Ордовик Кезеңі

Ордовик кезеңі (лат.

Палеозой эрасының ұзақтығы 67 млн. жылмен өлшенетін екінші геологиялық кезеңі.

Ордовик Кезеңі

Жалпы мәліметтер

Ұзақтығы 44,6 млн. ж.. Терминді алғаш ағылшын геологі Ч.Лапуорс ұсынған (1879). Жеке геологиялық жүйе ретінде Халықаралық геологиялық конгрестің 21-сессиясында бекітілді (1960). Ордовик жүйесі төменгі, ортаңғы және жоғарғы үш бөлімнен тұрады. Оның әрқайсысы бірнеше жікқабат (ярус) пен белдемдерге бөлінеді. Қазақстанда Ордовиктің шөгінді түзілімдері жөнінде алғашқы нақты мағлұматтар 19 ғасырдың екінші жартысында Баянауыл ауданында (А.К. Мейстер) және Шу-Іле тауларында (Г.Д. Романов) органик. қалдықтардың (триболиттердің) табылуына байланысты алынды. Ордовик түзілімдері Н.Г. Кассин, Г.И Водорезов, Г.Ц. Медоев, Е.Д. Шлыгин, Н.Г. Марков, т.б. ғалымдардың зерттеулерінің арқасында Қазақстанның басқа да өңірлерінен табылып, жүйелі зерттеулер 2-дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Б.М. Келлердің басшылығымен Оңтүстік Қазақстанда Ордовиктің бірінші биостратиграфиялық сұлбасы жасалды. Бұл сұлба Қазақстандағы Ордовик түзілімдерінің негізі болды. Осы бағытта Солтүстік Қазақстанда (М.Н. Королева және ММУ қызметкерлері Н.П. Четвериков, т.б.), Орталық және Шығыс Қазақстанда (О.П. Ковалев, Л.Е. Попов, т.б.) көп жұмыстар атқарылды. І.Сәтбаев атындағы ГҒИ-дың ғалымдары (И.Ф. Никитин, М.К. Аполлонов, Д.Т. Цай, т.б.) Қазақстанның және Солтүстік Тянь-Шаньның алғашқы құрылымдық-фациальды аудандастыруын, палеогеография, палеотектоника негіздерін және осы аймақтың стратиграфиялық жүйесін жасады.

Палеогеографиясы мен шөгінділері

Ордовик Кезеңі 

Ордовик жүйесінде әсіресе ерте және орта замандарда жер қабатының көп бөлігін теңіздер мен мұхиттар басып жатты. Палеоалаптар платформалық (эпиконтиненттік), шеткі теңіздік, мұхиттық болып үш типке бөлінді. Платформалық тип жер қабығының тұрақты телімдерінде дамыған және олар негізінен теңіздің саяз жерінде карбонатты шөгінділер жиналған тұста кездеседі. Шеткі теңіздік тип мұхиттар мен құрлықтардың тектоник. жылжымалы шекарасында дамыған. Мұндай жерлерде жанартаулық белсенді әрекет басым байқалады. Оларға тереңдігі әр түрлі таяз қайраңдар, терең ойыстар мен шұңғымалар, сынық және кесек шөгінділер, кремнийлі, карбонатты жиылымдар, лава және туфтардың қалың қабаттары тән. Соңғы мұхиттық типке терең сулы кремнийлі шөгінділер, вулканиттерден тұратын орта мұхиттық жоталар, мұхиттық аралдар мен су асты таулары тән. Ордовик түзілімдері Қазақстан аумағының шығыс жартысында және солтүстік-батысында (оңтүстік Орал) тараған. Құрылымдық тұрғыдан олар палеозой дәуірінің Орал – Қазақстан – моңғол – Охот қатпарлы белдеуінің бөлігі. Ордовик жүйесінің негізгі құрылымды-фациалды және палеогеографиялық элементтеріне жықпыл (кулис), доғал аралдар тәрізді орналасқан Көкшетау – Бетпақдала – Солтүстік Тянь-Шань және Бозщакөл – Шыңғыс – Тарбағатай жанартаулық белдемі жатады. Оларға жанаса орналасқан доға алды және доға аралық майысулар (Есіл – Қаратау, Сілеті – Шу – Іле, Ерейментау – Бұрынтау, Мойынты – Оңтүстік Жоңғар) да кіреді. Доғалы аралдар аймағы үлкен мөлшерде жанартаутекті және жанартаутекті-шөгінді жиылымдарымен сипатталады. Палеогеографиялық жағынан Қазақстан Ордовик жүйесінде экваторлық белдеудің тропиктік климатына жатады.

