Юнисеф

ЮНИСЕФ немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ағылш: United Nations International Children's Emergency Fund; UNICEF) — БҰҰ-ның негізгі мекемелерінің бірі,екінші жаһан соғысы тауқыметін тартқан Еуропа балаларына гуманитарлық көмек қоры.

1946 ж. 11 желтоқсанда II-дүниежүзілік соғыстан тікелей зардап шеккен елдердің балаларына көмектесу үшін уақытша ұйым ретінде құрылған. Алғаш “Балаларға көмек көрсететін халықаралық төтенше қор” деп аталды. 1953 ж.

БҰҰ Балалар қоры
ағылш. United Nations International Children's Emergency Fund
Штаб-пәтер:

Юнисеф АҚШ, Нью-Йорк

Ұйым түрі:

Қор

Басшылары
Бас директор

Хенриетта Фор

Құрылуы
Құрылуының ресми датасы

11 желтоқсан 1946 жыл

unicef.org
Ортаққор логотипі ЮНИСЕФ Ортаққорда

БасАссамблеяныңшешімімен ол БҰҰ құрылымының бір жүйесі ретінде бекітілді.

БҰҰ Балалар қоры тек соғыс зардабына ұшырағандар ғана емес, сонымен бірге ашаршылық пен індет жайлаған, босқыншылық көрген елдердің балаларына да қол ұшын береді. Қордың басқарушы органы — Басқармасы 3 жылға сайланады. Қор Хатшылығын БҰҰ-ның Бас хатшысы тағайындайтын атқарушы-директор басқарады. Қазіргі кезде БҰҰ Балалар қорына 50-ден аса мемл. мүше.

Штаб-пәтері — Нью-Йоркте.

1994 ж. Қазақстанда БҰҰ Балалар қорының өкілдігі құрылды. 1995 ж. мамырда Қазақстан үкіметімен бірлесіп, әлеум. және экон. қайта құру жағдайында балалар мен аналарды қорғаудың 5 жылдық бағдарламасын жасады. Бұл кешенді бағдарламаның негізгі бағыттары — ана мен бала денсаулығын сақтау, бастауыш білім беру ісін жетілдіру, экологиялық-санитарлық көмекті дамыту, ана мен бала құқығын қорғау шараларын жүзеге асыру.

Қор Қазақстанда “Арал теңізі: региондық және техникалық көмек жобасы” атты кешенді шараларды ұйымдастырып, аймақ тұрғындарына көмектесу мақсатында жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ БҰҰ Балалар қоры дәрі-дәрмекпен, мед. құрал-жабдықтармен және мектепті негізгі керек-жарақтармен, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету ісінде көптеген қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс жасап отырады. 1965 ж. қорға балалар үшін жүргізген қызметіне орай Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді. Негізгі мақсаты: ана мен баланың денсаулығын қорғау, тамақтандыру, сумен жабдықтау, санитария, білім беру, балалардың мүдделерін қорғау. Қор тек қана ерікті қайырымдылық есебінен жұмыс жасайды. Мұндай қайырымдылықтың басым бөлігі үкіметтерден, қалған қаражат жеке тұлғалар мен компаниялардан түседі. ЮНИСЕФ әлемнің 100-ден астам елінің балаларына көмек көрсетеді.

БҰҰ-ның балалар қоры мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасындағы негізгі келісімге 1994 ж. 25 қарашада қол қойылды. ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Үкіметімен бірлесіп жасасқан ең үлкен ұлттық жобасы – АСПЕРА – “Арал теңізі: аймақтық және экологиялық көмек”. Мұнда Қызылорда облысының Арал өңіріндегі аудандарының аталмыш мәселелерін шешуге көмек көрсету көзделді. 2018 жылы ЮНИСЕФ 27 миллион нәрестенің туылуына көмектесті, шамамен 65,5 миллион балаға пентавалентті вакциналар енгізді, 12 миллион балаға білім берді, төрт миллион баланы ауыр тамақтанудан емдеді және 90 елдегі 285 гуманитарлық төтенше жағдайға әрекет етті.

2020 жылғы COVID-19 пандемиясында ЮНИСЕФ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және басқа да агенттіктермен бірге салауатты бала тәрбиесі туралы нұсқаулықтар жариялады.

ЮНИСЕФ бағдарламалары балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін қоғамдастық деңгейіндегі қызметтерді дамытуға баса назар аударады. Оның жұмысының көп бөлігі далада, онда 150 елдік кеңселер, штаб -пәтерлер мен басқа да қондырғылар және 34 «ұлттық комитеттер» бар, олар қабылдаушы үкіметтермен әзірленген бағдарламалар арқылы өз миссиясын жүзеге асырады.

Жеті аймақтық кеңсе қажет болған жағдайда елдік кеңселерге техникалық көмек көрсетеді, ал оның Копенгаген мен Нью-Йоркте орналасқан Жеткізу бөлімі 3 миллиард доллардан астам көмек пен қызметтер көрсетуге көмектеседі.

ЮНИСЕФ аймақтық кеңселері

Келесі елдерде ЮНИСЕФ -тің аймақтық кеңселері орналасқан.

  • Америка мен Кариб бассейнінің аймақтық кеңсесі, Панама қаласы, Панама
  • Еуропа және Орталық Азия аймақтық офисі, Женева, Швейцария
  • Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймақтық офисі, Бангкок, Таиланд
  • Шығыс және Оңтүстік Африканың аймақтық кеңсесі, Найроби, Кения
  • Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың аймақтық кеңсесі, Амман, Иордания
  • Оңтүстік Азия аймақтық офисі, Катманду, Непал
  • Батыс және Орталық Африка аймақтық офисі, Сенегал

Дереккөздер:


Tags:

Ағылшын тіліБіріккен Ұлттар ҰйымыЕкінші дүниежүзілік соғысЕуропаҚор

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыПайдалы қазбаларҰлы Отан соғысыОрта ғасырлардағы мәдениетЖанрҰрықМитозШвейцарияКөмірАйтысЭндокриңді бездерТұқым қуалайтын өзгергіштікШығыс Қазақстан облысыҚазақстанның пайдалы қазбаларыГенетикаЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевСпортҚазақстандағы саяси партияларБесеудің хатыНегіздерКүш моментіКаспий теңізіАзаматтық қоғамҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыСаңырауқұлақтарШыңғыс ханКүн жүйесіДүниежүзінің табиғат ресурстарыСолтүстік Америка18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыТұмар ханшаСақтарТүрік қағанатыСоқырішекМорфология (лингвистика)Америка–Жапон шарттарыЭкологиялық жүйеЭстрогенМысықОттегіТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевАқмола облысыЖүрек-қантамырлар жүйесіШығыс ҚазақстанТегеран конференциясыЭволюцияЭлектр тогыТүпті жуаЕсімдікБасынқы сөйлемИранАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыБаяндауышМонархияТау жынысыБірінші дүниежүзілік соғысҚасым АманжоловМәлік ҒабдуллинТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЖәнібек ханБейбітшілікАцетиленЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОРоботЕуразиялық Экономикалық ОдақФилипп Исаевич ГолощёкинӘпке (драма)Адам ағзасындағы химиялық элементтерҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыТіршілік үшін күресАрыстан баб кесенесіӨсімдіктер систематикасыНарықтық экономикаҒылыми-техникалық революцияЖаңа білім беру жүйесіЕжелгі РимҮш Жүз партиясы🡆 More