Шалқан

Шалқан (Brassіs rapa) — орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік туысы; көкөніс дақылы.

Жеуге жарамды тамыржемісі ақ немесе сары түсті болады.

Шалқан
Шалқан

Бірінші жылы жапырағы мен етжеңді тамыр жемісі жетіледі, екінші жылы гүлдейді және тұқым береді. Гүлшоғыры қалқанша тәрізді, түсі қызғылт сары, сарғыш. Жемісі — сопақша келген бұршаққын. Шалқан жәндіктер арқылы айқас тозаңданады, суыққа төзімді, ылғал сүйгіш өсімдік. 12 — 20°С темп-рада жақсы өседі. Вегетациялық дәуірі 60 — 85 тәулік. Тамыржемісінде 8,5 — 16,9% құрғақ зат (оның жартысы қант), 22 — 73 мг% С, В1, В2 витамині, каротин, қыша майы, тағы басқа болады. Шалқанды жастай, пісіріп, қуырып тағамға пайдаланылады. Шалқанның Петровский-Қ, Майская, Желтая зеленоголовая-172, Миланская белая красноголовая-283 сорттары аудандастырылған. Шалқан саздақ және құмды топырақта жақсы өседі. Тұқымын көктемде себеді. Егістіктің әр гектарын 10 — 15 кг фосфорлы және калийлі тыңайтқыштармен үстеп қоректендіреді. Шалқанның әр гектарынан 150-ден 350 ц-ге дейін өнім жиналады.

Сілтемелер

Дереккөздер

Tags:

КөкөнісОрамжапырақ тұқымдасы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ТуризмОсип Андреевич ИгельстромІлияс ЖансүгіровОралхан БөкейУақытша Сібір үкіметіОтбасыИспанияФонетикаҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыКөркем әдебиет стиліҒаламшарБатыс Қазақстан облысыАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіКөкжөтелАцетилсалицил қышқылыҚазақстан аудандарыЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріСүреЮНЕСКОГигиенаҚант диабетіЕжелгі Рим өнеріАнтигитлерлік коалицияҒұндарАбортАвторлық құқықӘл-Ихлас сүресіҚұралайдың салқыныАустралияАқтабан шұбырындыКіші жүздің Ресейге қосылуыМитохондрияҚазақстандағы хандық биліктің жойылуыҚорғалжын қорығыМұражайСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыНарықтық экономика1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысФерменттерТүргеш қағанатыСинтаксисБиотехнологияНүктелі үтірОқшау сөздерҚазақстан темір жолыМинералСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваЕуропаЖасушаТеңеуАҚШ экономикасыБастың ауыруыЖүйке жасушаларыЭлектр тізбегіАлматыҒұндар мемлекетіҚолдан сұрыптауТыныс белгілеріЖелтоқсан көтерілісіЖеті атаДНҚСөз таптарыҚыпшақ хандығыМайларҚазақстандағы көмірТас дәуіріТырнақшаТәуелдік жалғауКөнерген сөздерҚазақстан 2050Жоғары молекулалы қосылыстарАдам даму индексіМикроорганизмМіржақып ДулатұлыШолпан (ғаламшар)🡆 More