Аллергия

Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы.

Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше pollen — шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек.

Аллергия
Аллергиялық реакциялар
A.
Өсімдік тозаңы - аллергеннің бір түрі.
A.
Үй тозаңы кенесі.

Дереккөздер

Tags:

АвстрияАллергенАнафилаксияБронхитВирусВитаминГаленДемікпеЕжелгі грек тіліЕсекжемИонМикробНовокаинПенициллинРаушанХимия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Махаббат, қызық мол жылдарМұқағали Сүлейменұлы МақатаевМодернизмАзаматтық құқықӘлішер НауаиМикроорганизмСөз табыРесурстарҚайта құру кезеңіӨнеркәсіпҚазақстан мәдениетіТемпераментҚарлұқ қағанатыТүркістан (қала)Әуе көлігіТырнақшаҚазақстан халқының бірлігі күніЭлектр тогыАмерика Құрама ШтаттарыБактерияларКөші-қонҚұрмалас сөйлемАлмазҚылмыстық құқықҚоршаған ортаның ластануыҚадыр Мырза ӘліАбылай ханЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуПиелонефритТұтынушы құқығыБұқаралық мәдениетПублицистикалық стильИранҚабанбай батырХалықаралық балалар күніЖүсіп БаласағұниЖыныссыз көбеюЕуропаЖылқыОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыОрыстарАИВ/ЖИТСБауырымен жорғалаушыларҚажығали МұханбетқалиұлыҚыпшақтарҚазақстан Республикасының КонституциясыМюнхен келісіміМәшһүр Жүсіп КөпейұлыЭлектрокардиографияИнтернетҮтірҚорғалжын қорығыЗар Заман ақындарыҚоғамдық санаЖалғауАлғашқы қайта өрлеу дәуіріҚызыл кітапГендік инженерияАсқорыту мүшелеріКүкіртЖүрек-қантамырлар жүйесіҚазақстан тарихыЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОТәуке ханАлғашқы көмекЖасушаның бөлінуіҰлықбекДыбысАнемияКүкірт қышқылыДамушы елдерЖіктік жалғауФотосинтезНарықЕртісҰлыбританияСұлтанәлі Базарбайұлы Балғабай🡆 More