Қоғамдық Сана

Қоғамдық сана — қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.

Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, ұлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі мүмкін, яғни артта қалып қоюы. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бұқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлеріне: саясат, құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады.

қоғамдық таптар - ортақ мүдделері және құқылықтары бар әлеуметтік тұрақты (салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы, буржуазия, орта тап және т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо және т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай да бір өндірістік әдістермен байланыстырды, таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады және пролетариатта буржуазияны күшпен төңкеріп тастау және тапсыз қоғам құру тапсырмасын жүктеді. Әлеуметтануда қоғамды тапқа және әлеуметтік топтарға (жастық, экономикалық, кәсіби, құқықтар мен міндеттер жүйесі, әлеуметтік мәртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастары, басқа да факторларға сай әлеуметтік жіктелу және ықпалдасу процесіне орай араларында әріптестік, бәсекелестік немесе қақтығыс туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптер негізінде реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады.

Дереккөздер



Tags:

АдамҚауымдастық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚазақстанЖетісуЛипидтерЗекетЭкологиялық проблемаФидель КастроШарын шатқалыҚазақстан аумағындағы казак әскерлеріҰлыбританияТолқын ЗабироваОңтүстік АмерикаӨсімдіктерАқбілек (роман)Фатима ҒабитоваЖәндіктерТүргеш қағанатыҚазақ философиясыҚазақстандағы туризмҚояндарҰлуларБесеудің хатыКриштиану РоналдуЕтісҚатерлі ісікОтырар апатыӘн-Нас сүресіҚыз ЖібекТүркістан автономиясыҚұрмалас сөйлемЭндокриңді бездерАстана қаласының бас мешітіМұхитЖамбыл ЖабайұлыАминдерШығай ханБөгенбай батырАнықтауышВирустарҚазақстан экономикасыҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақ хандарыҚазақстандағы саяси партияларШөмекейЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановТамаЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларАс беруПсихологияның зерттеу әдістеріБронхитСын есімЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОЗат алмасуИслам күнтізбесіБатыс ҚазақстанАбай Құнанбайұлының шығармаларыОлдувэй мәдениетіҚырғи қабақ соғысыТоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров1921-1922 жылдардағы ашаршылықҚайта құру кезеңіАғылшын тіліТәңірӘл-Фатиха сүресіРақымжан ҚошқарбаевЖиенКатализТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновШәмші ҚалдаяқовҚорықтарЗәр шығару жүйесіҚағбаФёдор Михайлович ДостоевскийСолтүстік ҚазақстанКүкірт қышқылыҚажымұқан МұңайтпасұлыКөне түркі жазбаларыСан есімБотай мәдениеті🡆 More