Холестерин

Холестерин (холестерол) (көне грекше: χολή — «өт» және көне грекше: στερεός — «қатты») —— стериндер тобына жататын органикалық зат, химиялық формуласы - C27H46O (10R,13R)-10,13-диметил-17-(6-метилгептан-2-ил)-2,3,4,7,8,9,11,12,14,15,16,17-додекагидро-1H-циклопентафенантрен-3-ол.

Холестерин
Холестерин

Табиғатта кең тараған және ең маңызды стерин. Жасуша мембранасының құрамына енетін жоғары май қышқылдарымен күрделі эфирлер түзеді. Сондықтан жануарлар организмінің барлық жасушаларында әсіресе бүйрек үсті безі, ми, бауыр, жұмыртқаның сарыуызында көп болады.

Қандағы холестериннің қалыпты әдеттегі мөлшері 180—260 миллиграмм (0,18 — 0,26%) болады. Оның көбеюі атеросклероз, ксантоматоз, бауырды май басу, т.б. аурулардың дамуын тездетеді. Холестерин организмдегі өт қышқылының, бүйрек үсті безі гормонының, жыныс гормонының, D3 провитаминінің түзілуіне қатысады, жасуша қабырғасының өткізгіштік қасиетін де реттейді. Холестериннің алмасу процесі бұзылса, холестерин мен оның туындылары қан тамырларының қабырғасына шөгіп (атеросклероз), өтте кристалды холестерин пайда болып, тас байлану процесі жүреді. Холестерин жануарлар майынан алынады.

Холестерол биосинтезі

Холестерол эфирінің (холестеридтің) түзілуі

Лимфадағы жəне қан плазмасындағы холестеролдар ақуыздармен байланысып, липопротеиндер құрайды. Плазмадағы холестеролдың үштен екі бөлігіндейі май қышқылдарымен этерленген. Негізінде холестерол эфирлері фосфатидилхолинмен өзара əрекеттесу кезінде пайда болады. Фосфатидилхолин құрамында 2-жағдайдағы май қышқылы қалдығын холестеролдың гидроксильдік тобына ауыстыруды лецитинхолестеролацилтрансфераза (ЛХАТ) ферменті катализдейді.

Холестеролды жəне оның эфирлерін тасымалдау

Қан плазмасында холестеролдың көпшілігі ақуызбен байланысқан түрінде липопротеин түрінде тасымалданады. Холестерол эфирлері де осындай формада тасымалданады да тиісті жасушаларына жеткізіледі. Жасуша бетінде липопротеиндердің ерекше рецепторларымен холестерол-липопротеин комплексы байланысады. Ерекше қышқыл липаза холестерол эфирлерін гидролиздеп ыдыратады, бос холестеролды пайдаға асыруын жасуша өзі реттейді.


Холестерин көбеюі

Өттегі сұйық заты холестериннің деңгейін емдік шөптерден тұнба жасау арқылы төмендетуге болады. Ол үшін қырыққабат, қызылша, алма, бүлдірген, итбүлдірген, жидек, сарымсақ, пияз, теңіз қырыққабатын көбірек пайдаланыңыз. Әрі күніне жарты стақан қырыққұлақ пен қара шомыр шырындарына бал қосып ішіңіз. Оған доланадан әзірлеген шайдың да пайдасы зор. Оны әзірлеуге көп уақытыңыз кетпейді. Мәселен, 20 долана жидегін ыстық суға салып қайнатып, 2 сағат тұндырасыз. Кейін дайын болған тұнбаны күніне бірнеше рет ішіп, дертіңізге дәру табасыз.

Дереккөздер


Tags:

Холестерин Холестерол биосинтезіХолестерин көбеюіХолестерин ДереккөздерХолестеринЕжелгі грек тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бұлшық етАустралияЖасанды интеллектҚыстырма сөзАқындар айтысыШерхан Мұртазаұлы МұртазаБейнелеу өнеріКөкпарФотосинтезБидай (астық)ОмонимОрыс асханасыШиеМеталдарТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевАлаш автономиясыАлгоритмАвтотрофтарГендік инженерияЭкспрессионизмҚазақстандағы туризмОттегіКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысИранКонсументтерПайдалы қазбаларҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыЖануарларҚұрмалас сөйлемАлланың есімдеріҚазақстанның мемлекеттік құрылымыАлпамыс батырТүйелерҚарлығаштарҮтірНаурыз мейрамыҚазақ мәдениетіЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Халықаралық балалар күніМейозІлияс ЖансүгіровАқ Орда (мемлекет)Қоршаған ортаның ластануыСөйлем мүшелеріМодернизмАлтынемел ұлттық паркіЭкономикалық қатынасПлацентаЖарықтың шағылуыКенесары ханМитозЖарықАрыстан баб кесенесіӨсімдік селекциясыТуризмҒылыми стильЖеңіс күніҚазақстанның жеті кереметіБарбаросса жоспарыЖүрек ауруларыЭкологиялық жүйеАмерика–Жапон шарттарыАналық жыныс жасушасыСақтарГемоглобинБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевАлкендерМағжан Бекенұлы ЖұмабаевМұнай экспорттаушы елдер ұйымыҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевЭндемикЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарҒабиден МұстафинМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыАзамат соғысыМахаббат, қызық мол жылдарҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем🡆 More