Экспрессионизм (фр.
Еуропадағы 20 ғасырдың 2-ширегінде болған әлеуметтік дағдарысқа (1-дүниежүзілік соғыс пен оған ұласқан төңкерістік дүмпуді қамтиды, шамамен 1905 – 20 жылға дейін) жауап ретінде көрініс тапты. Экспрессионизм сол кезеңде өз заманындағы өркениет жұтаңдығына қарсылық көрсету ретінде пайда болды. Өнерде экспрессионизм принциптері 20 ғасырдағы кескіндемешілер П.Гоген (Франция), В.Ван-Гог (Голландия), Эдвард Мунк (Норвегия), Дж. Энсор (Бельгия) шығарм-нан көрініс тапты. Германияда экспрессионистік бірлестіктер “Көпір” (1905, мүшелері Э.Л. Кирхнер, М.Пехштейн, Э.Хеккель, т.б.), “Көк салт атты” (1911 – 12, өкілдері В.В. Кандинский, Ф.Марк, т.б.) пайда болды. Бұл ағым 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Германия (кескіндемеші К.Шмидт-Ротлуф, мүсінші В.Лембрук, археологиялар Р.Штейнер, Э.Мендельзон, Х.Пельциг) мен Австрияда (кескіндемеші О.Кокошка) кең өріс алды. Экспрессионизм ағымынан түрлі бағыттар бой көрсетті:
Әсіресе паталогия мен психикалық күйзеліске ұшыраудың түпкі себептерін түсіндіруге баса назар аударылды. Кейіпкер бейнесі белгілі бір нәрсеге негізделіп жасалды. Сөйтіп ол сұлбалық маскаға айналды да адамның абдырап, алас ұрған сезім дүниесін ашуға қызмет етті. Мұның өзі спектакльде негізгі екпінді патетик. декламация мен символикаға, яғни актерлік ойынның шартты болуына алып келді. Спектакльдегі әрекет тез алмасып отыратын эпизодтарға бөлшектенді, соның нәтижесінде мизансценалар қозғалыссыз, эмоциялық жағынан бір-біріне қарама-қарсы құрылуымен айрықша көзге түсті. Сахнадағы сәуле-жарыққа (көбіне түсініксіз, үрей мен тылсым жан түршігершілік бояуды күшейту мақсатымен) көп көңіл бөлінді; декорацияларды безендіруде қиғаш, көлбеу жазықтықтар қолданылды. Кейде сахнадағы заттар кейіпкерлердің ойы мен сезімін білдіре отырып, олардың эмоциясы мен түсінік-ұғымы заттық түрге айналды. Экспресионист-режиссерлер үлкен адамгершілік пен филос. мәселелерді көтеру мақсатымен классикалық драматургия шығармаларын (У.Шекспир, Ф.Шиллер, т.б.) қоюға ұмтылыс жасаса да, мұндай шығармалар экспрессионизмнің эстетикалық принциптері рухында қойылды.
1923 жылға қарай Германияның театр өнерінде экспрессионизм басты бағыт болудан қалды. Бұл жөнінде экспрессионизмді неміс театрының озық ойлы қайраткерлерінің (Б.Брехт, т.б.) сынға алуы айтарлықтай рөл атқарды. 20 ғасырдың 30-жылдары ТМД елдерінде экспрессионизм ықпалы жұмысшы жастар театры тәжірибесінен бой көрсетті. Мысалы, Ресейде Е.Б. Вахтангов, В.Э. Мейерхольд, А.Я. Таиров, экспрессионизм Қазақстанда И.Г. Боров, т.б. сынды режиссерлердің кейбір қойылымдарынан экспрессионизм белгілері байқалды. Кинодағы экспрессионизм 1920 жылдардағы экспрессионизмге тән қарама-қарсы жарық пен пошымшылдық декорацияға құрылып, кейіпкерлерін мистикалық тұрғыдан бейнелеген “Калигари доктордың бөлмесі” (1920, режиссер Р.Вине), “Балауыз мүсіндер бөлмесі” (1923, режиссер П.Лени) атты неміс фильмдерінен көрініс тапты. Жантүршігерлік қорқынышты, тығырыққа тірелген жазмыштан құтылмайтын, т.б. тақырыптарға құру экспрессионистік фильмдерге тән қасиет болды. Экспрессионизм әсері француздың “Авангард” бірлестігі қызметінен (“Механикалық балет” фильмі, режиссер Ф.Леже, т.б.), Ресейде – ФЭКС (Эксцентрикалық актер фабрикасы) (“Шинель”, режиссерлер Г.М. Козинцев пен Л.З. Трауберг) тобының шығарм. тәжірибесінен байқалды.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Экспрессионизм, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.