Стоматит (көне грекше: στόμα – ауыз) – ауыздың шырышты-кілегей қабығының қабынуы.
Клиникалық ағымына қарай стоматиттың жедел және созылмалы түрлері бар. Егер қабыну тілде болса – глоссит, ал қызыл иекте болса – гингивит деп атайды. Аурудың пайда болу себептері:
Сондай-ақ стоматит жыныстық жетілу кезінде немесе ақыл тіс кеш шыққанда дамиды. Стоматиттің қай түрінде де ауыздың шырышты қабығы қызарады, сілекей аға бастайды, жақасты лимфа түйіндерінің айналасындағы тіндер ісінеді. Дақ, бөртпе, бұдыр-төмпешіктер пайда болып, кейде олар іріңдеп, жараға айналуы мүмкін. Стоматитті емдеу тәсілдері аурудың негізгі себебіне қарсы бағытталады. Ауру белгісі пайда болысымен ауыз қуысын көмір тотығы, фурациллин, калий перманганаты (ашық қызғылт түсті) ерітінділерімен шаю керек. Физиотерапия жолымен, шырғанақ майымен де емделеді. ==Акрил стоматиті==. Акрилден ауыздың қабынуы. Протез базисінде акрилды пластмассаның монамері мөлшерден көп болған соң, шырышты қабыққа зиян тигізіп, ауыз қуысының қабынуына әкеп соғады.
Аллергиядан ауыздың қабынуы. Әр алуан аллергендер (микробты, дәрі-дәрмек, аутоаллергин т. б.) сенсибилизация туғызып, ағзаның сезімталдығын күшейтіп ауыз ішін қабындырады. Зақымдайтын элементтерге полиморфизм (эр түрлілік) тән, яғни күлдіреуік, күлдіреу, жаралар, теңбіл, қызарған, қан кернеген орындар өзара қабаттасып бөртеді.
Соз кеселін қоздыратын микроб гонококк. Гонококк жүмсақ таңдай, тіл үстінің ортасын, тіл үзбесін, қызыл иек және төменгі ерінді қабындырады. Ауызда сарғыштау гоиококктері бар ірің бөлініп шығады. Қабыну кезінде ауыз шырышты қабығы қызарып іседі, асқынғанда жарылады.
Антибиотикті көп пайдалану ауыз қуысындағы микрофлора тепе-теңдігін бүзады, кортикостеройдтарды артық жұмсау ағзаның қарсыласу күіііін әлсіретеді және т. б. себептер кандидоз ауруына алып келеді. Ауыз шырышты қабығын қан кернейді, ерін, ұрт, тіл үстінде нүкте тәрізді ақ дақтар пайда болады да, кейін жайылып ақ таңдаққа айналады. Ауыздың уылуы күшейген кезде иек қанағыш келеді, жара пайда бола бастайды.
Никотиннің шырышты қабықты тітіркендіруінен болатын ауыздың қабынуы. Ерін, ұрт шырышты қабығының түсі қызыл-көктеніп, эпителий мүйізденгендіктен бозғылт тартады.
Кейбір дәрілер жақпағанда немесе белгілі бір медикаменттерге ағзаның сезімталдығы артқанда тез арада пайда болады. Әсіресе йод, новокаин, сульфаниламид және антибиотиктерден (тетрациклин тобы) ауыз жиі қабынады. Жалақ, жара, күлдіреуік, ақ таңдақтанғанып бөрткен жағдайда бұл кеселдің өзіне тән белгісін ажырату қиынға соғады.
Қызылша вирусі денеге енген соң қан арқылы ауыз эпителийін зақымдайды. Сонымен бірге тыныс алу, ас қорыту, көз, орталық жүйке жүйесі және қан тамыр жасушаларда ауруға шалдығады. Ауыз іші эпителий тканьдері сіріленіп, кедір-бұдырланады. Шырышты қабықтың беті сыдырылып түседі.
Бұл кезде адам әлсізденіп, көк бауыр маңы ауырады, температурасы сәл ғана көтеріліп, қан құрамы өзгереді. Ауыз шырышты қабығы бозғылт тартып, қызыл иек қанап, некроз (шіру) ошағының сүйек тканіне дейін жетеді.
Мойын, қол асты т. б. без түйіндері ұлғаяды. Лейкемия жасушалық кернеу (инфильтрация) салдарынан қызыл иек, тіл, бадамша бездері шіриді, кейде тканьге қан кету жиілей түседі.
Бұл вирустан қозатын жедел жұқпалы ауру. Ерін маңындагы күлдіреу кеуіи орны қабыршықтанады. Ауыз ішіндегі күлдіреуіктер жарылып, дөңгелектеніп жалақтанады да, бірте-бірте ойық жараға айналады.
РР (никотин қышқылы) дәрцменнің жеткіліксіздігінен болатын созылмалы ауру. Ауру кезінде таңдай, ұрт, тіл, ерін, қызыл иек шырышты қабығында күлдіреуік бөртіп шығады. Күлдіреуіктер жарылып орны жалақтанып ауырады. Ерін тілініп, құрғайды, тіл ісіп қызыл күреңденіп шетінде тістердің ізі таңбаланып көрінеді.
Сынап буы үзақ уақыт ағзаға әсер еткеннен болатын ауру. Науқастың басы ауырып, ұйқышыл әрі шаршағыш келеді. Бұл кезде қызыл иек қанап, тіл ауырып, сілекей көп бөлінеді. Ауыздан темір дәмі кетпейді. Ақыл тістің арт жағы және алдыңғы тістердің шырышты қабығы жиі зардап шегеді. Қызыл иек шеті қара қоңыр болып жиектеніп, ауыздан жағымсыз иіс шығады.
Ауыз қуысы мен жұтқыншақ қатпарларында ұршық тәрізді спирохет бактерияларынан пайда болатын ауру. Бұл қызыл иек, ұрт, таңдай, бадамша бездерінде жиі кездеседі. Ақ сары түсті таңдақтар бірте-бірте шіріп, шырышты қабыққа, бұлшық ет пен сүйекке дейін жайылады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — медицина бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Стоматит, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.