Өсімдік Органы Тамыр

Тамыр (лат.

Өсімдік Органы Тамыр Басқа мағыналар үшін Тамыр деген бетті қараңыз.
Өсімдік Органы Тамыр
Өсімдік Органы Тамыр

Кейбір өсімдіктерде Тамырда қоректік зат жиналады, атпа тамырлы өсімдіктер Тамырымен вегетативті көбейеді. Гүлді өсімдіктердің Тамыры тұқымның қрығынан басталады және бұны алғашқы тамыр деп атайды. Тамыр бой конусындағы өсу нүктесі жасушалары бөлінуі нәтижесінде ұшынан өседі.

Тамыр түрлері

Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп бөлінеді.

  1. Негізгі тамыр - Тамырдың ұрықтан өсіп шыққан түрі. Өсімдік сабағы мен бұл Тамыр аралығындағы жер тамыр мойны (сабақтың топыраққа кіре берген жеріндегі жіңішкелеу жері). Негізгі тамыр тұқымының ұрық тамыршасынан дамиды.Ол төмен қарай бағытталып,топыраққа тереңдей береді.Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады (жіп тәрізді (мысалы, зығыр), шашақ тәрізді (көбінесе астық тұқымдас өсімдіктерде), білеу түрі (бұршақ тұқымдас өсімдіктерде) кездеседі).
  2. Жанама тамыр - негізгі тамырдан тарайды.
  3. Қосалқы тамыр - құрылысы күрделі өсімдіктердің жапырақтары мен перицикл қабатынан өсіп шығады. Қосалқы тамыр дара жарнақты және көп жылдық қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының түп жағынан және тұқым жарнағының астыңғы қылтасынан дамиды. Пияздың түбіртегі, орамажапырақтың көсеу сабағы сияқты түрі өзгерген, сабақтардан да қосалқы сабақ өседі. Қосалқы тамыр Тамыр жүйесін ұлғайтады, негізгі және жанама тамыр жоқ жағдайда олардың қызметін атқарады, бұның кесіндісімен өсімдікті вегетативті көбейтуге болады.

Тамырдың сирек кездесетін түрлері де болады. Мысалы, ассимиляциялаушы тамыр, аспа тамыр, атпа тамыр, баған тамыр, балдақ тамыр, жемдік тамыр, емізік тамыр, тыныс тамыр, ілмек тамыр, түйнекшелі тамыр.

Тамырдың бөлімшелері

Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне байланысты келесі аймақтарға бөлінеді: тамыр оймақшасы, бөліну аймағы, созылу (өсу) аймағы, сору аймағы, өткізгіш аймағы деп бөлінеді.

Тамыр оймақшасы

Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабатындағы жасушалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды. Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді.Тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап қорғап тұрады.

Бөліну аймағы

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортанғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортанғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.

Созылу (өсу) аймағы

Созылу (өсу) бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіледі.

Сору аймағы

Сору бөлімі өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамы түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінде түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орныны жаңа түктер шығып, жаңарып отырады. Тамыр түтіктерінің ұзындығы әр түрлі. Әр бір түк - жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы жане вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.

Өткізу бөлімі

Су мен онда еріген қоректі заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды,жанама тамырлар дамиды.

Тамыр жүйесі

Кез келген өсімдіктің барлық тамырлары бір-бірімен байланысты және олар тамыр жүйесін құрайды. Тамыр жүйесінің құрамына құрылысы әр түрлі тамырлар-негізгі, жанама және қосалқы тамырлар кіреді.

Негізгі тамыр ұрықтан өсіп шығады. Негізгі тамырдан жанама тамырлар таралады. Олар көбінесе сору аймағында пайда болады.

Қосалқы тамырлар өсімдіктің әр түрлі мүшелерінен өсіп шығады. Олар тамыр жүйесінің жаңаруынан немесе зақымдалудан, кесілуден кейін пайда болады. Қосалқы тамырлар тамыр жүйесінің топыраққа жанасу бетін ұлғайтады.

Өсімдіктің негізгі тамырлары әр түрлі болады. Мысалы, зығырдың негізгі тамырының ұшы аздап тармақталған және өзі жіңішке жіп тәрізді. Оның өте жақсы дамыған негізгі тамырынан ұсақ жанама тамырлар, ал жанама тамырлардың өзінен ұсақ тамырлар өседі. Ол тамырлар жіп тәрізді тамырлар деп аталады.

Астық тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі жиналыңқы келеді, олар шашақ тамыр деп аталады. Шашақ тамырда негізгі тамыр байқалмайды. Сабақтан тармақталған қосалқы тамырдың қалың шоғы өседі. Пияз, сарымсақ, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тарыда шашақ , тамыр жүйесі болады.

Негізгі тамыры өте жақсы жетілген өсімдіктердің тамыры білеу немесе кіндік тамыр деп аталады. Оларда негізгі тамыр өзінен шыққан жанама тамырмен салыстырғанда жуан және ұзын болып келеді, көзге бірден байқалады. Үрмебұршақ, асбұршақ, сәбіз, бақбақ,қауын, күнбағыс, т.б. тамырлары кіндік тамырға жатады. Кейбір өсімдіктердің негізгі тамыр жасушаларына қоректік заттар жиналады. Сондықтан олар жуандап пішіні тамырға ұқсамай қалады.

