. әз-Зиядат. 3. әл-Жамиғус-Сағир, 4. әл-Жамиғул-Кәбир, 5. әс-Сиярус-Сағир, 6. әс-Сиярул-Кәбир. Имам Мұхаммед осы аталмыш алты кітапы мүтәуәтір жолмен Әбу Ханифа және Әбу Юсуфтан риуаят еткендігі үшін ішінде күмән жоқ деген мағынада «Заһирур Риуая» деп аталған. Сонымен бірге бұл кітаптарда Имам Мұхаммедтің көзқарастары да бар. Ханафи мәзһәбінің негізі осы кітаптардан алынғандықтан «әл-Усул» деп те аталады.

Надирур-Риуая кітаптары

II. Надирур-Риуая болса мына бес кітаптан құралады: 1. Кәйсәният (Имам Мұхаммедтен Шұғайб бин Сүлейман әл Кәйсәни риуаят еткендіктен осылай аталған) 2. Харуният (Харун Рашидке ұсынылғаны үшін осылай аталды) 3. Журжаният (Журжанда жазылғандығына байланысты немесе Али бин Салих әл-Журжани риуаят еткендіктен осы атауды алған) 4. Раққият (Имам Мұхаммед Раққада Қазы болған кезінде шешкен мәселелерін қамтығандығынан осылай аталды) 5. Зиядатуз-Зиядат. Бұл кітаптарға Науадирур Риуая немесе Ғайру Заһирир Риуая деп аталуының себебі, бұл кітаптардың риуаяты мүтәуәтір дәрежесіне жетпегендігінен болып табылады.

Уақиғат кітаптары

III. Уақиғат төмендегі екі кітаптан тұрады: 1. ән-Нәуәзил, 2. әл-Фатауа.

Дереккөздер


Tags:

Ханафи Мазһабы Қысқаша тарихыХанафи Мазһабы Ханафи мазһабының кітаптарыХанафи Мазһабы ДереккөздерХанафи МазһабыИмам Ағзам Әбу ХанифаИракФикһҚұқық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақша жыл санауКонституцияҮтір намазыТыныс алу жүйесіҚазақстанҰйқы безіНаймандарМайларЖамбыл ЖабайұлыАлаш партиясыҚадыр Мырза ӘліСуӘлем елдерінің тізіміҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыРесей империясының құрамындағы ҚазақстанҮкіЛексикаОразаАндроново мәдениетіДара сөздер мен күрделі сөздерОксидтерТері ауруларыПатша өкіметінің көші-қон саясатыҚатерлі ісікТүйсікҒаламдық экологиялық проблемаларАуыл шаруашылығыҰрыс ханТозаңдануҚазақстан Республикасының ҮкіметіКирхгоф ережелеріӨсімдік ұлпасыҚарақұм құрылтайыЖүктілік кезіндегі гестоз ауруыДемографияӘл-Бақара сүресіАхмет БайтұрсынұлыӨтКәлимәҚазақ хандарыПопуляцияГемоглобин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісЖасыл балдырларЕсілТүркістан автономиясыЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚаңлыларҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіЖұмабай ШаяхметовХлорофиллДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруАқтабан шұбырындыБұлшық етСахабаларИнсулинЖаңа білім беру жүйесіБиосфераОңтүстік ҚазақстанКөнерген сөздерҚос сөзТеңіз балдырларыТанымал қазақтардың тізіміҚазақстан астанасыЭмоцияҚұрмалас сөйлемҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЭлектрокардиографияКерей ханҚоңыратАқтөбеЖасушаМақал-мәтелдерЖелтоқсан көтерілісіСинтаксисМінез-құлықЖарапазанГормондар🡆 More