Силур Кезеңі

Силур кезеңі
443.7—416 млн ж. бұрын
Сурет:SilurianGlobal.jpg
Кезең бойы атмосферадағы O2 орташа есесі шам. 14 % көлемі
(заманауи деңгейден 70 %)
Кезең бойы атмосферадағы CO2 орташа есесі шам. 4500 ppm
(индустрияландыру алдындағы деңгейден 16 рет көп)
Кезең бойы жер бетінің орташа қызымы шам. 17°C
(заманауи деңгейден 3°C жоғары)
Силур оқиғалары
Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу
-445 —
-440 —
-435 —
-430 —
-425 —
-420 —
-415 —
 
 
 
Llandovery
Wenlock
Ludlow
Pridoli
 
 
Lau event
Mulde event
Ireviken
event
Key events of the Silurian period.
Axis scale: millions of years ago.

Силурпалеозой заманын құрайтын алты кезеңнің үшіншісі (443,7-416 млн. жыл).

Силур кезеңінің аяғы өз шыңына жеткен каледон орогенезі мен палеозойдағы бірнеше шөгінді бассейннің толтырылуымен белгіленеді.

Силур жүйесі

Палеозой бірлестігіне қарасты төменнен санағанда үшінші жүйе; екі бөлімге (төменгі және жоғарғы), төрт ярусқа ( төменнен жоғары қарай — лландоверн, венлок, лудлов және пржидоль) жіктеледі. Силур жүйесі, силур дәуірі (Ұлыбританияның Уэльс графтығын мекендеген байырғы кельттердің силур тайпасына байланысты қойылған) — палеозой эратемасының ордовиктен кейінгі, девонның алдындағы үшінші кезеңі. Ұзақтығы 27,7 млн. жылды қамтып, осыдан 444 млн. жыл бұрын басталып, 416 млн. жыл бұрын аяқталған. Силур жүйесін ғылымға алғаш 1835 жылы ағылшын геологы Р.Мурчисон (1792 — 1871) енгізген. Силур жүйесі екі бөлімге жіктеледі (кестені қ.). Силур жүйесінің бас кезінде Гондвана Оңт. жарты шарда, Австралиядан басқасы оның жоғарғы ендіктерінде болды. Гондвана бетінде болған трансгрессия Солтүстік Америка, Солтүстік және Батыс Африканы, Арабияны шарпыды. Япетуста (Протоатлант мұхиты) бастапқы кеңею, кезеңнің соңында жабылу үрдісі өткен. Япетустың таралуы мезгілінде Палеотетистің Шығыс бөлігінде Циляньшанның осьтік белдемі көтеріле бастаған. Орал-Охотск белдеуінің орта бөлігінде жаңа спрединг осі пайда болып, Палеоазия мұхитының ұзына бойына созылды. Ол Обь бойымен, Зайсан көлі маңынан Қытай арқылы Оңтүстік Моңғолияға, одан әрі Дунбейді (Қытай) басып Охот және Жапон теңізіне өткен. Қазақстанның орогендік алқабында жұрнақ теңіз алаптарының ауданы азайып, қыратты және таулы жерлер көбейген. Балқаш көлі мен Кетмен жотасы аралығында теңіз ойысында шығанақтарды шектеген риф массивтері қалыптасты. Уэнлок ғасырынан бастап, геосинклиналдық аймақтарда қатпарлану, қозғалыстар өрістеп каледондық таулы қатпарлар қалыптасып, теңіздер кейін шегіне бастады. Қатпарлы таулар Сарыарқаның солтүстігі мен батысында (Көкшетау, Ұлытау-Қаратау доғасы), Солтүстік Тянь-Шань орнында да көтерілді. Орал-Моңғол теңіз айдынының ортасында көлемді құрлық Қазақ макромойнағы пайда болды. Алтай — Саян тау сілемдері қалыптасып, Сібір платформасының аумағын өсірді. Силур жүйесінің соңында барлық көне платформалар тұрақты жазық құрлыққа айналып, рельеф жаңарды, таулар шыңдалды. Каледон тау қатпарларында жер жарылғандықтан магма жоғары көтеріліп, көптеген интрузиялық тау жыныстары қалыптасты, металл кендері түзілді. Тіршілік әлемі. Гондвана бетінде болған трансгрессия салдарынан силур жүйесінің органикклық дүниесі палеозоймен салыстырғанда бай және әр түрлі болып келеді. Мұнда омыртқасыздардың барлық кластарының қалыптасуы аяқталып, омыртқалылардың ең алғашқы қарапайым түрлері пайда бола бастады. Фауна мен флора теңіздерде тіршілік етіп, құрлықты жоғары сатылы өсімдіктер жайлай бастады. Теңіздерде граптолиттер, трилобиттер, мшанкалар, тікентерілілер, теңіз балдырлары үстем болды. Құрлықта мүктер, саңырауқұлақтар, жоғары сатылы өсімдіктер — риниофиттер, ең соңында қарапайым қырықбуындар пайда болған. Кезеңнің соңында граптолиттер, трилобиттер, наутилидтер өле бастады. Алғашқы нағыз балықтар — акантодтар, одан кештеу жағалық жазықтарда алғашқы жоғары сатылы өсімдіктер (псилофиттер) пайда болды. Псилофиттердің қалдықтары Қазақстанның жоғарғы силур түзілімдерінен табылған. Климаты. Силур жүйесінің басында барлық континенттерде біршама салқын ауа-райы басым болған. Бұл кезеңнің жұқа мұздықты қат-қабаттары Боливияда, Солтүстік Аргентинада, Шығыс Бразилияда белгілі. Пайдалы қазбалары. АҚШ-тың кейбір мұнай шоғырлары силур жүйесінде түзілген. Силур жүйесінің шөгінді түзілімдерінің (тастұз қабаттары) ірі қорлары Солтүстік Америка платформасында шоғырланған. Клинтондағы (АҚШ) оолитті темір кендері және Африкадағы шағын кен орындары мен кенбілінімдер Силур жүйесінде жаралған. Каледондық қышқыл интрузияларымен Солтүстік Қазақстан, Темірші Алатауы, Таулы Шория алтынды кен орындары байланысады.