Тамыр жүйесіндегі тамырлардың көптігінен ол өте ұзын болады. Мысалы: жантақ тамырының ұзындығы 25-30м, ал тіқурайдікі шамамен 6м. Кез келген өсімдік тамырының жалпы аумағы оның жер үсті мүшелерінен әлдеқайда артық болады. Жылыжайда өсірілген қарабидайдың барлық тамырының жалпы ұзындығы шамамен 623 км-дей болған. Бұл Алматы мен Семей қалаларының арақашықтығындай.

Тамырда кездесетін процестер

Тамырда геотропизм, гидротропизм, термотропизм, хемотропизм процестері де кездеседі.

Тамырдың түрөзгерістері

Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері əртүрлі орта жағдайларына түрін өзгерту арқылы бейімделуін "түрөзгеріс" (метаморфоз) дейді.

Жемтамырлар

Органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгереді. Мысалы: сəбіз, қызылша, шомыр, шалқан жəне т.б. Жемтамырлардағы қорға жиналған қоректік заттарды өсімдіктер көктемде пайдаланады. Жемтамырлар асханалық қызылша, сəбіз, шомыр, тарна (брюква), ақжелкен жəне техникалық (қант қызылшасы, шашыратқы) деп бөлінеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Жемтамырлы өсімдіктер екіжылдық өсімдіктерге жатады, шалғамнан басқа. Бірінші жылы жемтамыр дамыса, екінші жылы сол жемтамырдан сабақ, гүлі шығып, жеміс береді.

Тіреу тамырлар

Тіреу тамырлар - тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр. Мысалы, үнді фикусы басқа ағаштың діңіне жабысвп өседі. Дами келе қосалқы тамырлар шығып ұзарып, топыраққа(жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейіп, жуандайды.

Туреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Үлкен бөрікбасы мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.

Тыныс алу қызметін атқаратын тамырлары бар өсімдіктер оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өседі. Ауа тамырлары болады, ол сабақтан өседі. Ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады (мангр ағашы, айтұқым (плюш), монстера, сауыр ағашы жəне т.б.) қосалқы тамырларға жатады. Олар ағаш қабығынан сырғып аққан жаңбыр суын сіңіреді.

Түйнекті тамыp

Нарғызгүл (георгин), тəтті картоп, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды. Сондықтан жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады.

Жемтамырдан түйнектамырдың айырмашылығы жемтамырдың тек негізгі тамырына ғана қоректік заттар жиналады. Жанама тамырлары өзгеріссіз қалады. Түйнектамырда тарамдалған тамырлардың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамырлар түйнектамырға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнектамырлар өсімдік қыстап шығу үшін жəне жыныссыз көбею үшін керек.

Пайдалануы

Көптеген тамырдың тағамдық, шаруашылық үлкен маңызы бар, оларда крахмал, қант, май, алколоид, бояу заттары болады. Медицинада, өнеркәсіпте және табиғатта құм, жыра-сай беткейін бекітуге пайдаланады.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Roots

Тағы қараңыз

Tags:

Өсімдік Органы Тамыр Тамыр түрлеріӨсімдік Органы Тамыр Тамырдың бөлімшелеріӨсімдік Органы Тамыр Тамыр жүйесіӨсімдік Органы Тамыр Тамырда кездесетін процестерӨсімдік Органы Тамыр Тамырдың түрөзгерістеріӨсімдік Органы Тамыр ПайдалануыӨсімдік Органы Тамыр ДереккөздерӨсімдік Органы Тамыр Тағы қараңызӨсімдік Органы ТамырЛатын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қаракесек (Арғын)ДыбысБақбақЖануарларҮндестік заңыДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевТері ауруларыБерішМұхтар ШахановКорея Республикасы1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріӘлкей Хақанұлы МарғұланІштің қатуыҚазақстанның пайдалы қазбаларыБесеудің хатыКрест жорықтарыТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновТәттімбет ҚазанғапұлыОралхан БөкейҚанайналым жүйесіКриштиану РоналдуТеатрОтан қорғаушы күні (Қазақстан)Түркістан автономиясыКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысАристотельҚайта құру кезеңіҚасым ҚайсеновҚазақ хандарыОрталық АзияӨсімдіктерСырдарияҚателік сәждесіЗат есімМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҒабиден МұстафинРәтбай МырзақұловСаясатАлбан руыОсман империясыҚұнанбай ӨскенбайұлыТүркілерХимиялық элементтер тізіміҚазақстан халқыСахабаларҚазақ тіліМысМақалаҚант диабетіҚұтадғу білікАминдерГеморройТөле биАбайдың қара сөздеріБасты бетҚазақстандағы «қайта құру» саясатыЖаңа экономикалық саясатОртағасырҚұқықтық мемлекетБекзат Сейілханұлы СаттархановThe Goddess BunnyГлюкозаБіріккен сөздерСалалас құрмалас сөйлемҰйықтатын дәрілерРобототехникаАқпараттық қауіпсіздікҚазақстан мейрамдарыАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміОрталық ҚазақстанТас дәуіріКиіз үйҚұндылықИслам пайғамбарларыЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміТынық мұхитҒұсылТолқын ЗабироваДүниежүзілік сауда ұйымы🡆 More