Есекжем

Есекжем (есекжемді қызба) — көптеген күлдіреумен және қышымамен жіті немесе созылмалы түрде өтетін тері ауруы.

Аллергиялық есекжем және аллергиялық емес есекжем деп бөлінеді. Аллергиялық есекжем азық-түліктер, дәрі-дәрмектер әсерінен пайда болады. Аллергиялық емес есекжем морфин, кодеин, декстран және қалақаймен, медузамен, жұлдыз құртпен, актиниялармен жұғысқанда пайда болады.

A.

Есекжем (urtіcarіa) — теріде және шырышты қабатта кенеттен қызарып, күлдіреп, қышымалы бөртпелер түрінде болатын ауру; денені қалақай шаққан кездегі күлдіреуікке ұқсайды. Есекжемнің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел түрі — кейбір тағамдардың (жұмыртқа, құлпынай, шоколад, бал, цитрустар, т.б.) және дәрі-дәрмектің (көбінесе, антибиотиктердің) организмге кері әсер етуінің салдары. Сондай-ақ, организмдегі аллергиялық реакция нәтижесінде де пайда болады. Созылмалы түрі, немесе мезгіл-мезгіл қайталайтын, кейде бірнеше айға дейін созылатын Есекжем, әдетте, ішкі мүшелердегі (бауыр, ішек-қарын жолы, бүйрек) ауруларға, организмдегі зат алмасудың бұзылуына, іштегі гельминттерге немесе баяу өтетін инфекцияға (бадамшаның созылмалы қабынуы — тонзиллит, мұрын, құлақ қуыстарының қабынуы) байланысты. Мұндай кезде ауру кенеттен басталады. Күлдіреуіктердің пішіні мен көлемі әр түрлі, түсі ашық қызғылт, ортасы ақ. Көп жағдайда күлдіреуік бірнеше сағаттан кейін ешқандай із қалдырмай өзінен-өзі басылады. Кейде ауру ұзаққа созылып, науқастың қызуы көтеріліп, мазасы кетеді. Көмейдің кілегей қабығында бөртпе болғанда адам жөтеліп, тұншығады. Емді дәрігер тағайындайды. Ауырған адамға сүт, өсімдік тағамдары беріледі, әсіресе, аллергия тудыратын тағамдарды, ащы және сүрленген тағамдарды жеуге болмайды. Қышыманы басу үшін салқын компресс, жылы ванна қолданады, теріге спирттік ерітінділер (қырмызыгүл, 2%-тік салицил, арақ, т.б.) жағады. Тамақтың немесе дәрі-дәрмектің әсерінен болған Есекжемде ең алдымен клизмамен ішті тазалап, көп мөлшерде су ішкізеді. Ауру қайталамас үшін науқас дәрігердің берген нұсқауын бұлжытпай орындағаны жөн.

Дереккөздер


Tags:

АллергияАуру

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Киіз үйҮтірМәдениетАИВ/ЖИТСБиотехнологияҚазақстан Республикасының КонституциясыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіЖалайырҚағбаӨтКарта ойыныҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыЖелшешекМолекулаАтырауOAuth1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріТабиғатты қорғауҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріҚазақстандағы «қайта құру» саясатыЖәндіктерЕтістікТың игеруАқан серіШвейцарияҚазақ мәдениетіФёдор Михайлович ДостоевскийШығыс ҚазақстанОм заңыҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларЖиенЖоспарлы экономикаҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚазан төңкерісіПайғамбарКенелерҚасым ханМенің атым Қожа (повесть)Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарҚажылықШанхай Ынтымақтастық ҰйымыЖылқыНамаз уақытыШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовФилософияМоңғол империясыДүниежүзілік шаруашылық жүйесіБақбақҚояндарАзаматтық қоғамЖамбыл облысыӨт айдайтын дәрілерТәуке ханХимиялық элементтердің периодтық жүйесіҚояншықАқ Орда (мемлекет)Абай және оның орыс достарыГемоглобинКриштиану РоналдуСаңырауқұлақтарБалиғат жасыИстиғфарМұнайТәңір тауыҰйғырларACE (Ninety One)ПневмонияЭнергияЕскендір ЗұлқарнайынКенесары ханДамушы елдерЭволюцияАвтомобиль маркаларының тізіміАзотКөңіл толқыны (күй)Модаль сөздерЭкологиялық жүйеАбылай хан🡆 More