Силур Кезеңі 
Cooksonia, көне ыдыс секілді өсімдік, орта силур

Силур дәуірі теңіздерінің мекендеушілері

Силур кезеңі

Палеозой эрасының ұзақтығы шамамен 30 млн. жылмен өлшенетін үшінші геологиялық кезеңі. Бұдан 438 — 408 млн. жылдар бұрынғы уақыт аралығын қамтыған.

Силур кезеңі
Лландовери Уенлок Ладлоу Придоли
Руддан | Айрон
Телихий
Шейнвуд | Хомерий Горст | Ладфорд
Палеозой заманы
Кембрий Ордовик Силур Девон Карбон Перм

Дереккөздер


Tags:

Силур Кезеңі Силур жүйесіСилур Кезеңі Силур дәуірі теңіздерінің мекендеушілеріСилур Кезеңі Силур кезеңіСилур Кезеңі ДереккөздерСилур Кезеңі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Оңтүстік АмерикаҒаламдық экологиялық проблемаларЭкстремизмСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Қазақтың ұлттық тағамдарыМәшһүр Жүсіп КөпейұлыҚызғалдақТабиғи газТұздар (химия)ИнтернетАлғашқы қайта өрлеу дәуіріАхмет БайтұрсынұлыМетонимияЖерРим империясыАлтын ОрдаЭритроциттерКаспий экологиясыСарматтарЕуразияӘйтеке биӨңдеуші өнеркәсіпҚоршаған ортаМорфология (лингвистика)Жеті қазынаҮтірЭмбрионМайларТұрар РысқұловФранцияАқпараттық қауіпсіздікМенің атым Қожа (фильм)Хақназар ханМәтінҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерАйқындауышКітапханаҚышқылЖошы ханЖәңгір-Керей ханҚант диабетіӘл-Фатиха сүресіҚұрманғазы Сағырбайұлы38-атқыштар дивизиясыТүрік қағанатыОксидтерПродуценттерСыбайлас жемқорлықМагнитТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріШыршаТүркістан автономиясыСөз тіркесіБидай (астық)КартопИнтеграцияМемлекеттік басқару формасыМұхтар Омарханұлы ӘуезовӘпке (драма)Рақымжан ҚошқарбаевӘуе көлігіҚазақстан демографиясыСалауатҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеЖасушаның бөлінуіҚазақстан және БҰҰКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыНұркен ӘбдіровСарқылмайтын ресурстарХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыАзамат соғысыҚазақстан қалаларыКөлік кешеніҚарағанды облысыАлғашқы көмекАқ Орда (мемлекет)Қорқыт атаТемекі шегу🡆 More