Органикалық дүниесі

Ордовик Кезеңі 

Ордовик жүйесінде теңіздерде тіршілік еткен омыртқасыз жәндіктер мен балдырлар көп тарады, құрлықты тек бактериялар мен балдырлар ғана мекендеді. Теңіздерде трилобиттер, граптолиттер, ішек қуыстылардың кластары, иін аяқтылар, тікен терілілердің кластары, бас аяқтылардың наутилидтер отряды, жылы теңіздерде 50 м-ге дейінгі тереңдікте әкті жасыл және қызыл балдырлар көп тараған. Кезеңнің аяғында олардың көптеген туыс-тұқымдары жойылып кеткен. Теңіз балдырлары мен ішек қуыстылар теңіз түбінде рифтер түзіп, көлемді әк тасты тау жыныстарын құрады. Ордовик теңіздерін радиолярлар, фораминифералар, губкалар, қосжақтаулы және бауыр аяқты моллюскілер де мекендеген. Жүйе жыныстарынан ең көне омыртқалылардың – балық тәрізді бас сүйексіздер тістерінің, құрттардың таңбасы да табылды.

Пайдалы қазындылар.

Ордовик магматизмінде түзілген мұнай және газ (солтүстік Америка), жанғыш тақтатас, фосфорит кен орындарының маңызы зор. Қазақстанда төменгі және ортаңғы Ордовиктің кремнийлі қабаты барит (Шығанақ) кен орындарымен, шағын темір және марганец кен орындары стратиформалы қорғасын-мырышты шоғырларымен (Текелі кен ауданы), алтын және полиметалл кен орындары көміртекті-кремнийлі-карбонатты формациялармен байланысты. Сондай-ақ, Ордовик магматизмімен мыс кендерінің (Ақбастау, Қосмұрын, т.б.) колчеданды кен орындары байланысты екендігі анықталған.

Дереккөздер


Tags:

Ордовик Кезеңі Жалпы мәліметтерОрдовик Кезеңі Палеогеографиясы мен шөгінділеріОрдовик Кезеңі Органикалық дүниесіОрдовик Кезеңі Пайдалы қазындылар.Ордовик Кезеңі ДереккөздерОрдовик КезеңіКембрийЛатын тіліПалеозойСилурСтратиграфия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан 2030Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..ГеосаясатСаңырауқұлақтарҚазақ қолөнеріҚазақтың арқар-мериносыМезозойЖалғауКөкжөтелЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміМорфология (лингвистика)ДостықМутацияРақымжан ҚошқарбаевКомпьютерлік желіДінҚожа Ахмет ЯсауиТитанСолтүстік АмерикаСперматозоидЖылқыӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)ВолейболҚазақстан мемлекеттік рәміздеріШымкентЭлектр тогыҚазақстан теңгесіАналық жыныс безіСалт-дәстүрЖапонияҰйқы безіФантастикаТеатрЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріМеталдарОттегіЖалаң сөйлемМахамбет ӨтемісұлыЖұлынСалауатҚазақ әліпбиіӘлеуметтік инфрақұрылымТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровҚарахан мемлекетіМемлекетМәскеу шайқасыШылауЭкологияАстрономияБір жасушалыларЮНЕСКОТуыстық атауларыКөлікКүй аңызы (әңгіме)ҰрықжолдастыларӨсімдіктерҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеЮпитерҚазақстан аудандарыКаспий экологиясыОксидтерСинонимАшық тұқымдыларҚазақстан мейрамдарыАктинОрганикалық қосылыстарСолтүстік Қазақстан облысыӨңдеуші өнеркәсіпОрманМарсСәкен СейфуллинҚазақстандағы экологиялық проблемаларҮш Жүз партиясыҚасым ханТәуелсіз Қазақстан тарихыҚазақстанның экономикалық аудандарыЭволюцияИспания🡆 More