Тауықтәрізділер

Тауықтәрізділер (лат.

Тауықтәрізділер
Қазбалық ауқымы: Эоцен-Recent, 45–0 Ma possible Late Cretaceous records
Gallus sonneratii
Gallus sonneratii
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Кіші табы: Желпіқұйрықты құстар
Ықшам табы: Neognathae
Сабы: Galliformes
Тұқымдастары

Cracidae
Megapodiidae
Numididae
Odontophoridae
Қырғауылдар тұқымдасы


Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 – 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 – 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі – өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі.


Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Дереккөздер


Tags:

Латын тіліҚұстар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қант диабетіЭлектрондық сандық қолтаңбаБразилияКүн жүйесіЖылқыҚаратпа сөзЭссеӘлкей Хақанұлы МарғұланҰрықБаланы қырқынан шығаруЖұқпалы ауруларҚорқыт атаМұқағали Сүлейменұлы МақатаевМамыргүлБейбітшілікАтомАрқарШығыс Қазақстан облысыМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Қазақстанның пайдалы қазбаларыТөл сөзМағжан Бекенұлы ЖұмабаевЖалпы ішкі өнімҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіҚазақстанның кен ресурстарыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстанның тұңғыш мектептеріТабиғатты қорғауӘл-Фатиха сүресіҚарағайҰшқан ұяНаурыз мейрамыҚазақстан халқы ассамблеясыБіріккен Ұлттар ҰйымыҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемҚазақстан теңгесіКөкжөтелДәрілік өсімдіктерТарих философиясыКөлденең жолақты ет ұлпасыБәдікБуддизмҚасым ханАлаш қозғалысыТаразӨнерОралхан БөкейОтырарИсламДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруҰлыбританияКаспий теңізіЕжелгі Рим өнеріАссонансСын есімҚозы Көрпеш – Баян СұлуЭкологиялық апатСаяси мәдениетСын есімнің шырайларыАмёбаҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміӘлем макроаймақтары (БҰҰ)Қазақстан көлдеріЭволюцияҚазақстан 2030Қазақ батырлар тізіміҚызмет көрсетуАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміТерроризмҚазақстан және БҰҰСаясатБақытсыз ЖамалҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміЕгемендікXV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіҚазақстандағы экологиялық проблемаларАлкиндер🡆 More