Температура

Температура (лат.

Егер оқшауланған немесе тұйықталған жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйде болса, онда оқшауланған немесе тұйықталған жүйенің кез келген бөлігінде температура бірдей болады. Ал егер жүйе тепе-теңдік күйде болмаса, онда жылу (энергия) оның температурасы жоғары бөлігінен температурасы төмен бөлігіне қарай ауысып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүйенің барлық бөліктеріндегі температура өзара теңеседі. Молекула кинетикалық теория тұрғысынан тепе-теңдіктегі жүйенің температурасы сол жүйені құрайтын атомдардың, молекулалардың, т.б. бөлшектердің жылулық қозғалысының қарқындылығын сипаттайды. Мысалы, классикалық статистикалық физиканың заңдарымен сипатталатын жүйе үшін бөлшектердің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы жүйенің абсолют температурасына тура пропорционал болады. Бұл жағдайда температура дененің жылыну (қызу) дәрежесін сипаттайды. Жалпы жағдайда температура жүйе энергиясының энтропия бойынша алынған туындысымен анықталады және ол әрқашан оң болады. Осылай анықталған температура абсолют температура немесе термодинамикалық шкала температурасы деп аталады. Бірліктердің халықаралық жүйесінде абсолют температураның бірлігіне кельвин (К) қабылданған. Көп жағдайда температураны Цельсий шкаласы (t) бойынша өлшейді. Ал t және Т бір-бірімен: t=T-273,15К теңдігі арқылы байланысқан (мұнда Цельсий градусы кельвинге тең). Дене температурасы термометр арқылы өлшенеді.

Температура
Механикалық термометр
Температура
Ұзақ уақыттық орташа айлық жер беті ауа температурасы картасы Mollweide проекциясында.
Температура
Әлемдегі жылдық орташа температура

Температуралық шкаласы

Температуралық шкаласы- қалыпты кысым кезінде мұздың еру нүктесі нөл градусқа, ал қайнау нүктесі - 80 градусқа теӊ.

Абсолют температура. Кельвин температуралық шкаласы

Абсолюттік температура ұғымын 1848 жылы У.Томсон (Кельвин) енгізгенді. Абсолют температура шкаласын Кельвин температуралық шкаласы немесе термодинамикалық температура шкаласы деп атайды. Егер зат -273,15⁰C температурада газ күйінде қалса газдың қысымы да нөлге тең болады. Осы температураны жаңа температуралық шкалада бастапқы санақ нүктесі ретінде қабылдады. Кельвин температуралық шкаласы- температура бірлігі ретінде кельвин (К) алынатын термодинамикалык температуралык шкала.

Ремюр температуралық шкаласы

Ремюр температуралық шкаласы - қалыпты қысымда мұздың еру нүктесі нөл градусқа, ал судың қайнау нүктесі 80 градусқа сәйкес келетін температуралық шкала. Мұздың еру температурасы 0 градусқа сәйкес келеді.

Фаренгейт температуралық шкаласы

Фаренгейт темературалық шкаласы - қалыпты қысымда мұздың еру нүктесі 32 градуска, ал судың кайнау нүктесі 212 градуска сәйкес келетін температуралық шкала.

Цельсий температуралық шкаласы

Цельсий темературалық шкаласы - калыпты кысымда мұздың еру нүктесі нөл градуска, ал судың кайнау нүктесі 100 градуска сәйкес келетін температуралык шкала.

Температура
Температура
Температура
Температура
Температура
Температура
Температура
Температура

Сілтемелер

Tags:

Температура лық шкаласыТемпература Абсолют температура. Кельвин температуралық шкаласыТемпература Ремюр температуралық шкаласыТемпература Фаренгейт температуралық шкаласыТемпература Цельсий температуралық шкаласыТемпература СілтемелерТемператураКельвинЛатын тіліТермодинамикаТермометрФизикалық шама

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Аралтөбе (көне қорым)АИВ/ЖИТСАқбөкенЕтістікКөмірсуларХимия өнеркәсібіЕсім ханАустралияӘйтеке биАсан қайғы СәбитұлыАхмет БайтұрсынұлыЖалпы ішкі өнімМәшһүр Жүсіп КөпейұлыӨнеркәсіпМұнай экспорттаушы елдер ұйымыАстық шаруашылығыӘбілхан ҚастеевҚыпшақтарКерей ханКүн (жұлдыз)Қозғалыс (зат)Жалаң сөйлемБалқашМенің атым Қожа (повесть)Шерхан Мұртазаұлы МұртазаАтом ядросыШвейцарияДүниежүзілік көрме (2017)Қазақстан 2030Публицистикалық стильЖасушаДінҚазақстан Республикасының КонституциясыЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуМезозойАсқорыту мүшелеріКөкжөтелКомпьютерлік вирусЕкінші дүниежүзілік соғысҒарышХромосомаларҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміАнтигитлерлік коалицияДидактикаЫңғайлас салалас сөйлемИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚара құрдымҚазақ қолөнеріҚазақстан қорықтарының тізіміКөзімнің қарасы...АзотЭкологияШыңғыс ханҚазақ философиясыМұқағали Сүлейменұлы МақатаевАрал теңізіВирустарАқпараттық қауіпсіздікҚазақстанның Қызыл кітабыАксонҚазақстанның мұнай өнеркәсібіМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Қарағанды металлургия комбинатыҚара металлургияКаспий экологиясыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыӘлем елдерінің тізіміНаурыз мейрамыАлғашқы көмекЖай сөйлем және оның түрлеріШеңберБасынқы сөйлемКеңес Одағының БатырыМутацияҚазақ ұлттық киімдеріБастауышЫбырай Алтынсарин🡆 More